Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

“Мен тағы да такси жүргізіп жүрмін“. Мұңды видео кейіпкерінің Мөлдір Сүйіншәлі ТК нан пәтер күткеніне 4 жыл болды

“Мен тағы да такси жүргізіп жүрмін“. Мұңды видео кейіпкерінің Мөлдір Сүйіншәлі ТК нан пәтер күткеніне 4 жыл болды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Осыдан төрт жылға жуық уақыт бұрын Астана тұрғыны Әсел Омарова қолындағы нәрестесімен такси жүргізіп нәпақа тауып жүрген еді. Сол кезде бұл оқиға әлеуметтік желілерде тез тарап, "Біз біргеміз" қоғамдық қорының жетекшісі Перизат Қайрат (кейіннен ақша жымқыру дерегі бойынша сотталған) оған пәтер беремін деп уәде еткен болатын. Пәтерді белгілі құрылысшы Мөлдір Сүйіншәлі беруі тиіс еді - қазір ол тергеуге алынған. Арада жылдар өтсе де, баспана берілмеген. Мән-жайды Tengri Life анықтап көрді.

Уәде етілген пәтер

2022 жылдың күзінде бұл оқиға үлкен резонанс тудырды: әйел бес айлық қызымен такси жүргізіп жүрген. Оқиғаға Перизат Қайрат араласып, бейнекамералар алдында әйелге жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер сертификатын салтанатты түрде табыстады.

Әйел Мөлдір Сүйіншәліге тиесілі MM Group компаниясымен келісімшарт жасаған. 2023 жылы Перизат Қайрат Tengrinews.kz-ке әйелге пәтер 2022 жылдың желтоқсанында сыйланғанын, ал пайдалануға беру 2023 жылға жоспарланғанын айтты.

Оқиға жақсы аяқталғандай көрінген еді.

Сурет материал кейіпкерлерінен алынды

Алайда төрт жыл өтсе де, пәтер берілген жоқ.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

TengriNews | Қазақстан жаңалықтары (@tengrinewskz) жарияланымы

"Ешқандай баспана берілген жоқ"

Тілшімен сөйлесу барысында Әсел қайырымдылық жасаушылар уәде еткен баспана мәселесі төрт жыл ішінде бір қадам да алға жылжымағанын айтты.

Оның сөзінше, бұл "бір-екі адам емес, бүкіл ел алдында" жасалған жария мәлімдеме болған, бірақ баспанаға әлі де қолы жетпеген.

"Сол уәделер уәде күйінде қалды. Қазір мен Астанада кезек бойынша алған сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтерде тұрып жатырмын. Ол кезекте 13 жыл тұрдым. Бұл мемлекеттік баспана, ол менің меншігім емес, маған оны тек бес жылға берді", – деді астаналық әйел.

Фото: видеодан кадр

Әсел Мөлдір Сүйіншәлінің ұсталғаны туралы жаңалықты естігенде аң-таң болғанын айтады: бұл туралы жаңалықтардан білген. Ол кезінде өзіне көмек көрсетуге уәде берген адамдардың тағдырына қарап, екіұдай сезімде екенін жеткізді.

"Бір жағынан, адам ретінде және әйел ретінде оларды аяймын, екінші жағынан әділдік болсын деймін. Уәде етілген пәтер берілсе немесе қазіргі мемлекеттік жалдамалы пәтер меншігіме беріліп, менің атыма рәсімделсе екен деймін", – деді сұхбат беруші.

Әйелдің айтуынша, 2024 жылы желідегі резонанстан кейін Астана әкімдігі қолдау көрсеткен: 200 мың теңгелік сертификат беріп, ол ақшаға жалдамалы пәтеріне теледидар сатып алған. Алайда меншікті баспана мәселесі ол үшін әлі де ашық күйінде қалып отыр.

Бизнестің банкротқа ұшырауы және несиелер

Әселдің видео тарағаннан кейінгі өмірі оңай болған жоқ. Әйел таксиден кетіп, жеке ісін ашуға - киімдерді брендтеумен және декоративті фасадтық гүлдер жасаумен айналысуға тырысқан. Бірақ биыл наурызда бизнесі банкротқа ұшырады. Дегенмен ол әлі де осы салада жұмыс істеуге талпынып жүр.

"Өлі маусым" болды, жалдау ақысын көтеріп жіберді. Өте қиын болды. Несиеге кірдім, дамуға тырыстым, бірақ әзірге нәтиже жоқ. Қазір бәрін басынан бастап жатырмын – декоративті гүлдер жасаймын. Тұрақты жұмыс жоқ, отбасымды асырау үшін кейде тағы да таксиге шығамын", – дейді ол.

Әселдің ескі көлігі бар, бірақ оның айтуынша, ол жиі бұзылып, үнемі қаржы салуды талап етеді, ал отбасында ақша тапшы.

Балалар туралы: сол кішкентай қыз жақында төртке толады

Әселдің кезінде таксидің алдыңғы орындығында ұйықтап жатқан кенже қызы мамырда төрт жасқа толады. Үлкен ұлы 16 жаста, ол колледжге түсті. Әсел балаларын жалғыз тәрбиелеп отыр.

"Қазір мен 42 жастамын. Арманым жетістікке жету, қаржылай тәуелсіз болу және балаларымды лайықты азамат етіп өсіру. Пәтер мәселесі де шешілсе екен деймін", – деді Әсел.

Фото: материал кейіпкерлерінен алынды

Әйелдің туыстары тарапынан қолдау жоқтың қасы. Әселдің ата-анасы баяғыда қайтыс болған.

Мөлдір Сүйіншәліге қандай айып тағылып отыр

Еске салайық, Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) MM Group құрылыс компанияларының басшысы Мөлдір Сүйіншәліге қатысты аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен іс қозғап, тергеп жатыр. Тергеу мәліметтері бойынша, 2021-2024 жылдар аралығында ол Nura Elite коттедж қалашығының құрылысына үлескерлерден 3,9 миллиард теңге жинаған, бірақ міндеттемелерін орындамаған – нысандар орнында тек қаңқасы тұр.

Фото: instagram.com/moldirmensulu

Тергеу мәліметінше, қаражаттың бір бөлігі құрылысшының және оның туыстарының жеке шоттарына аударылған. Сондай-ақ жылжымайтын мүлікті екі рет сату және төленген үйлерді жеке міндеттемелер бойынша кепілге қою фактілері анықталған.

Қазір Мөлдір Сүйіншәлі үйқамақта. Тергеу жалғасып жатыр.

Перизат Қайрат ісі

Перизат Қайрат қазақстандық қоғам қайраткері және кәсіпкер. Ол үш жыл бойы Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қайырымдылық қорын басқарған.

2024 жылдың қарашасында Қайрат 1,5 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналғаны хабарланған болатын. Бірақ тергеу нұсқасы бойынша, қаражаттың бір бөлігі Перизат Қайраттың жеке шығындарына – элиталық жылжымайтын мүлік, автокөліктер және саяхатқа жұмсалған.

Фото: instagram.com/01pk, sauda.e-qazyna.kz

Қор қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру үшін Қайрат туыстарын тартқан. Іс бойынша оның анасы Ғайни Алашбаева сыбайласы ретінде жауапқа тартылған.

Кейін Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін жиналған қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.

2025 жылдың наурызында оның Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қоры сот шешімімен таратылды.

Фото Tengrinews.kz/Санжар Мұстафин

Нәтижесінде Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталды.

Тағы оқыңыз: Құрылыс салушы Мөлдір Сүйіншәлі ММА жұлдыздарына пәтер уәде еткен: не белгілі?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:236
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Сәуір 2026 21:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары