Моңғолия ЕАЭО ның маңызды сауда серіктесі саналады ЕЭК
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Уақытша сауда келісіміне қол қойылған Моңғолия Еуразиялық экономикалық одақтың маңызды сауда серіктесі, деп мәлімдеді ЕЭК сауда саясаты департаментінің директоры Владимир Серпиков.
ЕАЭО – Моңғолия келісімі тараптардың уағдаластығы аясында үш жылға жасалды. Бұл келісім еркін сауда аймағының құрылуына әкелетін уақытша келісім, деп түсіндірді Серпиков.
"Келісім бойынша әр тараптан 367 тауар субпозициясы болды. Бірақ бұл елмен сауда құрылымын ескере отырып, уақытша келісім шеңберіндегі тарифтік либерализм біздің барлық сауда айналымымызды қамтиды. Біз онда дәстүрлі тауарларды, жабдықтарды, көлік құралдарын, химия өнеркәсібінің өнімдерін, косметиканы жеткіземіз", - деді ол.
Оның айтуынша бұл әртүрлі ет, сүт өнімдері, балмұздақ, кондитерлік өнімдер сияқты агроөнеркәсіп кешеніне де қатысты.
"Сондықтан ЕАЭО-ның Моңғолиямен сауданың барлығы келісім аясындағы тарифтік ырықтандырумен қамтылады. Бұл, әрине, экспорт үшін үлкен мүмкіндіктер ашады", - деп атап өтті ол.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:68
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2025 20:37 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















