Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Миға жасалған отадан марафонға дейін астаналық тұрғын күтпеген өнертабысымен Қазнетті таңғалдырды

Миға жасалған отадан марафонға дейін астаналық тұрғын күтпеген өнертабысымен Қазнетті таңғалдырды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қазақстандық Рахат Нұртазин бір-біріне мүлдем үйлеспейтін дүниелерді ұштастырып жүр: ол марафон қашықтығын жүгіріп өтумен қатар, салмағы 100 келіге жуық мобильді DJ-станцияда музыка ойнайды. Әсерлі шоудың артында инженерлік ой-қиял, музыкаға деген махаббат және миына жасалған отадан кейінгі күрделі оңалту жолы тұр, деп хабарлайды Tengri Life.

Рахат туралы не белгілі?

32 жастағы Рахат Нұртазиннің кәсіби қорында сәулетші мамандығы, жүйелілікке құштарлық және идеяны қалай нақты жүзеге асыру керектігін терең түсіну қасиеті бар. Музыка оның мектеп кезінен серігі болса, оның кәсіби мансапқа ұласуына жұбайы Мерей себепкер болған. Ол Рахатқа туған күнінде "айналыс" деп, диджейлік пульт сыйлаған.

Бүгінде ерлі-зайыпты Әлиша мен София есімді екі қыз тәрбиелеп отыр. Балалары: "Әкеміз – жұлдыз, әкеміз – чемпион", – деп мақтанышпен айтады.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Rahalook - DJ | event-maker (@rahalook) жарияланымы

"Кейінгі бірнеше жылда Tañgy Club атты жобамды дамытып жатырмын. Біз DJ-таңғы астары идеясынан бастап, кейін coffee rave форматына ауыстық. Бір жыл ішінде 66-ға жуық іс-шара өткізіп, түрлі брендпен, соның ішінде Starbucks-пен жұмыс істедік. Ал қазір мен бұл идеяны спорттық форматқа – музыка, қозғалыс, жүгіру және DJ Bike-қа көшіріп жатырмын", - деді ол.

Музыка оның бүкіл өмірімен біте қайнасқан: Рахат мектеп кезінен бастап тректер жинап, плейлистер құрастырған. Ал жүгірумен биыл ғана, DJ Bike идеясын жүзеге асыруға дайындық кезінде айналыса бастады. Сондықтан спорт ол үшін өнер көрсетудің жаңа форматына барар жолдың бір бөлігіне айналды.

DJ Bike қалай пайда болды?

Ерекше велосипед құрастыру идеясы АҚШ-та түсірілген видеодан кейін туған. Рахат марафон кезінде диджейдің трассамен жүріп, қатысушыларға музыка ойнап бергенін көреді. Бұл көрініске тәнті болғаны сонша, ол мұны Қазақстанда қайталап көруді ұйғарады. Алайда музыкалық жабдықпен жай ғана велосипед тебу оған жеткіліксіз болып көрінді.

"Маған велосипедпен жүру аздық етті – мен сол сәтте жүгіріп те, музыка ойнап та үлгергім келді. Мен үшін бұл ермек емес, өзіме тастаған сын болды: егер мен мұны ойлап тапсам, демек, оған жетуім керек", - дейді Рахат.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Rahalook - DJ | event-maker (@rahalook) жарияланымы

Қиындықты жеңу арқылы келген спорт

Әсерлі кадрлардың артында жеке драма мен орасан зор еңбек жатыр. Рахат Нұртазин ми ісігіне байланысты ота жасатып, одан кейін ұзақ уақыт бойы қалпына келу кезеңінен өткен. Бір жыл бойы қатаң физикалық дайындыққа, салмақ тастауға, жаттығу залында тер төгуге және жүгіруге қайта оралуға күш жұмсады.

Құрылғының өзі – жиһаз шебері әрі досы Артур Воронинмен бірлескен шығармашылықтың жемісі. Сәулетшінің инженерлік тапқырлығы үш дөңгелекті велосипедтің эргономикасын, ауырлық орталығы мен тұрақтылығын есептеуге көмектесті. Жабдықтың бюджеті шамамен 2–2,5 миллион теңге. Ішінде кәсіби DJ-контроллер, акустика және қуатты пауэрбанктермен жұмыс істейтін дербес қуат жүйесі бар. Жалпы салмағы 100 келіге жуықтайды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Rahalook - DJ | event-maker (@rahalook) жарияланымы

"Ең қиыны – бәрін бір уақытта істеу. Жүгіріп келе жатқанда тынысың тарылады, ал құлаққапта келесі тректі естіп, дұрыс BPM таңдап, музыканы үйлестіруің керек. Бұған қоса ыстық, жолдың тегіс еместігі және абайсызда сымдарды үзіп алу қаупі бар. Бірде жүгіру кезінде дәл солай болған да еді", - деп бөлісті ол.

Шоудан да маңыздырақ

Жоба Triathlon Park және Astana half marathon сияқты ірі жарыстарда көрініп үлгерді. Жүгірушілердің реакциясы күткеннен де асып түсті: адамдар қолдау көрсетіп, "бестік" беріп, бірге ән шырқайды, house, drum & bass және қазақстандық тректердің заманауи ремикстерінен құралған сапалы миксті тыңдау үшін қатарласа жүгіреді.

"Сахнадағы диджей – жұрт алдындағы жұлдыз. Мұнда бәрі керісінше: мен адамдармен бір толқындамын. Айналаң толған халық, жан-жақтан қолдап, суретке түсіріп, айғайлап, жігер береді. Өзің де музыкаңмен бірге жүгіресің, айналаңа сенің сетіңнің ырғағымен жүгіретін шағын топ жиналады. Кейде айналаңа қарап: "Осының бәрі бекер болмаған екен", – деп ойлайтын сәттер болады", - дейді диджей.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Rahalook - DJ | event-maker (@rahalook) жарияланымы

Басты мақсат - әлемдік сахна

Рахат мұнымен тоқтап қалмақ емес. Жоспарда - жобаны Қазақстан шекарасынан асырып, ауқымын кеңейту.

"Бір күні Нью-Йорк немесе Чикаго сияқты халықаралық марафондарға шыққым келеді. Елестетіп көріңізші: қазақстандық диджей өзінің DJ Bike-ымен қашықтықты жүгіріп өтіп бара жатыр, ал колонкалардан қазақ музыкасы естіледі. Өз мәдениетіміздің бір бөлшегін әлемдік аренаға шығару - менің басты мақсатым", - деп түйіндеді Рахат Нұртазин.

Оның жүз келілік мобильді станциясынан шыққан тректермен мыңдаған адам шақырымдарды бағындырып жатқанда, Рахат өзінің басты марафонын - өмір, шығармашылық және үлкен жеңістер марафонын жалғастырып келеді.

Бұған дейін 58 жастағы ультрамарафоншы Меңдібай Әлімғазинов туралы жазған едік, ол шәкірттерімен бірге Астанадан Алматыға жол ратқан. Кейінгі екі кезеңде қатысушылар 300 шақырымнан астам қашықтықты еңсерді, ал спортшының өзі мәре жақындаған сайын жүктеме ауырлай түскенін айтты.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда ыңғайсыз тақырыптарда әзілдеуден қорықпайтын инклюзивті стендап пайда болды

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:88
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қыркүйек 2026 14:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары