Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Наурыз айы туғанда : ән әуелеген мереке

Наурыз айы туғанда : ән әуелеген мереке

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Ғасырлар бойы тойланып, ұлтымыздың ұлық мерекесі саналған – Ұлыстың ұлы күні ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, бүгінгі күні ынтымақ-бірліктің мейрамына айнал­ды. Сондай-ақ Наурыз – мейрам ғана емес, қазақтың мәдениеті мен тарихын, ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын ұрпаққа өнеге ретінде сіңіретін, дәріптейтін, наси­хаттайтын тәрбиелік мәнге де ие.

2021 жылы елімізде Наурыз мейрамы тұжырымдамасы бекітілді. Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «...Елі­міздегі тұрақтылық пен береке-бірлік үшін барлығымыз бірдей жауаптымыз. Осы орай­да, халқымызды біріктіретін ортақ құндылық­тарды барынша дәріптеп, ой-санаға берік орнықтыруымыз керек. Мы­салы, Наурыз мейрамын атап өту тұжырым­дамасын жасап, көктем мерекесінің маз­мұнын ба­йыта түскен жөн. Бүкіл қоғам­ды ұйысты­ратын құндылықтар неғұрлым көп болса, бірлігіміз де соғұрлым бекем болады», – деп, Наурыз мейрамының жаңа сипаты мен мазмұнын айрықша атап өткен болатын.

 Осы тұжырымдамада Наурызды он күн тойлау жобасы жасалды. Ресми мерекелік күндер – наурыздың 21-і, 22-і, 23-і. Ал наурыздың 14-нен бастап Ұлыстың ұлы күніне әзірлік күні әрі ұлттық мұрамызды дәріптеу жолы ретінде түрлі шаралар ұйым­дастырылатын нақты он күн таңдалды. Тұжырымдамаға сәйкес әр күнге өзіндік мағына мен мазмұн, сән мен салтанат, ынтымақ-ырыс жасырылды.

Ұлы далада ен жайлап, бақ қонып, Қыдыр дарыған қазақ үшін Наурыз мейра­мының ырыс-берекесі, дәні мен дәмі – наурызкөже болса, сән-салтанаты мен мә­дениеті – ұлттық өнер мен ұлттық бұйым­дар, ою-өрнегі астасқан ұлттық киімдер десек, мәні мен мазмұны – ән мен күйі, ұлттық салт-дәстүрі, ұлттық ойын­дары. Ұлыстың ұлы күнінде халық үйде отырмайды, далаға, көкке шығады, бой көтереді, барлық адамға құтты болсын айтады, шат-шадыманға араласады. Наурыз жырын айтады. Наурыз айы туғанда бабалар салты жаңғырып, халқымыздың рухы тү­леп, арман-мұраты, мәдениеті мен әдет-ғұрпы асқақ ән-әуенімен астасып, шырқау көкте әуелеп, ерекше шаттықпен тамылжи шырқалады. Әсіресе, наурыз әуенін ыңыл­дап айта бастаған әрбір қазақ үшін «...Наурыз айы туғанда, той болушы еді, бұл маңда...» деп басталатын әнінің әуезі асқақ, бағы артық. Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған осы – «Наурыз-думан» әні халық арасында кеңінен таралып, қазақы өмір салт пен халықтың тіршілік тынысын, мінезі мен мерекелік көңіл күйін дөп баса алғанымен ерекше.

Ұлыстың ұлы күнінің тарихы мен та­ғылымына үңілгенде 1926 жылға дейін той­ланып келген думанды мерекеге ескі­ліктің, діннің насихатшысы деген желеумен тыйым салғанын көреміз. Бірақ ел ішінде жасырын тойланып, халық жадында сақ­талып, ұлт рухымен бірге жаңғырып, мәңгі жасарып келе жатқан мейрамымыз 1988 жылы Алматы қаласында жалпыхалықтық мереке ретінде қайтадан ашық тойлана бастады. Осы жылдары алғаш рет сахнада шырқалған «Наурыз-думан» әні халықтың рухына дем беріп, тыңдаушының құлақ құрышын қандырғаны рас. Әннің тұңғыш тұсауын кесіп, бірінші рет сахнада орын­даған Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева думанды әннің туу тарихы туралы айтып берді.

– «Наурыз-думан» әнінің музыкасын композитор Талғат Сарыбаев жазды, өлең-сөзін Мұқағали Мақатаевтың кітабынан алғанбыз. Мен ақынның «Наурыз-думан» өлеңіне ән жазып беруін өтініп, Талғат Сарыбаевқа бардым. Өзімнің болашақ туындыны қалай көріп тұрғанымды сөзбен суреттеп бердім. Композитор ойымды бір­ден түсінді. Мен қалаған мінез бен стильде ән жазды.

Көктемнің шуақты сәттері, наурыздың ерекшелігі мен қазақтың дарқан пейілін беретін ұлттық рухтағы жақсы бір әннің тууын­да музыканың білікті маманы жол­дасым Тасқын Оқаповтың да үлесі бар. Өзі режиссер, өзі композитор, өзі ән өңдеуші болатын. Жаңа туындыны бірден ұнатты. Содан «Наурыз-думанды» тұтас компо­зицияға айналдыруды ұсынды. Ойдан ой, пікірден пікір туа келе, Тасқынның ұсы­нысымен әннің ортасына атақты «Шер­нияз» күйін қостық. Әннің ұлттық бояуы қалыңдап, тынысы кеңіп, қазақтың нағыз болмысын, қонақжай да дарқан пейілін көз алдыңызға келтіретін әнмен тың­дарман осылайша қауышты, – деп еске алды әнші.

Роза Қуанышқызының айтуынша, «Наурыз-думан» әні бүкіл мерекемізге ерекше көңіл күй, ерекше әсер қосты, халықтың мерейін көтерді, нағыз қазақтың тойын мерекесін жырлайтын ән болды.

– 1988 жылы Наурыз мейрамының алғаш тойлана бастаған кезі болатын. «Наурыз-думанды» ұлттық құндылық, дәс­түр-дағдыға шөліркеп жүрген халық бірден жылы қабылдады. Ауыздан ауызға көшіп, ел арасына тез тарап кетті. Міне, содан бері де 30 жыл уақыт өтті, бірақ ән ескірген жоқ. Әз Наурызбен бірге жаңаша түлеп, әр көктем сайын халық сүйікті әні­мен сағына қауышады. «Наурыз-думанды» талай шет елде де орындадым. Әлемнің қай бұры­шында бармайын, шығарма өте жақсы қабылданды. Толассыз қошемет-құрметке ие болды. Үл­кендер алғыс айтып, батасын берді. Бұл – әннің өміршеңдігі. Ұлы ақын Мұқа­ғали Мақатаев пен дарынды компо­зитор Талғат Сарыбаевтың кәсіби биік тал­ғамының жемісі. Қаншама жыл өтті, бұл ән әр наурыз сайын бүкіл қазақтың сүйікті әніне айналды. Репертуарымда осындай әнімнің барына бақыттымын. Мен өте бақытты әншімін, – дей келе, Роза апамыз оқырманды Наурыз мейрамымен құт­тықтады.

 – Жылдан жылға Наурызға аман-есен жетіп, тек қана жақсылықта дастарханымыз қуанышқа жайылып, бір-бірімізге тек жақсылық тілеп өмір сүрейік. Жаңа жы­лымыз жаңа күніміз – жылдың басы Нау­рыз мерекесі қазақ халқына қуаныш, бе­реке-бірлік әкелсін, – деді халық әртісі.

Қазақтың музыкалық мәдениетінде ән мен күй тек өнер ғана емес, халықтың өмір салтының, дүниетанымының, пайым-парасатының өлшемі, арман-мұратының жаршысы саналады. Халық арасында кеңінен шырқалып, танымал болған Нау­рыз туралы әндердің қай-қайсысын алсақ та ел мен жердің біртұтастығы мен бірлік-берекесін жырлайды. Соңғы жылдары дәстүрлі әуендер заманауи форматпен үндесіп, мерекелік тың үн мен мазмұн тудыруда. «Армысың, әз-Наурыз!», «Көк­тем келді», «Әз-Наурыз құтты болсын!», «Наурыз мейрамы», «Наурыз келді», «Ерке Наурыз» сияқты туындылар ұлттың рухы, табиғаттың жаңаруы, халықтың бірлігі секілді терең мазмұн, қарапайым мәтін және көңілді әуенімен жанды жадыратады. Сонымен қатар флешмобтарға арналған әндер де көбейді. Мұндай композициялар көпшілік орындауға ыңғайлы, ырғақты болуымен қатар қазақ музыка мәдениетінің жаңа кезеңін қалыптастырып келеді. Мәселен, әнші Алтынай Жорабаева орын­дайтын «Наурыз көктем» жыры:

– Келді көктемім

Гүлдер бүршігін жарып,

Келді көктемім

Жаңа бір үміт алып,

Қуанып жасымыз да, кәріміз де

Саламыз шаттық әнге бәріміз де... – деп әннің де, көктем мезгілінің де табиғатын аша түссе, әнші Тамара Асар мен «Жігіттер» тобы «Наурыз – Амал» әнімен:

– Наурыз, наурыз тіршіліктің бастауы

Наурыз, наурыз ақ арманның асқағы

Наурыз наурыз салт дәстүрім жаңғырған

Наурыз наурыз қазағымның аспаны... – деп мерекелік көңіл күйдің шадыман шат-тығын жырға қосады.

Арман-мұратын ән қанатына байлап, даласын жырмен тербеп, күймен әлдилеген қазақ үшін Наурыз әуені тек мерекелік фон емес – ұлттық мәдениеттің мәйегі десек болады. Ал қазақ топырағына табан тіреген кез келген адам үшін «Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай» әсер қалдыратынының сыры мен тылсымы – әуезді ана тілі мен бауырластық-татулықты ту еткен қазақтың жанына байлаулы болса керек.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Наурыз 2026 08:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары