Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Мобильді байланыс тарифтері не себепті өзгерді

Мобильді байланыс тарифтері не себепті өзгерді

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Өткен жылы ғаламтор-трафик пен цифрлық қызметтерді тұтыну көлемі артқан болатын. Сондай-ақ, инфрақұрылымға ауқымды инвестиция құю нәтижесінде тарифтер қымбаттаған. Осының бәрі нарықтың өсуіне әсер етті. Алдағы уақытта саланы одан әрі дамыту жоспарда бар. Нақтырақ айтқанда, 5G технологиясына жаппай көшу, операторларды әртараптандыру және B2B сегментінде жаңа өнімдерді іске қосу көзделіп отыр.

Nexign компаниясы мен TelecomDaily ақпараттық-талдамалық агенттігі Қазақстандағы телекоммуникация нарығына зерттеу жүргізген еді. Олардың мәліметінше, көрсеткіш тұрақты түрде өсіп келеді: 2024 жылы 11%-ға, ал 2025 жылы 11,8%-ға артқан. Бұл статистикалар әлемдік орташа өсімнен едәуір жоғары: TM Forum деректеріне сәйкес, жаһандық нарық 2024–2025 жылдары жылына небәрі 2,5%-ға ғана жоғарылаған, ал Ресейде бұл көрсеткіш былтыр 6,5%-ға ұлғайған.

Қазақстандық операторлардың негізгі табыс көзі — әлі де мобильді байланыс қызметтері (56%) және интернетке қол жеткізу (шамамен 12%). Ал нарықтағы IT-қызметтердің үлесі — 8%-ға жуық.

Мобильді байланыс сегментіндегі басты мақсат — 5G қамту аймағын кеңейту. 2023 жылы Қазақстан ТМД елдері ішінде алғашқылардың бірі болып бесінші буын желілерін коммерциялық пайдалануға енгізді. Алдағы жылдары бұл технология республикалық маңызы бар барлық қала мен облыс орталықтарында толықтай енгізілмек.

5G инфрақұрылымына салынған ауқымды инвестициялар 2024–2025 жылдары тарифтердің өсуіне себеп болды. Бұл үрдіс болашақта да жалғасуы ықтимал. Әйтсе де, тарифтер қолжетімді бола түседі. Жоспар бойынша, бұған конвергентті қызметтердің, жаңа шексіз сервистердің және жазылым модельдерінің іске қосылуы ықпал етеді. Нарық көшбасшылары минуттар мен гигабайттарды сатудан күрделірек тәсілге көшеді. Атап айтқанда, сектордағы өнімдер нақты пайдаланушылар топтарына бейімделіп, сатылады және тарифтер дербестендіріледі. Бұдан бөлек, операторлар бизнесін әртараптандырып, абоненттерге қосымша сервистер (OTT, финтех, ойындар, билеттер, кешбэк т. б. қызметтер) ұсынады.

Интернет саласында да өзгерістер байқалып отыр. 5G технологиясының дамуы елдегі мобильді интернет жылдамдығын арттырып жатыр. Speedtest-тің 2026 жылғы ақпан айындағы дерегіне жүгінсек, Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша әлемде 49-орында тұр. Еліміз, тіпті, Ұлыбритания, Германия, Испания сияқты кейбір дамыған елдерді басып озған. Стриминг, әлеуметтік желілер, онлайн ойын-сауық бағдарламалары және қашықтан жұмыс істеу секілді факторлар себебінен мобильді интернет пен цифрлық қызметтерге сұраныс артып келеді.

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасына сәйкес, 2027 жылы Қазақстанда халықты жылдамдығы жоғары ғаламтормен қамту деңгейі 100%-ға жетуі тиіс. Ең алдымен, бұл елдің шалғай өңірлеріне қатысты мәселе. Ауылдық жерлердің 90%-ына оптикалық байланыс желілерін жеткізу жоспарланған, ал қалған 10%-ы спутниктік интернет арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл бағдарлама мемлекеттік бюджет есебінен және нарық қатысушыларымен бірлескен жобалар арқылы қаржыландырылады.

Сонымен қатар, операторлар 5G негізінде белгіленген сымсыз қолжетімділік (Fixed Wireless Access, FWA) қызметтерін іске қосып жатыр. Бұл жылдамдығы жоғары үй интернетін ұсыну арқылы көрсетілетін қызметтер аясын кеңейтеді. Сонымен бірге, дәстүрлі кеңжолақты интернет (3G, 4G/LTE, 5G) операторларына спутниктік интернетпен қатар бәсекелес болады.

Қалалар мен облыс орталықтарында FTTH (пәтерге дейінгі оптика) технологиясы біртіндеп FTTB-ны (ғимаратқа дейін оптика, әрі қарай пәтерге дейін мыс кабель арқылы) ығыстырып жатыр. Бұл қосылу жылдамдығының жоғары әрі тұрақты болуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, операторларға интернет, ТВ және OTT-ны (видеосервистер) қамтитын топтама қызметтерді дамытуға мүмкіндік береді. 2026 жылдың басында Speedtest келтірген дерек бойынша, Қазақстанда белгіленген кеңжолақты интернеттің орташа жылдамдығы — 88 Мбит/с. Ал мобильді интернет жылдамдығы — 99 Мбит/с. Демек, алғашқысы кейінгісінен қалып тұр.

Жалпы алғанда, елдегі бөлшек нарық шырқау шегіне жақындап қалды, сондықтан операторлар B2B сегментіне назар аудара бастады. Сол себепті, ақылды қалалар, логистика және өнеркәсіп үшін LTE/5G негізіндегі жобаларды іске қосып жатыр. 2024–2025 жылдары B2B қызметтерінің байланыс операторлары табысындағы үлесі шамамен 33%-дан асты.

Nexign және TelecomDaily сарапшыларының болжамы бойынша, алдағы үш жылда Қазақстанның телекоммуникация нарығы жылына орта есеппен 7%-ға өсіп отырады. Ал 2028 жылы оның көлемі 1 861 млрд теңгеге жетеді.

Айта кетейік, бұған дейін республикалық және облыстық маңызы бар жолдар мобильді байланыспен қамтылатынын жазғанбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:259
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Сәуір 2026 18:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see128

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see120

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары