Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Мұз дәуірінен аман қалған киелі ағаштар. Қазақстанның бірегей жеріне барып қайттық

Мұз дәуірінен аман қалған киелі ағаштар. Қазақстанның бірегей жеріне барып қайттық

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстанда мұз дәуірінен аман қалған көне ағаштар бар. Ал қазақстандықтар оларды енді ғана жаңа қырынан танып жатыр.

Тораңғы - бұл ағаштың тамыры жер астына ондаған метр тереңдікке бойлап, өзара шырмалып, біртұтас жүйеге айналады. Қазақ халқы үшін бұл - төзімділіктің символы әрі киелі өсімдік.

Tengrinews.kz тілшілері туризмді дамытуға үлес қосып жүрген жергілікті белсенділер "киелі мекен" деп атап кеткен жерге жетті. Балқаш маңындағы Тораңғы тоғайы адамды таңғалдырмай қоймайды - күнге күйген шөл даланың қақ ортасында ондаған, бәлкім жүздеген миллион жылдық тарихы бар нағыз оазис жайқалып тұр.

Бірақ бәрін ретімен айтайық. Біз Балқашқа іссапармен ұшып келдік (айтпақшы, жергілікті әуежай туралы мына жерден оқи аласыздар), ал шұғыл шаруаларды бітірген соң, елордадағы редакцияға қайтқанша толық бір тәулік уақыт болды.

Жай ғана кетіп қалғымыз келмеді - осы өлкені жақынырақ тануға құштар болдық. Әдетте мұндайда жасалатын бірінші іс - айналаны бес саусағындай білетін адамды іздеу.

Осылайша біз Visit Qaraganda директоры Бахтияр Бекмұрзаевқа шықтық. Ол арқылы бүкіл ғұмырын туған өлкесі - Балқаш өңірінің тарихын ескі кітаптар мен архивтерден тірнектеп жинап жүрген жергілікті белсенді Павел Новокшоновпен таныстық.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

PavelNov (@balkhashtravel) жарияланымы

Бақтияр Бекмұрзаев хат алмасу барысында бізге Тораңғы тоғайын көруді ұсынды. Ол бұл жердің бізге ерекше әсер ететініне уәде берді. Бару-бармау туралы көп ойланған жоқпыз. Рас, ол керемет әсерге бөлену үшін кешкі сағат 6-7-лерге таман барған дұрыс екенін ескертті. Осыған уағдаластық.

Тоғайға дейінгі жол жақын емес - бір сағаттан аса жүру керек. Бұл мекен Балқаш қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан. Сондықтан біз қонақүйден кешкі сағат бесте шықтық.

Тораңғы тоғайына жол. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Жолда келе жатып, бізді не күтіп тұрғанын білу үшін Instagram-ға кіріп, тоғайдың суреттерін іздей бастадым.

Биыл бұл жерге тек қазақстандықтар ғана емес, көптеген шетелдік те барғанын байқадым. Әлеуметтік желілер суреттер мен видеоларға толы; авторлар тоғайға аяқ басқанда өздерін нағыз саваннаға тап болғандай сезінгендерін жазған. Ал ағаштардың бірін туристер жапа-тармағай "Балқаштың Эйвасы" деп атап кетіпті.

Анықтама: Эйва - Джеймс Кэмеронның "Аватар" фильміндегі Пандора планетасының құдайы әрі бүкіл тіршілікті біріктіретін тірі желі іспетті. Онда тұратын на’ви халқы Эйва тамырлар мен ағаштар арқылы барлық тіршілік иесін өзара байланыстырады және ата-бабалардың жадын сақтайды деп сенеді. Фильмде бұл байланыстың басты нышандарының бірі - алып та ерекше ағаштар, сондықтан туристер жайылып өскен, пішіні қызықты өсімдіктерді жиі Пандора ағаштарына теңейді.

Баратын жерімізге жеткенде бәрін өз көзімізбен көріп, оқырмандарға көрсетеміз. Ал жолда келе жатып, мынадай сұрақ қойғым келді:

"Біз әлдебір хайпқа айналған, тек инстаграмдық орынға бара жатырмыз ба?"

Павел мырс етіп күліп: "Иә, соңғы бір-екі жылда қызығушылық артып келеді", - деді.

Бұл сапарда рөлде - Бахтияр Бекмұрзаев. Ол жолға қарап қана қоймай, әңгімеге де араласып, бұл тоғайға ондаған саяхатшыны өзі апарып келгенін айтты. Осылайша олар жергілікті туризмді жандандыруға тырысып жүр. Олардың бұл әрекеті біртіндеп нәтиже беріп жатқан сияқты. Кем дегенде, біз бұл сапарға баруға небәрі екі минутта бел будық.

Мінекей, біз әуелі асфальт жолмен келе жатырмыз.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Бірақ көп ұзамай асфальт бітіп, тақыр жол басталады. Жанымызда тәжірибелі жол бастаушылар болса да, тіпті жолдан адасып, біраз уақыт дала кездік.

Бұған таңғалуға болмайды: айналаның бәрі - көз ұшына дейін созылған жел ұшырған құм, мұнда кез келген соқпақ жол лезде жоғалып кетеді.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Ақыры осы "шөлдің" ортасынан жап-жасыл оазисті көрдік. Бірден дронды аспанға ұшырдық.

Тораңғы тоғайы. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Ал көліктен қарағандағы көрініс мынадай. Туристердің айтқаны рас екеніне көзіміз жетті - бұл шынымен де Африка пейзажын еске түсіреді.

Тораңғы тоғайы. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

"Міне, біз бірегей әрі қызықты мекенге де жеттік, - деп Павел Новокшонов экскурсиясын бастады. - Бұл сол баяғы Тораңғы тоғайы. Бұл жер өте ерекше. Көрінісі саваннаға ұқсайды. Мұны бізбен бірге келген барлық туристер айтып кеткен".

Павел Новокшонов Тораңғы тоғайында. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Павел Балқашта туып-өссе де, бұл жер туралы кездейсоқ білгенін айтады. Осыдан біраз уақыт бұрын ғана бұл тоғай беймәлім мекен болып келген.

"Бұл жер туралы әдебиеттерден білдім, - деп еске алады ол. - Кітапханадан Балқаш туралы кітаптар алдым. Сонда "Тораңғы" деген көне ағаштың бар екенін оқыдым. Жалпы, бұл ағаш "тобылғы, азиялық терек" немесе "әр түрлі жапырақты терек", не болмаса "көкшіл жапырақты терек" деп аталады. Бірақ әр халықтың өз атауы бар".

Анықтама: тораңғы тек Балқаш маңында ғана өспейді. Қазақстанда бұл көне ағашты Іле, Сырдария және Шарын аңғарларынан, сондай-ақ Қызылорда мен Түркістан облыстарының шөлді аймақтарынан кездестіруге болады. Сонымен қатар, тораңғы Өзбекстан, Иран, Ирак және Таяу Шығыс пен Орталық Азияның өзге де елдерінде өседі.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Жергілікті тұрғындар үшін және жалпы қазақ халқы үшін бұл - киелі ағаш. Оны кесуге қатаң тыйым салынған. Бірақ оның бірегейлігі неде?

Бұл үшін ағаштың басына зер салу керек. Төменгі деңгейдегі ең жас өскіндердің жапырақтары ұзынша әрі жіңішке - тап бір талдың жапырағындай. Ортаңғы деңгейде олар жұмырлана бастайды, ал ең ұшар басында кәдімгі терек сияқты дөңгелек пішінге ие болады.

"Әйтпесе бұл ағаш тіршілік ете алмас еді, - деп түсіндіреді Павел Новокшонов. - Өйткені әр жапырақ өз функциясына жауапты. Төменгі деңгейдегі ұзын жапырақтар жел тудырып, ағашты салқындатады. Бір сөзбен айтқанда, салқындату жүйесі іспетті. Бұрын қазақтар бұл ағашты "жел-Тораңғы", яғни "жел әкелетін Тораңғы" деп атаған. Тіпті аптап, желсіз тымық күндері де осы кішкентай ұзын жапырақтар тербеліп, сондай әсер қалдырады. Одан кейінгі екінші деңгей су балансының айналымына жауап береді. Үшінші деңгей күмбез секілді - ол күні бойы ағашты күннен қорғап, ультракүлгін сәулелердің артық мөлшерін өткізбейді, соның арқасында ағаш қатты ысып немесе қурап кетпейді".

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Осылайша, бір өсімдікте жапырақтың мүлдем бөлек үш түрі кездесетін таңғажайып құбылыс қалыптасады.

"Мұндай нәрсе әлемнің ешбір жерінде, ешқандай ағашта жоқ. Және бұл - осы ағаштың бірегей қасиеттерінің бірі ғана", - деп Павел бізді қызықтырып қойды.

Әрі қарай біз Тораңғының динозаврлар дәуірін де көрген нағыз "көнекөз" ағаш екенін білдік. Ағаш мұз дәуірін де, ең ауыр құрғақшылықты да бастан өткеріп, бүкіл тіршілік иесі қырылып жатқанда бейімделіп өсуді үйренген.

Бұның сыры неде? Міне, осы тұста біз Тораңғының тағы бір ерекшелігі - оның тамыр жүйесі туралы естиміз.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Тораңғының тамыры жер асты суларына жету үшін 50 метр тереңдікке дейін бойлап, дәл сондай қашықтыққа жан-жаққа жайыла алады. Бұл оны сусымалы құмда мықтап ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Бұл тоғайдың барлығы - біртұтас тамыр жүйесі. Мұндағы ағаштардың бәрі жер астында бір-бірімен байланысқан.

"Мына жердің құмына назар аудардыңыз ба? Көл жағасындағыдай. Тораңғы жердің шөлге айналуына жол бермейді. Өзінің осы тамыр жүйесі арқылы топырақты "бетондап", құмның көшуін тоқтатады. Негізінде, бұл ағаш өз айналасында тірі оазис жасайды", - деп жалғастырды Павел айналада жайқалып тұрған бұталарды көрсетіп.

Ағаш жер астынан суды тек өзі үшін ғана шығармайды, онымен басқа өсімдіктермен де бөліседі. Егер Тораңғы болмаса, бұл жер құла түзге айналар еді.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Сонымен қатар Тораңғыны "жылауық ағаш" деп те атайды және бұл жай ғана теңеу емес - оның ғылыми түсіндірмесі бар. Серіктестеріміздің айтуынша, бұл аймақтағы Балқаш көлінің суы да, жер асты сулары да тұзды. Тамырлар оны топырақтан сіңіреді, содан кейін ағаш ылғалды сүзіп, таза тұзды қабығы арқылы сыртқа шығарады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

- Егер қарапайым адам суреттен тоғайды көріп, оны өз бетімен тапқысы келсе, жолды таба алмайтыны рас па? - деп сұрадым мен, өйткені жолдың қалай болғанын мүлдем есімде сақтай алмағанымды түсіндім.

- Иә, бұл жерге өз бетіңше жету өте қиын. Кей жерлерде даламен жүру керек. Далада жол айырықтары көп, олардың әрқайсысы әртүрлі бағытқа апарады. Адам оңай адасып кетуі мүмкін.

- Сіз бұл тоғайға туристерді ертіп жүргеніңізге қанша уақыт болды?

- Осы тоғайға өзім алғаш рет төрт жыл бұрын ғана келдім. Содан бері адамдарға көрсетіп, бастап жүрмін. Жалпы, мен адамдарды тауға бастаймын - Бектауатада тау нұсқаушысымын, - дейді Павел.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

- Ал тоғай бұл тізімге қалай енді? Сіз Visit Qaraganda-да осы тоғайдың амбассадорысыз ғой - маған сізсіз бұл жерге жету мүмкін емес деп айтқан еді. Білуімше, сіздер жұп болып жұмыс істейсіздер.

- Көбісі Балқашты туристік қала емес, көбіне жұмысшылар қаласы деп есептейді, яғни "бізде зауыт бар, болды" деген түсінік қалыптасқан.

Менің мақсатым - адамдарға Балқаштың картадағы бірегей орын екенін, оның айналасында назар аударуға тұрарлық көптеген табиғи нысандар бар екенін көрсету. Бір жағымызда ежелде теңіз болған көл жатыр. Екінші жағымызда - өзіндік бірегей тарихы бар реликті тоғай. Үшінші жағында - 300 миллион жыл бұрын пайда болған Бектауата таулары. Балқаш айналасы - бай өңір.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Павел Новокшоновтың айтуынша, тоғайға еліміздің түкпір-түкпірінен, негізінен Астана мен Алматыдан келеді. Әсерлері әртүрлі. Бірақ көпшілігі тәнті болып қайтады. Әсіресе, мұз дәуірінен де аман өткен, төзімділіктің символы саналатын Тораңғының тарихын білгенде таңғалыстарын жасыра алмайды.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

- Бұл жер бір қуат беретін мекен іспетті. Алғашқы әсерім осындай болды, - деп бөлістім мен өз ойымды. - Туристер бұл жерді тағы немен байланыстырады?

- Бірден Африкамен салыстырады. Біздің жергілікті Африкамыз дейді. Өйткені жазық даламен келе жатып, кенеттен дала ортасынан осындай оазиске тап боласыз.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

"Мұндағы әр ағаш бейімделе алған. Ол аман қалуға тырысты. Сондықтан да біздің Тораңғыны төзімділіктің символы деп атайды", - деп түйіндеді Павел.

Әңгімеміздің басында айтылған сол бір "Эйваға" қайта оралсақ. Жергілікті "Эйва" - тоғайдан оқшау біткен, жалғыз тұрған ағаш. Оның бойында шынымен де бір тылсым күш бар секілді: ол өзге ағаштардан ірірек әрі жайқалып тұр.

Тоғайдағы басқа ағаштардан оқшау тұрған тораңғы, жергілікті "Эйва". Фото: Бақтияр Бекмұрзаев

Visit Qaraganda директоры Бахтияр Бекмұрзаевтың айтуынша, мұнда келгендердің барлығы дерлік осы ағаштың жанында суретке түседі.

Бахтияр Бекмұрзаев, Visit Qaraganda директоры. Жеке мұрағаттан алынған фото

Павел Новокшонов та бұл ағаштың ерекше тартымды екенін растайды.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Елизавета Аксенова

Бұған дейін айтылғандай, бұл ағаш - әлеуметтік желілердің нағыз жұлдызы.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Yuliya Lasseyeva | content creator| Kazakhstan (@lassy.go) жарияланымы

Серуендеп, әңгіме-дүкен құрып жүргенде уақыттың қалай өткенін де байқамай қалыппыз. Жолсеріктеріміз айтқан ең әсерлі сәт те таяп қалды.

Күн ұясына батып барады, ал тоғай күн шапағымен құлпырып, мүлдем жаңа кейіпке енді - айнала тылсым күйге бөленгендей.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Тораңғылардың қарауытқан айқын бейнесі саваннадағы атақты қолшатыр тәрізді акациялардан айнымайды.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Төбедегі қою күлгін аспан мен көкжиектегі лаулаған қызғылт сары жолақтың қарама-қайшылығы жабайы, қол тимеген табиғаттың нағыз мистикалық атмосферасын тудырады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Тораңғының қазақ фольклорынан орын алмауы мүмкін емес еді. Жыр-дастандар мен халық аңыздарында бұл ағашты бірден үш әлеммен - тірілер, өлілер және әруақтар әлемімен байланыстырған. Ал көшпенділер үшін Тораңғы - өмірдің айқын символы: ол қатал жағдайда өсе алады, сая болады және сусыз кең далада жолаушылар үшін бағдаршам қызметін атқарды.

Тораңғы туралы ең танымал қазақ аңыздарының бірі былай дейді:

"Ерте заманда иен далада асқан сұлу Тораңғы есімді бойжеткен өмір сүріпті. Оның көңілі Темір есімді кедей жігітке ауады. Бірақ бай әрі қатыгез Қаражал оны қалайда әйелдікке алуды көздейді. Тораңғының таңдауы қайғылы оқиғаға ұласып, екі жігіт те қаза табады, ал бойжеткеннің өзі қайғыдан ыстық құмның ортасында солып қалады.

Ол опат болған жерде діңі иілгіш, басы жайқалған жалғыз ағаш өсіп шығады. Қазақтар Тораңғының жаны сол ағашта мәңгілікке қалған деп сенеді: тіпті аптап ыстықта желсіз тымық күні де ағаш жапырақтары дірілдеп, сыбдырлап тұрады. Бұл - сұлу қыздың әлі күнге дейін сүйіктісін шақырып, шаршаған жолаушыларға сая сыйлағаны деседі"...

Бәлкім, сол оқшау тұрған "Эйва" - аңыздағы Тораңғы бойжеткеннің өзі болар?

Әдемі аңыз, әдемі мекен. Бұл тоғайда "әдемі" деген сөз талай мәрте айтылған шығар. Іссапардан оралған соң, мен де осы жерде болған жүздеген адам сияқты, көрген-білгенімді айналамдағылардың бәріне айтып жүрмін. Бұл жер туралы айтпай қалу мүмкін емес.

Авторлары: Елизавета Аксенова, Әлімжан Аманжол

Аударған: Дина Шәріпхан

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Балқаш әуежайының “прайм-дәуірі“ басталды: аспашам, жүк және қайтарылған активтер туралы

“Таңдауымыз осында түсті“: Таулардың арасындағы Коробиха қалай жанданып келеді?

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:39
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қазан 2026 10:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see136

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see135

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see134

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see133

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see133

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see132

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see124

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see124

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see122

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see120

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see119

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see119

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see118

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see118

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see117

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see116

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see112

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see111

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары