Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Жамбыл облысында жол апатынан болатын өлім жітім азайды

Жамбыл облысында жол апатынан болатын өлім жітім азайды

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар тас жолдарда көлік апатынан көз жұму дерегі 26%-ға төмендеді.

Бұл тәртіп сақшыларының жол қозғалысына ерекше тәсілдер енгізуінің арқасы, дейді өңірдің бас полицейі. Құқық қорғаушылар жол апатының алдын алу үшін дрон ұшырып, қауіпті аумақтарда тәулік бойы профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр. Әсіресе Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізіне басымдық беруде.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі бастапқыда тәулігіне 15 мың көліктің өтуіне арналған. Әйтсе де, қазір 40 мың автомобиль қатынап жатыр. Салдарынан жыл санап жол апаты да көбейген. Полиция департаменті басшысының сөзінше, апаттың басым бөлігі түн ортасы мен таңға жуық болады. Сондықтан тәртіп сақшылары былтырдан бері ұйқы қысқан жүргізушілерді тоқтатып, бетіне су бүркіп сергіту тәсілін қолданып жатыр. Жалпы Жамбыл облысында жол апаты жиі тіркелетін 36 учаске бар. Әсіресе тау бөктеріндегі өткелдер қауіпті. Былтыр осы аумақтарда 281 жол апаты болған.

Болатбек Баятанов, облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

- Қауіпті тас жолдарда жасырын патрульдеу әдісін қолданып жатырмыз. Ол үшін құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін 10 автокөлік алынды. Мақсатымыз тек айыппұл салу емес, жүргізушілерді ереже бұзбауға дағдылау. Күн сайынғы патрульдеу барысында бұл автокөліктердің әрбір экипажы орта есеппен 50–60 ереже бұзушылықты анықтайды.

Бүгінде республикалық маңызы бар тас жолдарда қашықтықтан бақылайтын дрон да жұмылдырылған. Пилотсыз басқарылатын құрылғы автобан бойын 15 шақырымға дейін бақылап, әуеде 40 минут ұша алады. Жыл басынан бері дрон көмегімен 400-ден астам жолдың қарсы бетіне шығу дерегі анықталған. Айта кетейік, енді аймақта автобустар мен жедел-жәрдем көліктеріне айыппұл жазатын камералар орнатылмақ.

Қайсар Сұлтанбаев, облыстық полиция департаментінің бастығы:

- Біз қазір тағы осындай аппараттар алу көзделген. Паркрайт болсын, автосканер болсын, экип-патруль болсын осылардың бәрін мынау маршруттық автобустарға қалада жүретін. Және де жедел жәрдем автокөліктеріне қойып, олар да күнделікті жол қозғалысына қатысып жүрген кезде әр түрлі болып жатқан жол ережесін бұзу фактілерін анықтап отырады.

Жыл басынан бері Жамбыл облысы жолдарында 1600-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 182 жолаушы қаза болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26%-ға төмен. Тәртіп сақшылар жол-көлік оқиғаларын азайту үшін тағы да жаңа әдістер әзірлеп жатқанын мәлімдеді.

Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Бақытжан Бапаев

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қараша 2025 01:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see136

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see135

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see133

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see131

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see128

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see125

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see123

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see123

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see113

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see112

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see111

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see111

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see110

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see110

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see108

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see107

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see105

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see105

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see105

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары