Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Музыканттар демалыста не істейді?

Музыканттар демалыста не істейді?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«Музыкалық демалыс» деген жеңіл естілетін атаудың артында тоғыз жас таланттың атқарған елеулі еңбегі тұр, атап айтсақ олар – Марта Набатова (сопрано), Дариға Қазкенова (скрипка), Аделя Дүйсенбай (скрипка), Афина Мавиди (флейта), Камиля Исмагулова (флейта), Мария Шавтельская (фортепиано), Радия Оразалинова (фортепиано), Айдар Бижанов (классикалық гитара), Әліби Жанат (композитор). Әрқайсысының қоржынында халықаралық байқаулардағы жеңістер бар, сонымен қатар олар адамдардың көбі баруды армандайтын Санкт-Петербор, Мәскеу, Вена секілді қалаларда білім алуда.

 Бағдарлама орындаушылардың мүмкіндіктерін барынша үздік деңгейде көрсетуге болатындай етіп құрылған. Фортепиано блогында жас музыканттардың төзімділігі сыналады. Мария Шавтельская кешті көпшіліктің сүйікті туындысы – Н.Меңдіғалиевтің «Домбыра туралы аңызымен» және А.Жайымның өңдеуіндегі Құрманғазының «Адай» виртуоздық шығармасымен ашады, ал Радия Оразалинова С.Прокофьевтің Фортепианоға арналған №1 сонатасы, С.Рахманиновтың №6 прелюдиясы және Ф.Шопеннің №1 скерцосы секілді шығармаларда өзінің техникасы мен пайымдау тереңдігін көрсетеді.

 Жарқын сопрано Марта Набатова опера блогымен сахнаға шығады: әнші Р.Леонкаваллоның «Паяцы» операсынан Недданың речитативі мен балладасын және В.А.Моцарттың «Дон Жуан» операсынан Эльвираның ариясын орындайды. Әртіс сан алуан мәнер мен драманың түрлі деңгейін паш етеді. Скрипкашылар Дариға Қазкенова мен Аделя Дүйсенбай еуропалық мектептің қырларын таныстырады. Аделя бағдарламаның скрипкаға арналған бөлігін К.Сен-Санстың «Хаванезімен» ашады, ал Дариға И.Брамстың Скрипкаға арналған концертін (II және III бөлімдер) ұсынады. Флейташылар Камиля Исмагулова мен Афина Мавиди Г.Форенің Флейта мен фортепианоға арналған фантазиясын және Ж.Бизенің «Кармен» операсы тақырыбына Ф.Борнның тамаша фантазиясын орындап, бағдарламаға еркіндік лебі мен француз сиқырын үстейді. Ал гитарашы Айдар Бижанов Ф.Тарреганың «Араб каприччиосы» мен Р.Дьенстің жалынды Fuoco туындысын орындау арқылы кештің атмосферасын ерекше жігерлендіре түседі.

 Әліби Жанат – осынау концертте туындылардың авторы ретінде өнер көрсететін жалғыз қатысушы. Оның Домбыра мен фортепианоға арналған вариациялары (мұнда Әліби Мария Шавтельскаямен бірге дуэтте домбырамен сахнаға шығады), Фортепианоға арналған «Сөзсіз ән» мен Марта Набатованың орындауындағы Сопрано мен фортепианоға арналған «Сезім сыры» романсы классикалық туындылармен бір қатарда тұр.

 - «Музыкалық демалыс» концерті үшін авторлық үш туындымды дайындадым, олардың әрбіреуі менің музыкалық тілімнің сан алуан қырларын өзінше бейнелейді. Бұлар әртүрлі аспаптық ұжымдарға арналған сан алуан жанрдағы шығармалар. Онда романтикалық лирика, фольклорлық екпіндер мен заманауи академиялық композиторлық тәсілдер бірге өріледі, бұл менің шығармашылық қолтаңбамның әртүрлі қырларын ашуға мүмкіндік береді, - дейді композитор. – Қазақстандық көрермендер бұл туындыларды алғаш рет тыңдағалы отыр, сондықтан оларды қазақстандық премьера деп санауға болады. Туындыларымның Қазақстандағы алғашқы таныстырылымы дәл осы шығармашылық жоба аясында орын алатыны мен үшін ерекше маңызды жайт. Өйткені «Музыкалық демалыс» - достарыммен және әріптес-музыканттармен бір сахнада кездесуге, шығармашылық күш-қуатымызбен бөлісуге және тыңдармандарға жанды музыкалық тілдесу атмосферасын сыйлауға тамаша мүмкіндік. Мұндай кештер орындаушылар мен көрермендерді музыкаға деген шынайы махаббат арқылы біріктіріп, әрдайым айрықша оқиғаға айналады. Осынау жобаның бір бөлшегі болатыныма өте қуаныштымын және көрермендермен кездесетін сәтті асыға күтудемін, - деп қорытындылады Әліби Жанат.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:99
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Шілде 2026 17:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары