Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Мұзда таймайтын ақылды қысқы шина: шегелер өзі шығып, өзі батып кетеді

Мұзда таймайтын ақылды қысқы шина: шегелер өзі шығып, өзі батып кетеді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Aikyn.kz жаңа технология қалай жұмыс істейтінін newatlas.com сайтына сілтеме жасап түсіндіреді.

Шинаның ішкі адаптивті қабаты суықта қатайып, шегені протектор бетіне қарай итеріп шығарады. Фото newatlas.com сайтынан алынды. Авторлығы: Nokian Tyres

Он жылдан астам уақыт бұрын финдік Nokian қысқы шинаның шегесін батырманы басып шығаратын радикалды тұжырымдамасын көрсеткен еді. Алайда ол жоба нарыққа шықпады, тіпті оның қалай жұмыс істейтіні де айтылмады.

Соңғы 12 жыл бойы компания бұл идеяны технологиялық деңгейде жетілдіріп, алғашқы коммерциялық өнім ретінде Hakkapeliitta 01 моделін ұсынды. Бұл шинада шегелер төмен температурада өздігінен сыртқа шығады. Ауа райы жылынса, резеңке қоспасының ішіне қайта кіріп кетеді. Өндірушінің айтуынша, бұл – нарықтағы осындай функциясы бар алғашқы шина.

Бұндай шешімнің артықшылығы – маусым ауысқанда шинаны қайта-қайта ауыстырудың немесе сырғанаудан қорғайтын шынжырмен әуре болудың қажеті азаяды. Сонымен қатар мұз жоқ кезде шегелер жол жабындысын босқа қажамайды. Nokian бұл технология жолдың тозуын 30%-ға дейін азайтып, ал мұздағы ілінісуді Hakkapeliitta 10 моделіне қарағанда 10%-ға арттырады деп мәлімдейді.

«Қажет кезде ілінісу» деп сипатталған қос әсерлі шеге технологиясы шинаның ішінде орналасқан үш қабатты құрылымға сүйенеді. Ең ішкі адаптивті негіз қабаты суықта қатайып, шегені протектор бетіне қарай итеріп шығарады. Бұл – мұзды жақсы «тістеп», ілінісуді күшейтеді. Ал күн жылынғанда сол қабат жұмсарып, шеге шинаның ішіне терең кіріп кетеді. Бұл кезде өндіруші «жолмен қауіпсіз жанасу және дәл басқару» қамтамасыз етіледі дейді.

Nokian шегелердің шығу-кіру жылдамдығына байланысты нақты цифрлар айтпайды. Компания бұндай параметрлер қоршаған орта факторларына байланысты өзгеретінін, бірақ жол жағдайы қозғалыс кезінде өзгерген сәтте шегелердің жеткілікті тез іске қосылатындай етіп жасалғанын түсіндіруде.Шегелер әр шинаға робот қолымен орнатылып, кейін протекторда берік бекітілгенін тексеру үшін сканерленеді. Бүйір және иық бөліктеріндегі шегелер ілінісу қыры көбейсін деп әртүрлі бағытта орналастырылады. Бұған қоса, жаңа шинаның мұздағы ұстамын жақсартатын оңтайландырылған протектор өрнегі, соққыдан қорғайтын арамидті бүйір қабырғалар және басқаруды күшейтетін жаңартылған резеңке қоспасы бар.

Nokian бұл технология R14 пен R22 шиналар аралығындағы 124 өлшемде шығатынын айтады. Жеңіл көліктер мен кроссоверлерге орнатуға болады. Еуропа мен Солтүстік Америкада оларды биылдың кейінгі бөлігінде сатып алуға болады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:148
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Наурыз 2026 12:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see128

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see120

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары