Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Ата аналар тілегін тыңдады

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

Жылуыңды жаз қамда

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

Нұрсаядағы жасөспірімдер төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

Өзі оқымас оқытпас

Өзі оқымас оқытпас

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қыркүйек айы. Баламның бала­бақ­шадағы тәрбиешісі Мұқағали Мақатаев­тың «Отан» атты өлеңінен екі шумақ жаттауға берді. Жарысқа қатыстырмақшы екен. Бұл үш жасқа енді ғана толатын балдырғанға сай келмейтінін айттым. Алайда тәрбиеші қиылып өтінген соң, көңілін қимай, бір аптадай жаттаттым. Бірақ өлең­дегі жиі қайталанатын сөздер мен ауыс­палы мағынадағы ойлар ауыр тиіп, қинал­ды. Сол себепті бір шумағымен шек­телдік.

Осы мәселені қыз-келіншектермен өзара сөз етіп отырғанда көпбалалы бір әріптесім: «Сендердікі жасына келмесе де мәні бар екен, бізге небір сорақы, тақпақ деу­ге келмейтін шатпақтарды берген», деді. Иә, газетіміздің 2022 жылғы 29 наурыз күнгі нөмірінде «Тақпақ емес, шатпақ дерсің» дейтін мақаламызда жазғанымыздай, ата-аналар мереке сайын жаттауға берілген тақпақтарды әлеуметтік желілерде жариялап жатады. Ондағы ұйқастардың жоқтығы бір бөлек, мән-мағынасыз, құлаққа түрпідей тиетін тіркестерден сөз ұғатын адамның бәрі ұялады. «Еміп өскен бөбекпіз, Анамыздың мамасын», дегенді де көрдік. Әңгімеге қосылған екінші келіншек бұдан да ұят нәрсенің шетін шығарып: «Үйдің айналасында он шақты балабақша бар. Бәріне баламды беріп көрдім. Кейбіріне 2 апта, енді біріне 1 ай барып, шығып кеттік. Соның кемі 7-8-нен тәрбиешінің сауатсыздығына күйіп кеткеннен шығарып алдым. Ата-анамен байланысайын деп WhatsApp-қа түрлі себеппен жазады ғой, сондағы қателерінен көз сүрінеді. Баланың атын қайта-қайта кіші әріппен жазатындарды көрдім. Ол қайтіп бала оқытады?», деді.

Мұндай жағдайға өзіміз де куә болып жүрміз. Білім тақырыбын тұрақты жазатын журналист болғандықтан жұмыс жөнінде талай педагогпен тілдестік. Басқасы – басқа, қазақ тілі мұғалімінің пунктуациядан жұрдай екенін көріп, жаға ұстағанбыз. Әлеуметтік желіде хат жазысқанда да көбінің грамматикасы ақсап тұрғанын байқаймыз. Сондайда шынымен де «Біз баламыздың сауатын кімге аштырып жүрміз?» дейтін сұрақтың мазалайтыны рас.

Сөз басындағы тақпақ мәселесіне оралайық, балабақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдерінің балаларға, оқушыларға беретін тақпақтары, өлеңдеріне қарасаңыз, біліктілігі бір бөлек, ізденістің аздығын байқайсыз. Тіпті кейде интернеттен алынған, жасанды интеллектіге жаздырған, ұйқасы әлсіз, мағынасы жоқ тақпақтарды көргенде қынжыласың.

Анам қырық жыл мұғалім болды. Үйде «Мәдениет және тұрмыс», «Қазақстан мектебі», «Қазақстан пионері» секілді педагогтер мен балаларға арналған газет-журналдар өте көп болатын. Анам солардың әрқайсысынан өзіне керегін тауып, сабағында қолданатын. Соның әсері ме, біздің кездегі мұғалімдердің сөздік қоры мол, сөйлеуі сауатты көрінетін. Ал қазіргі кейбір тәрбиешілер мен педагогтердің кітап оқымайтыны, газет-журнал ақтармайтыны анық байқалады. Сондайда 2-3 сағаттық сарыжағал арналардағы біреудің отбасын талқылайтын подкастарға уақыт жұмсағанша, бір басылым парақтаса екен дейсің. Оларға емес, ұрпақтың сауатына алаңдағаннан тілейсің.

Балама республикалық «Балдырған» журналын оқып беремін. Ай сайынғы санын асыға күтеміз. 3-тен енді ғана асқан ол «Балдырғанның» ортасындағы суреттермен берілген ертегіні қанша қайталап оқып берсем де, бірінші рет тыңдағандай тамсанып, келесіде тағы оқып беруді сұрайды. Бұйырса, «Ұлан» газетінің де оқырманы боламыз деген үміт бар. Сол басылымдарға бірінен-бірі өткен жақсы дүниелер шығады: жаттауға жеңіл тақпақтар, өнегелі әңгімелер, өлеңдер, жаңылтпаштар, ертегілер, жұмбақтар жарияланады. Неге соны педагог қауым бала оқыту ісінде пайдаланбайды? Олар бар, бірақ өте аз. Сорақысы сол, мұндай басылымдардың барынан бейхабар педагогтерді де көрдік. Бұған олардың басылымдарға жазылмауын заңмен бекітіп бергеніміз де «қолтығынан су бүркіп тұрғандай». Кәсіби тұрғыда өсіретін, сауатын аша түсетін, шығармашылығын шыңдайтын нақ педагогтер мен балаларға арналған басылымдарды насихаттауды, дәріптеуді мәжбүрлеу деп ұғатындарды түсіну қиын. Әзірге басылымдарға жазылуға үндеу  дегеніңіз – нағыз ізденбейтін педагогтер буынын қалыптастырудың төте жолы болып тұрғандай. Екіншіден, «Оқитын ұлт» тұжырымдамасына да қайшы. Оқымайтын педагог оқитын ұлт ұрпағын қалыптастырмайды. Үшіншісі әрі ең өзектісі, кітап оқитын тұлғаны тәрбиелейтін маман – тәрбиеші, мұғалім. Өзі газет, кітап оқымайтын адам алдындағы балаға қандай шығарма, нендей кітап ұсынады? Мұның «нәтижесін» көріп те үлгердік. 2023 жылдың желтоқсан айында жарияланған PISA-2022 білім сапасын халықаралық бағалау қорытындысында еліміздегі оқушылар дәл оқу сауаттылығынан төмен көрсеткіш көрсетті, тіпті шекті балға жетпеді. Осы қарқынмен кете беретін болсақ, оқу сауаттылығындағы көрсеткішіміз жақын арада оңалмайтын сияқты. Ақыр аяғы, популист менеджерлерге «алғыс айтып» отырмасақ нетті...

Соңғы жаңалықтар

Өндіріске қосылатын өнертабыс

Қоғам • Бүгін, 13:30

Инженерия баспалдағы

Digital • Бүгін, 13:10

Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Оқиға • Бүгін, 12:55

Игілігі мол құрылғы

Digital • Бүгін, 12:30

Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады

Президент • Бүгін, 12:26

Рыбакина WTA 1000 турнирінде Плишковамен кездеседі

Теннис • Бүгін, 11:59

Норвегияда 6 жасар бала 1300 жыл бұрынғы викинг қылышын тауып алған

Әлем • Бүгін, 11:30

Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін Қазақстан құрамасы 8 жүлдемен аяқтады

Спорт • Бүгін, 10:59

Жаксылық Омар ісі: Апелляциялық шағымдар қай күні қаралатыны белгілі болды

Оқиға • Бүгін, 10:33

11 мамырдағы теңге бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:56

Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райы • Бүгін, 09:31

Саясаттанушы Қазақстан-Ресей қатынастарының жаңа сипатын атады

Саясат • Кеше

«Реалдың» 8 ойыншысы «Барселонаға» қарсы ойнамайды: Тізімде Мбаппе де бар

Спорт • Кеше

Ақтау сотының төрағасы Берік Өтеевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Оқиға • Кеше

Нұрлан Сабуров Ресейде орыс тілінен тест тапсыра алмай қалды

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Мамыр 2026 13:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see196

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

22 Қыркүйек 2026 02:23see173

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see168

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see162

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see158

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see148

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see145

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see143

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

22 Қыркүйек 2026 02:21see142

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see134

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see133

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

22 Қыркүйек 2026 02:22see129

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see126

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

22 Қыркүйек 2026 03:40see119

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see119

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see115

Нұрсаядағы жасөспірімдер төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

22 Қыркүйек 2026 02:21see111

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see110

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

22 Қыркүйек 2026 04:06see107

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары