Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Нарыққа шығудың бүгінгі мүмкіндіктері

Нарыққа шығудың бүгінгі мүмкіндіктері

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Еліміз кейінгі жылдары шикі­заттық емес экспортты ұлғайтуға басымдық беріп жүр. Бұл міндет­ті жүзеге асыруға өндірісті қаржылан­дырумен қатар, экспорттаушыларды сақтандыру мен кепілдендіру тетіктерін күшейту де маңызды. Үкіметтің мәліметінше, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің директорлар кеңесі Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігіне мемлекет кепілдігімен қосымша 250 млрд теңге тартуға рұқсат етті. Кепілдік 10 жыл мерзімге беріледі. Бұл шешім агенттіктің сақтандыру мен кепілдік беру мүмкіндігін айтар­лық­тай кеңейтуге мүмкіндік тудырады.

Нәтижесінде, агенттіктің сақтандыру және кепілдік міндеттемелерінің жалпы сыйымдылығы биыл 1,2 трлн теңгеге дейін ұлғаяды деп күтіліп отыр. Бұл көрсеткіш отандық экспорттаушыларды қолдау көлемінің жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанын аңғартады.

Қазақстанның Экспорттық-кредит­тік агенттігі мамандарының айтуын­ша, кейінгі алты айда ұйымның қар­жы­лық әлеуеті едәуір нығайған. Осы кезеңде жарғылық капитал 70 млрд тең­геге ұлғайып, мемлекеттік кепілдік көлемі тағы 200 млрд теңгеге артқан. Нәти­жесінде, сақтандыру мен кепілдік беру мүмкіндігі 950 млрд теңгеге дейін жеткен. Ал биыл бөлінетін қосымша 250 млрд теңге бұл көрсеткішті 1,2 трлн теңгеге дейін жеткізбекші. Бұл өзгеріс экспорттаушыларға нақты қандай мүмкіндік береді?

Мәселенің мәні мынада: көптеген кәсіпорын шетелге өнім шығаруға дайын болғанымен, тәуекелдердің жоғары болуы олардың нарыққа шығуын тежейді. Кей жағдайда сатып алушының төлем қабілетіне қатысты күмән туындайды. Кейде экспорттық келісімшарттарды қаржыландыру қиынға соғады. Осындай жағ­дайда Экспорттық-кредиттік агент­тік­тің құралдары бизнестің тәуеке­лін азайтып, сыртқы нарыққа шығуын жеңілдетеді.

Бүгінде агенттік экспорттаушыларға қарыздар мен дебиторлық берешектерді сақтандыру, экспорттық мәмілелерді кепілдендіру, экспорт алдындағы және экспорттық-саудалық қаржыландыру қызметтерін ұсынады.

Әсіресе экспорттық-саудалық қаржы­лан­дыру тетігінің маңызы артып келеді. Бұл құрал шетелдік сатып алушыларға тиімді шарттармен қаржы ұсынуға мүмкіндік береді. Соның арқасында отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі артады.

Қазір мұндай механизм Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстан сияқты көр­шілес нарықтарда белсенді қолда­нылып келеді. Бұл өз кезегінде отандық тауарлардың экспорт географиясын кеңейтуге ықпал етіп отыр.

Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі өңдеуші өнеркәсіп пен жоғары қосылған құны бар өнім өндірушілерге ерекше назар аударып тұр. Агенттік қолдауының басым бөлігі агроөнеркәсіп кешені, тамақ өнеркәсібі, металлургия, машина жасау мен химия салаларына бағытталған.

Маңызды жайттың бірі – қолдау тек ірі кәсіпорындарға ғана арналмаған. Агенттік қоржынындағы жобалардың жартысынан астамы шағын және орта бизнес субъектілеріне тиесілі. Бұл өңірлердегі кәсіпорындардың да сыртқы нарыққа шығуына мүмкіндік беріп жүр.

Қазір агенттік қолдауын пайдаланатын кәсіпорындардың қатарында «Прима Құс», «Шин-Лайн», «Масло-Дел», «RG Brands Kazakhstan», «Qarmet» тағы басқа да ірі өндіріс орындары бар. Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі басқармасының төрағасы Аллен Шәйжүнісовтің айтуынша, ұйымның қаржылық мүмкіндігінің кеңеюі экспортты қолдаудың ауқымын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«Қосымша капиталдандыру бізге экономиканы әртараптандыру мен шикізаттық емес экспортты арттыру жөніндегі стратегиялық міндеттерді шешуге мүмкіндік жасайды. Біздің құралдарға нарық тарапынан сұраныс жоғары. Биылғы жылдың бес айында ғана агенттік қолдауын 54 кәсіпорын алды. Көрсетілген қолдаудың жалпы көлемі 308,8 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен асып түсті. Жыл қорытындысында сақтандыру мен кепілдік міндеттемелерінің сыйымдылығы 1,2 трлн теңгеге дейін ұл­ғаяды. Бұл қаржылық резерв экспорт­таушылардың өсіп келе жатқан сұранысын толық өтеуге әрі отандық тауарлардың сыртқы нарықтағы позиция­сын нығайтуға мүмкіндік береді» дейді А.Шәйжүнісов.

Агенттіктің қызметі тек қаржы­лық көрсеткіштердің өсуімен ғана шектелмейді. Кейінгі жылдары ұйымның халықаралық беделі де артып келеді. Биыл мамыр айында Астанада өткен Берн одағының көктемгі отырысы соның айқын дәлелі болды. Жиын қорытындысында Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі Берн одағының Қысқа мерзімді сақтандыру жөніндегі комитетіне мүшелікке қабылданды.

Бұл – жай ғана мәртебелік жетістік емес. Аталған комитетке мүшелік агенттікке әлемдегі жетекші сақтандыру ұйымдарымен тікелей жұмыс істеуге, қайта сақтандыру тетіктерін кеңейтуге әрі халықаралық тәжірибені тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан үшін экспорт көлемін арттыру ғана емес, оның құрылымын өзгерту де маңызды. Шикізаттық емес өнім экспортының үлесі өскен сайын экономиканың тұрақтылығы күшейеді. Ал мұндай мақсатқа жету үшін өндірушілердің сыртқы нарыққа шығуына қолайлы қаржылық орта қалыптастыру қажет.

Сондықтан Экспорттық-кредиттік агенттіктің сақтандыру сыйымдылығын 1,2 трлн теңгеге дейін ұлғайту жөнін­дегі шешімді жай қаржылық көр­сет­кіш ретінде қарастыруға болмайды. Бұл – отандық өндірушілердің жаңа нарықтарға шығуына, өңдеу өнеркәсібінің әлеуетін арттыруға әрі ел экспортын әртараптандыруға бағытталған жүйелі саясаттың бір бөлігі. Экспортты дамыту жолындағы бұл қадам отандық кәсіпорындардың халықаралық бәсекедегі мүмкіндігін күшейтіп, ұлттық экономиканың сапалы өсіміне негіз қалауға тиіс.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Маусым 2026 09:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары