Министр өлім мен жарақат жиі болатын салаларды атады
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев өндірістегі жазатайым оқиғалар жиі тіркелетін салаларды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанда өндірістегі жазатайым оқиғалар саны азайып келеді. Дегенмен үш салада жарақат алған жұмысшылардың үлесі жоғары болып отыр.
"Зардап шеккендердің ең көп үлесі тау-кен металлургия кешеніне (16%), құрылыс саласына (10%) және мұнай-газ секторы (5%) кәсіпорындарына тиесілі", – деді Ертаев үкімет отырысында.
Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі таңда зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер саны 479 мың адамды құрайды. Олардың басым бөлігі төрт өңірде шоғырланған:
Қарағанды облысында – 84 мың адам,
Павлодар облысында – 57 мың адам,
Маңғыстау облысында – 43 мың адам,
Шығыс Қазақстан облысында – 43 мың адам.
Министрдің айтуынша, кадр даярлаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша бірыңғай оқу-әдістемелік орталық құру жоспарланып отыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:33
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Маусым 2026 15:04 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















