Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

“Мен өзім “к“ арқылы жазамын: министр Сүлейменова “қыргүйек“ төңірегіндегі дау туралы

“Мен өзім “к“ арқылы жазамын: министр Сүлейменова “қыргүйек“ төңірегіндегі дау туралы

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айдың "қыркүйек" немесе "қыргүйек" деп жазылуына қатысты туындаған дауға пікір білдірді. Ол өзі "к" әрпі арқылы жазылатын нұсқаны қолданатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметте өткен брифингте журналистер Жұлдыз Сүлейменовадан неге мектептерде "қыргүйек" сөзін "г" әрпімен жаза бастағанын және бұл өзгеріс немен байланысты екенін сұрады.

Ведомство басшысы Оқу-ағарту министрлігі ешқандай жаңа ереже енгізбегенін атап өтті.

"Бұл өзгерістің Оқу-ағарту министрлігіне ешқандай қатысы жоқ. Негізінде, мәселе тіл біліміндегі өзгерістер туралы болып отыр. Бұл сұрақ мені де қызықтырған соң, ғалымдарымыздың, атап айтқанда, Рәбиға Сыздықтың ғылыми зерттеулеріне жүгінуіме тура келді", – деді Сүлейменова.

Бұл ретте министр "қыркүйек" сөзін "к" әрпімен жазатынын айтты.

"Мен өзім "к" қолданып, "қыркүйек" деп жазамын. Бізді кезінде сол ереже мен сол грамматикамен оқытқан", – деді министр.

Сүлейменованың айтуынша, бұл мәселені лингвистер 1980-жылдардан бері талқылап келеді. Сондай-ақ ол сөздің қолданылуына қатысты зерттеулерге сілтеме жасап, халықтың 93 пайызына жуығы "қыркүйек" нұсқасын пайдаланғанын айтты.

"Ешбір нұсқаны қате деп санауға болмайды"

Бұл ретте Сүлейменова қазіргі уақытта "қыркүйек" те, "қыргүйек" те қате деп есептелмеуі керек деген ұстанымда.

"Меніңше, "қыркүйек" деп "к" арқылы жазуды да, "қыргүйек" деп "г" арқылы жазуды да қате деп санауға болмайды. Біз қолданып жүрген "қыркүйек" нұсқасы - бізге қазақ тілі мұғалімдері үйреткен дүние. Олар бізге тиісті орфографиялық, грамматикалық және морфологиялық заңдылықтарды түсіндірген болатын", – деді министр.

Сүлейменованың пікірінше, дегенмен бұл дауға соңғы нүктені тіл мамандары қоюы тиіс.

"Егер біздің ғалымдар, Тіл білімі институты "қыргүйек" деп жазуды дұрыс деп санаса - бұл сөз қазір 2013 жылғы орфографиялық сөздікте осылай көрсетілген - онда біз ғалымдарға құлақ асуымыз керек деп есептеймін. Бұл мәселеде соңғы нүктені солар қоюы тиіс", – деді ол.

Сонымен, "қыркүйек" пе, әлде "қыргүйек" пе?

Бұған дейін Tengrinews.kz "қыркүйек" пен "қыргүйек" төңірегіндегі дауды зерделеген болатын.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті 2013 жылғы орфографиялық сөздікке сілтеме жасап, "қыргүйек" нұсқасын дұрыс деп атаған.

Оқу-ағарту министрі "к" арқылы жазуды қате деп санамағанымен, мектептерде балалардың "қыркүйек" деген жазуын "қыргүйек" деп түзетіп жатыр.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми хабарламаларында "қыркүйек" қолданылатынына назар аударғанбыз. Ведомстволардың ресми Telegram-арналарынан "қыргүйек" деп жазылған бірде-бір хабарлама таба алмадық.

Тағы оқыңыз: “Қыркүйек” әлде “қыргүйек”: Ғылым министрлігі дауға нүкте қойды

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:83
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қыркүйек 2026 13:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары