Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Неге үйіңіздің шатырынан үнемі су ағып, лифт бұзыла береді: ТҮКШ туралы ашық әңгіме

Неге үйіңіздің шатырынан үнемі су ағып, лифт бұзыла береді: ТҮКШ туралы ашық әңгіме

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Көбісі ТҮКШ аббревиатурасын естігенде көз алдына құбырлар, лифті, аула сыпырушылар, қоқыс контейнерлері немесе коммуналдық қызмет түбіртектерін елестетеді. Бірақ ТҮКШ - бұл әлдеқайда ауқымды ұғым. Кондоминиумдарды басқару республикалық қауымдастығының басқарма төрағасы Павел Шульгин TengriНоме авторлық бағанында неге ТҮКШ мәселелерін ашық талқылайтын уақыт келгені туралы ой бөлісті.

Поделиться

Көбісі ТҮКШ аббревиатурасын естігенде көз алдына құбырлар, лифті, аула сыпырушылар, қоқыс контейнерлері немесе коммуналдық қызмет түбіртектерін елестетеді. Бірақ ТҮКШ - бұл әлдеқайда ауқымды ұғым. Кондоминиумдарды басқару республикалық қауымдастығының басқарма төрағасы Павел Шульгин TengriНоме авторлық бағанында неге ТҮКШ мәселелерін ашық талқылайтын уақыт келгені туралы ой бөлісті.

Үй - ортақ меншік

Көпшілігіміз үйдің жай-күйіне өзімізден басқаның бәрі жауапты деп ойлаймыз: МИБ төрағасы, басқарушы компания, әкімдік немесе "инспекциядағылар". Ал біз - жай ғана тұрғынбыз. Төлемдерді (ұмытпаған кезде) төлейміз де, "жоғарыдағылар" бәрін жөндеп беретін күнді күтеміз.

Ал кейін: "Неге лифт тағы істемей тұр, неге кіреберістен иіс шығады, балалар алаңы неге ескірген?" - деп таңғаламыз.

Үй - біреудің меншігі емес. Ол - барлық пәтер иесінің ортақ мүлкі. Біз оны осылай қабылдамайынша, ешқандай реформа мен "жақсы басшылар" жағдайды түзей алмайды.

Парадокс

Сіз жұмыс істеп жүрген ноутбугті көздің қарашығындай сақтайсыз. Балаларға бермейсіз, бөтендерге сеніп тапсыра алмайсыз. Ал енді өзіңізге адал жауап беріңізші: үйіңіздегі лифтінің жай-күйіне соңғы рет қашан мән бердіңіз? Немесе ай сайынғы төлемдеріңіз нақты не нәрсеге жұмсалып жатқанын білесіз бе?

Сіздің көппәтерлі тұрғын үйіңіз - бұл сіздердің ортақ меншік. Ол мемлекеттікі де, басқарушы компанияныкі де, төрағанікі де емес. Ол - сіздікі. Көршілермен бірге иелік ететін мүлік.

Дәйексөз авторын қосу

Сурет қосу

Павел Шульгин

Кондоминиумдарды басқару қауымдастығының төрағасы

Өміріңізде тым болмаса бір рет өзіңізге қоятын сұрақ: егер мен өз мүлкімді басқаруға қатыспасам, онда оны кім басқарып жүр?

Үй тұрғындары ең көп жіберетін қателіктері

Ең танымал қателік: "Тарифті неге көтереді? Онсыз да қымбат!" Ал екі-үш жылдан кейін шатырдан су аққанда немесе лифт мүлдем істен шыққанда, бес есе артық шұғыл жарна жинайды. Сонда бәрі: "Тағы да тонау!" - деп наразылық білдіреді.

Сырттан ешкім немесе мемлекет келіп, біздің мүлкімізге бір тиын да салмайды. Бұл олардың үйі емес. Бұл - біздікі. Оны өз қаражатыңа күтіп ұстау - нағыз меншік иесі болу деген осы.

Тағы бір жиі кездесетін жағдай: адамдар жиналыс хаттамасын немесе қаржылық есепті ашып қараудың орнына, "көршім айтты..." деген әңгімелерге сене салады. Құжаттарды ақтарып түсінуге ерінеді, ал "бәрінің қалай нашар екенін" тыңдау қызық көрінеді.

Үшінші қателік - үйдің ақшасы туралы кез келген әңгімені төраға немесе көршімен жеке соғысқа айналдыру. Сандарға қараудың орнына, біз осыдан үш жыл бұрын кімнің кімге не айтқанын еске түсіре бастаймыз.

Өзіңізге сұрақ қойыңыз: мен өз үйім бойынша есепті бір рет болсын ашып көрдім бе? Әлде маған өсекке сенген ыңғайлы ма?

Тұрғындардың ортақ мүлкін кім бүлдіреді?

Дәл қазір лифтіге мініңіз. Қабырғаларына қараңыз. Немесе кешкісін балалар алаңына шығыңыз.

Көбіне біз бөтен біреулердің емес, өзіміздің, балаларымыздың немесе қонақтарымыздың әрекетін көреміз. Лифтке сызылған жазулар, сынған әткеншектер, "бір минутқа ғана" деп кіреберіске қойылып, бір апта бойы алынбайтын қоқыс пакеттері, жертөледе рұқсатсыз қойылған қоршаулар – мұның бәрі кейін тұрғындардың бәріне қолайсыздық тудырады.

Біз бейберекетсіздікке шағымданамыз, бірақ соны өзіміз де жасаймыз.

Сұрақ: егер әрқайсымыз ортақ мүлікті бүлдірмеуден бастасақ, үйіміз қаншалықты тез өзгерер еді?

Үйді тегін күтіп ұстау туралы иллюзия

Біз жаңа лифттерді қалаймыз. Заманауи балалар алаңдарын қалаймыз. Бейнебақылауды, күн сайын тазаланып тұратын кіреберістерді, жөнделген қасбет пен кеппейтін жасыл желекті қалаймыз.

Бұл ретте, жарналарды сәл көтеру ұсынылғанда, көпшілік шын жүректен наразы болады. Бұл - соңғы үлгідегі жаңа смартфонды алғысы келіп, бірақ ол үшін 2010 жылғы телефонның бағасын төлегісі келгенмен бірдей. Немесе "премиум-көлік" сатып алып, оған арзан бензин құйып, сосын оның неге бұзылатынына таңғалу сияқты.

Біз "премиум" деңгейді қалаймыз, бірақ "эконом" бағасымен төлейміз. Тәртіпсіздікке шағымданамыз, бірақ өзіміз тәртіп сақтамаймыз және үйдің тыныс-тіршілігіне араласпаймыз.

Мұның бәрінің қарапайым түсіндірмесі бар: көппәтерлі тұрғын үйді күтіп ұстау үшін қаржы қажет. Ол аса көп емес, бірақ міндетті шығын. Егер бұл қаражат уақытылы әрі жоспарлы түрде жиналса, үлкен мәселе туындамайды. Ал жиналмаса, кейін күтпеген жөндеу жұмыстарына көп ақша жұмсалып, тұрғындар "бәрі нашар" деп шағымдануға мәжбүр болады.

Үй - шағын қала іспеттес

Сіз тұратын көппәтерлі тұрғын үй - шағын қала іспетті. Мұнда "жолдар" (кіреберістер мен баспалдақтар), инженерлік желілер, қауіпсіздік жүйесі, жарықтандыру, абаттандыру, көгалдандыру, тұрақтар, балалар аймағы мен коммуналдық қызметтер бар.

Осының бәрі - ортақ мүлік. Біздің қарым-қатынасымызға байланысты бұл дүниелердің барлығы не талапқа сай жұмыс істейді, не біртіндеп тозып, жарамсыз күйге түседі.

Үлкен қалада шенеуніктер жолға дұрыс қарамаса, наразылық білдіреміз, ал өз "шағын қаламызда" біреу келіп бәрін жасап бергенін күтіп отырамыз.

Ал егер үйімізге дәл осылай өз қаламыз ретінде қарай бастасақ не болар еді?

Бүгіннен бастап нені өзгертуге болады (тәжірибелік нұсқаулық)

Ең бастысы - ыңғайлы сәтті күтпеу және "бәрібір ештеңе өзгермейді" деген ойдан арылу керек. Кез келген меншік иесі нақты не істей алады:

Тоқсанына кемінде бір рет үйдің құжаттарына (хаттамалар, есептер, келісімшарттар) көз салыңыз. Бұл небәрі 15-20 минут уақытыңызды алады және ақшаның қайда кетіп жатқанын бірден көрсетеді. Жиналыстарға тым болмаса онлайн немесе жазбаша түрде қатысыңыз. Сіздің дауысыңыз басқалардың дауысымен тең дәрежеде маңызды. Жарналарды уақытылы төлеңіз. Бұл "төрағаға көмектесу" емес, бұл - өз мүлкіңізді қорғау. Ортақ мүлікке ұқыпты қараңыз. Лифтке сурет салмаңыз, қоқыс тастамаңыз, баршаға (соның ішінде балаларыңыз бен қонақтарыңызға да) ортақ дүниелерді бүлдірмеңіз. Егер жүйелі мәселені көрсеңіз - оны тіркеңіз (фото, видео, күні). Тұрғын үй инспекциясына (eGov арқылы немесе жеке барып) немесе әкімдікке өтініш жазыңыз. Нақты деректерді, нормаларды және неге қол жеткізгіңіз келетінін көрсетіңіз. Сұраныс неғұрлым нақты болса, мәнді жауап алу мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады. Егер өтінішті қалай дұрыс тұжырымдауды білмесеңіз, қоғамдық бақылау топтарына хабарласыңыз (олар туралы ақпаратты интернеттен табуға болады). Олар меншік иелеріне сауатты сұранымдар жасауға және процесті бақылауға көмектеседі. Көршілермен сөйлесіңіз. Өсек айтпай, нақты мәселелерді талқылаңыз. Кейде жағдайды оңалту үшін 5-10 белсенді меншік иесінің өзі жеткілікті.

Басты ереже: кішкентай қадамнан бастаңыз. Бір құжат. Бір жиналыс. Әдепті, бірақ нақты жеткізілген бір шағым немесе ұсыныс. Нәтиже біртіндеп жинақталады.

Қорытынды

ТҮКШ саласындағы негізгі мәселе тек шенеуніктердің кабинеттерінде немесе басқарушы компаниялардың кеңселерінде емес. Ол меншік иесі ортақ мүлікті өз мүлкіндей қабылдауды тоқтатқан сәттен басталады.

Өз үйімізді басқаруға қатысып, баршаға ортақ дүниені ұстауды үйренбейінше, ешқандай реформалар мен мемлекеттік бағдарламалар тұрақты нәтиже бермейді.

Енді сіздерге ой тастайтын бір сұрақ: егер әрқайсымыз "бұл менің үйім және мен оған жауаптымын" деген бағытта тым болмаса бір кішкентай қадам жасасақ, бір жылдан кейін не өзгереді? Ал үш жылдан кейін ше?

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Автор туралы: Павел Шульгин - Республикалық кондоминиумдарды басқару қауымдастығының басқарма төрағасы, "Құқық аумағы" республикалық қоғамдық бақылау тобы төрағасының орынбасары.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Қазақстанда “эконом“ санатындағы тұрғын үйді “премиум“ деп сатуды қалай тоқтатуға болады? Сарапшы пікірі

Пәтерлер сатылмай жатыр ма? Тұрғын үй нарығы қалай өзгеріп жатыр?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

тұрғындар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Маусым 2026 09:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see159

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see149

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see149

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see148

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see147

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see145

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see141

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see140

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see137

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see135

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see131

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see126

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see125

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see122

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see121

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see116

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары