Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Мобильді аударымдарды тексеру: Қазақстанда салық қызметінің назарын аударатын шекті мөлшер өзгерді

Мобильді аударымдарды тексеру: Қазақстанда салық қызметінің назарын аударатын шекті мөлшер өзгерді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазақстанда мобильді аударымдарды бақылау критерийлері өзгеріп жатыр. Салық органдарының назарын аударуы мүмкін аударымдарға қатысты түсім сомасы жарты миллион теңгеден аса мөлшерге артады. Тиісті бұйрыққа қаржы министрі Мәди Такиев қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы министрлігінің 23 қазандағы бұйрығы туралы сөз болып отыр, ол арқылы банктердің жеке тұлғалардың аударымдары туралы мәліметтерді ұсыну ережелеріне өзгерістер енгізілді. Құжат Әділет министрлігінде 28 қазанда тіркелді.

Мобильді аударымдарды бақылау: не өзгереді?

Негізгі өзгеріс ақшалай шекті мөлшерге қатысты, ол мөлшерден асқан жағдайда мобильді аударымдар кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс белгілері ретінде қарастырылуы мүмкін.

Қазір бұл көрсеткіш 12 ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) құрайды. 2024 жылы ЕТЖ 85 мың теңгеге тең, сондықтан шекті мөлшер үш ай ішінде 1 020 000 теңге деп есептелген.

Жаңа бұйрыққа сәйкес, есептеу үшін ЕТЖ орнына айлық есептік көрсеткіш (АЕК) қолданылатын болады. Шекті мөлшер 360 АЕК-ті құрайды.

2026 жылғы АЕК мөлшері 4 325 теңге. Осылайша, жаңа шекті мөлшер 2026 жылы 1 557 000 теңгені құрайды.

Демек, мобильді аударымдарды бақылау кезінде ескерілетін жалпы түсім сомасы 537 мың теңгеге немесе шамамен 53 пайызға артады.

Қандай аударымдар тексеріледі?

Сонымен қатар қалған критерийлер өзгеріссіз қалды. Аударымдар кәсіпкерлік табыс белгілері бар операцияларға жатқызылуы үшін бір мезгілде үш шарт орындалуы тиіс:

жеке банктік шотқа 100 және одан да көп әртүрлі жеке тұлғадан; мұндай түсімдер қатарынан үш күнтізбелік ай бойы жалғасса; осы кезеңдегі түсімдердің жалпы сомасы 360 АЕК-тен асса.

Осылайша, бұл жерде бір аударым сомасын шектеу туралы емес, үш ай ішіндегі түсімдердің жиынтығы туралы сөз болып отыр.

Бұл ретте, аталған критерийлерге сәйкес келудің өзі адам заң бұзды немесе салық төлеуге міндетті дегенді білдірмейді. Олар ықтимал кәсіпкерлік қызметті анықтау үшін қолданылады.

Өзгерістер қашан күшіне енеді?

Бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Tengrinews.kz редакциясы жаңа критерийлерді қолданудың басталу күні мен оларды пайдалану ерекшеліктерін нақтылау үшін Қаржы министрлігіне қосымша сауал жолдады.

Айта кетейік, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшері өзгеруі мүмкін. Жаңа ақшалай шек дәл осы көрсеткішке байланысты болатындықтан, оның теңгедегі сомасы да қайта есептеледі.

Бұған дейін не айтылды?

Бұған дейін Президент Қазақстандағы ең төменгі жалақыны 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырған болатын. Сол кезде Tengrinews.kz бұрынғы критерийлер сақталған жағдайда, мобильді аударымдарды бақылау шегі 1,32 миллион теңгеге дейін өсуі мүмкін екенін есептеген еді.

Алайда қаржы министрі қол қойған бұйрықта ЕТЖ орнына АЕК-ке байланған басқа есептеу механизмі қарастырылған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:59
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қараша 2026 13:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары