Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаным деп жүргендер жаныңды алған : Мөлдір Мұқанова тұрмыстық зорлық құрбандарына ән арнады

Сайлау заңнамасын бұзудың 8 фактісі тіркелді Бас прокуратура

Алматыда алты жасар баладан салмағы 3 килограмнан асатын ісік алынды

Ислам Махачев чемпиондық жекпе жектен кейін 30 күнге жарыстан шеттетілді

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

Қазақстанда сауда өсімі баяулады: халық азық түлікке көбірек ақша жұмсап жатыр

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

Мемлекеттік сайттар не себепті уақытша істемей қалғаны белгілі болды

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

Алматы облысында мейрамхана өртенді

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды

16 жастағы қазақ қызы дзюдодан әлем чемпионатында тарих жаңартты

Тұрғын үй жалдау ақысы жарты бағамен: Қазақстанда кім көмек ала алады

Сайлауалды үгіт насихат кезінде қандай заң бұзушылықтар анықталды

Сенбіде жеті қалада ауаның ластану қаупі жоғарылайды

Мона Лизаның құпиясы: неге бұл картина 500 жылдан бері әлемді таңғалдырып келеді?

Мона Лизаның құпиясы: неге бұл картина 500 жылдан бері әлемді таңғалдырып келеді?

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Әлемде атақты картиналар көп. Бірақ олардың ішінде Леонардо да Винчидің «Мона Лизасындай» жалпыға бірдей танылған шығарма аз. Бұл картинаны өнер тарихын білмейтін адам да естіген. Бірі оны жұмбақ күлкісі арқылы таниды, бірі Луврдағы ұзын кезек арқылы біледі, енді бірі оны поп-мәдениеттегі сансыз көшірмелерінен көрген. Бір қызығы, «Мона Лиза» көлемі жағынан үлкен картина емес. Онда аса көп көрініс те жоқ. Бар болғаны – отырған әйелдің портреті. Бірақ дәл осы қарапайым портрет бес ғасыр бойы адамзаттың назарынан түспей келеді.

Құпия. «Мона Лиза» туралы айтқанда ең алдымен оның жымиғаны еске түседі. Бір қарағанда ол жеңіл ғана жымиып тұрғандай көрінеді.

Бірақ ұзақ қарасаңыз, бұл күлкі өзгеріп кеткендей болады. Бір сәтте жылы, жұмсақ көрінеді. Келесі сәтте салқын, тіпті мұңды сияқты әсер қалдырады. Осы екіұштылық картинаның ең басты ерекшелігіне айналды.

Көрермен Мона Лизаның нақты не сезіп тұрғанын түсіне алмайды. Ол қуанып тұр ма? Бір нәрсені жасырып тұр ма? Әлде жай ғана сабырлы қалыпта отыр ма? Дәл осы анықсыздық адамды суретке қайта-қайта қарауға мәжбүр етеді. Бұл әсер Леонардоның кездейсоқ тапқан шешімі емес. Ол адамның бет әлпетін қатаң сызықпен емес, жұмсақ көлеңке мен біртіндеп ауысатын реңктер арқылы берген. Сондықтан еріннің шеті, көздің айналасы, бет бұлшықеттері нақты шекарамен бөлінбейді. Күлкі бар сияқты, бірақ толық ашылмаған.

Суретшілердің пікірінше, көрерменнің қабылдауы да маңызды. Егер адам Мона Лизаның көзіне қараса, ерін маңындағы көлеңке шеткі көру аймағына түсіп, күлкі айқынырақ сезіледі. Ал ерніне тік қарағанда, күлкі бәсеңдейді. Сол себепті бір адамның өзі картинаны әр сәтте әртүрлі қабылдауы мүмкін.Бұл жерде жауаптан көрі, сұрақ көп. 

Мона Лиза құпиясының тағы бір маңызды бөлігі – портреттегі әйелдің кім екені. Қазіргі кең тараған пікір бойынша, картинада флоренциялық саудагер Франческо дель Джокондоның жұбайы Лиза Герардини бейнеленген. Сондықтан бұл шығарма Италияда «La Gioconda», Францияда «La Joconde» деп те аталады. Көпшілігі «бұл дұрыс» дейді. Себебі XVI ғасырдағы өнер тарихшысы Джорджо Вазари Леонардоның Франческо дель Джокондоның әйелі Лизаның портретін салғанын жазады. Кейінгі архивтік деректер де осы пікірді күшейтті.

Бірақ бәрібір сұрақ толық жабылған жоқ. Кейбір зерттеушілер портретте басқа әйел болуы мүмкін дейді. Тағы біреулер Леонардо нақты бір адамды ғана емес, әйел сұлулығының идеалдандырылған бейнесін жасаған деп санайды. Тіпті бұл суретте Леонардо өз бейнесін әйел кейпінде жасырды деген болжамдар да айтылған.

Бірақ картинаның ұлылығы модельдің кім болғанында ғана емес. Егер бұл жай ғана бір әйелдің портреті болса, ол мұндай әлемдік деңгейге көтерілмеуі мүмкін еді. Леонардо нақты адам бейнесін уақыттан жоғары тұрған жұмбақ образға айналдыра алды.

Леонардоның техникасы. Мона Лизаның әсерін түсіну үшін Леонардоның техникасына тоқталу керек. Бұл картинадағы ең маңызды әдістердің бірі — сфумато. Сфумато дегеніміз — жарық пен көлеңкенің бір-біріне өте жұмсақ, білінбей ауысуы. Қарапайым тілмен айтқанда, Леонардо беттегі сызықтарды қатты көрсетпейді. Ерін, көз, мұрын, бет сүйегі — бәрі көлеңке арқылы беріледі. Сондықтан Мона Лизаның жүзі тірі адам сияқты әсер қалдырады. Ол қатып қалған бейне емес, дем алып отырған адамдай көрінеді.

Леонардо адам анатомиясын, бұлшықет қозғалысын, жарықтың бетке түсуін жақсы зерттеген. Ол суретші ғана емес, ғалым, инженер, бақылаушы болған. Сондықтан оның портретінде сыртқы ұқсастық қана емес, адамның ішкі күйі де сезіледі.

Картинаның артқы жағындағы пейзаж да маңызды. Онда нақты бір жерден гөрі қиял мен табиғат бақылауы араласқан кеңістік көрінеді. Жол, өзен, тау сілемдері Мона Лизаның бейнесін жердегі қарапайым адамнан гөрі жұмбақ әлемнің бір бөлігіне айналдырады. Осының бәрі Леонардоның шеберлігі дейді. Яғни, ол бейнені әдейі толық түсінікті етпейді. Керісінше, кей жерін бұлыңғыр, екіұшты қалдырады. Осы арқылы картина тірі сияқты әсер береді.

1911 жылғы ұрлық. Мона Лизаның әлемдік даңқын арттыруға 1911 жылғы ұрлықтың орны ерекше. Әрине, бұл картина ұрланбаса да атақты болар еді деп айтуға болады. Бірақ дәл сол оқиға оны бүкіл әлем білетін символға айналдырды.

1911 жылы 21 тамызда Лувр музейінен Мона Лиза жоғалып кетті. Алғашында қызметкерлер картинаны басқа бөлімге алып кеткен шығар деп ойлаған. Бірақ кейін оның ұрланғаны белгілі болды. Бұл жаңалық бірден Франция ғана емес, бүкіл әлем баспасөзінің басты тақырыбына айналды.

Ұрлықты Винченцо Перуджа деген италиялық жасаған. Ол бұрын Луврда жұмыс істеген, сондықтан музейдің ішкі тәртібін жақсы білген. Перуджа картинаны қабырғадан алып, жақтауынан шығарып, киімінің астына жасырып алып шыққан.

Картина екі жылдан астам уақыт табылмады. Осы аралықта Мона Лиза туралы әлем газеттері үздіксіз жазды. Адамдар бұрын тек өнер мамандары білетін картинаны енді жаппай тани бастады. Луврдағы бос қалған орынның өзін көруге барғандар көп болды. 1913 жылы Перуджа картинаны Италияда сатпақ болған кезде ұсталды. Мона Лиза Луврға қайтарылды. Бірақ ол бұрынғы орнына жай ғана оралған жоқ. Ол енді әлемдік сенсацияға айналған туынды ретінде оралды.

Өнертанушылардың пікірінше, Мона Лизаның әлемдік символға айналуына бірнеше себеп бар.

Біріншісі – Леонардо да Винчидің аты. Леонардо адамзат тарихындағы ең ұлы тұлғалардың бірі ретінде қабылданады. Оның қолынан шыққан кез келген шығарма ерекше қызығушылық тудырады. Екіншісі – картинаның көркемдік сапасы. Мона Лиза – техникалық жағынан өте шебер орындалған портрет. Ондағы жарық, көлеңке, композиция, бет әлпеттің нәзік берілуі көрерменді еріксіз тоқтатады. Үшіншісі – жұмбақ. Картина нақты жауап бермейді. Модель кім? Ол неге күліп тұр? Көзі шынымен көрерменге қарап тұр ма? Артқы пейзаж нені білдіреді? Осындай сұрақтар картинаның айналасында миф қалыптастырды. Төртіншісі – медиа әсері. 1911 жылғы ұрлықтан кейін газет-журналдар Мона Лизаны әлемге танытты. Кейін кино, теледидар, интернет, жарнама, мемдер бұл бейнені одан әрі көбейтті. Мона Лиза өнер музейінен шығып, жаппай мәдениеттің бір бөлігіне айналды. Бесіншісі – көрерменнің өзі. Әр адам Мона Лизаға өз сұрағымен қарайды. Біреу одан сұлулық көреді. Біреу құпия іздейді. Біреу Леонардоның данышпандығын көреді. Біреу атақты картина алдында тұрғанын сезінгісі келеді.

Мона Лиза бес ғасыр өтсе де ескірген жоқ. Ол әр дәуірдің адамымен қайта сөйлеседі. Әр буын оны өз көзімен көреді, өз сұрағын қояды, өз жауабын іздейді. Сондықтан Мона Лиза мәдени құбылыс ретінде қабылдауға болады.

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторы көрсетіп, Аikyn.kz сайтына  белсенді гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:72
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Шілде 2026 08:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаным деп жүргендер жаныңды алған : Мөлдір Мұқанова тұрмыстық зорлық құрбандарына ән арнады

21 Тамыз 2026 15:50see182

Сайлау заңнамасын бұзудың 8 фактісі тіркелді Бас прокуратура

21 Тамыз 2026 15:22see122

Алматыда алты жасар баладан салмағы 3 килограмнан асатын ісік алынды

21 Тамыз 2026 15:56see116

Ислам Махачев чемпиондық жекпе жектен кейін 30 күнге жарыстан шеттетілді

21 Тамыз 2026 14:52see115

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

22 Тамыз 2026 11:14see114

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

22 Тамыз 2026 17:54see114

Қазақстанда сауда өсімі баяулады: халық азық түлікке көбірек ақша жұмсап жатыр

22 Тамыз 2026 09:51see112

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

22 Тамыз 2026 17:55see111

4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды

22 Тамыз 2026 12:23see111

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

22 Тамыз 2026 17:52see111

Мемлекеттік сайттар не себепті уақытша істемей қалғаны белгілі болды

21 Тамыз 2026 17:56see111

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

22 Тамыз 2026 15:09see110

Алматы облысында мейрамхана өртенді

22 Тамыз 2026 01:29see110

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

23 Тамыз 2026 08:31see109

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

23 Тамыз 2026 09:43see109

Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды

22 Тамыз 2026 11:03see108

16 жастағы қазақ қызы дзюдодан әлем чемпионатында тарих жаңартты

22 Тамыз 2026 09:33see108

Тұрғын үй жалдау ақысы жарты бағамен: Қазақстанда кім көмек ала алады

22 Тамыз 2026 10:48see108

Сайлауалды үгіт насихат кезінде қандай заң бұзушылықтар анықталды

21 Тамыз 2026 16:50see106

Сенбіде жеті қалада ауаның ластану қаупі жоғарылайды

22 Тамыз 2026 09:16see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары