Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Неліктен адамдар із түзсіз жоғалады: әлеуметтік және психологиялық себептер

Неліктен адамдар із түзсіз жоғалады: әлеуметтік және психологиялық себептер

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Із-түзсіз жоғалғандар: статистика не көрсетеді

Әрбір жоғалған адам отбасы үшін ауыр соққы, ал құқық қорғау жүйесі үшін шұғыл әрекет етуді талап ететін жағдай. Мәселен, Қостанай облысында өткен жылы 720-дан астам адам хабар-ошарсыз жоғалғаны туралы өтініш түскен, олардың 633-і бір тәулік ішінде табылған.

– 88 факті бойынша мәлімет сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген. 46 адам іздеу ісі қозғалмай тұрып анықталса, 42 факті бойынша ресми іздеу жүргізілген, — деп хабарлады Қостанай облысы полициясы.

Құқық қорғаушылар барлық азаматтарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды, өтініш түскен сәттен бастап іздеуді бастайтынын айтады. Егер адам далада, орманда немесе алыс-шалғай жерде жоғалып кетсе, Ішкі істер органдары іздеуді күшейту үшін Төтенше жағдайлар департаменті мен Ұлттық гвардияны тартады. Қажет болған жағдайда іздеуге авиация да қосылады.

Фото: ТЖМ

— Көпшілік «бір тәулік күтіп барып полицияға хабарлау керек» деп ойлайды, бірақ бұл дұрыс емес. Өтінішті дереу беру жоғалған адамды табу мүмкіндігін едәуір арттырады, — деп мәлімдеді құқық қорғаушылар.

Жедел әрекеттің маңыздылығын еріктілер де ерекше атап өтеді. «Регион-10» іздестіру отрядының жетекшісі Ирина Карпенконың айтуынша, Қостанай облысында соңғы бес жылда іздеуге берілген адамдар саны азайғанымен, мәселе әлі де өзекті.

— 2024 жылы 45 адамға іздеу жарияланып, оның 36-сы табылды. 2025 жылдың басында 28 адам іздеуде болды: олардың 21-і – ер адам, 7-сі – әйел, ал жоғалғандардың көпшілігі — 30 жастан асқандар. Қазақстан бойынша 2025 жылы 20 мыңнан астам адам табылды, оның ішінде 6 мыңнан астамы — балалар. Бұл жедел әрекеттің өмірді сақтап қалудағы маңызын көрсетеді, — дейді ол.

Аймақ адамның жоғалуына әсер ете ме?

Сарапшылардың айтуынша, адамның жоғалу қаупі көбінесе аймақтың географиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Мысалы, Қостанай облысы бірнеше объективті себептер бойынша адамдардың жоғалып кету қаупі жоғары аймаққа жатады:

· жазық далалы аймақтарда бағдар болатын нысанның аз болуы;

· орман белдеулері мен су айдындары;

· елді мекендер арасындағы үлкен қашықтық;

· маусымаралық кезеңдегі қатты температура өзгерістері.

Мұндай жағдайда адам, мәселен қысқа уақыт ішінде бағытынан жаңылып, қиын жағдайға тап болуы мүмкін. Ал мас күйде болу, созылмалы аурулар немесе психологиялық күйзеліс бұл қауіптерді одан әрі күшейтеді.

Қай топтағы адамдар жиі жоғалады?

Қазақстанда жоғалған адамдардың басым бөлігі — 25–50 жас аралығындағы ер адамдар. Олардың жоғалу себептері әртүрлі: алкоголь мен есірткіге тәуелділік, психикалық бұзылулар, қарыз мәселелері, құмар ойындарға әуестік, отбасылық жанжалдар және ауыр стресс жағдайлары. Кейде адамдар туыстарымен байланысын саналы түрде үзіп, жаңа мекенжайын хабарламай кетеді.

Фото: Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті

Екінші қауіпті топ — 13–17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Олар көбіне ата-аналармен немесе қамқоршыларымен жанжал, мектептегі қысым, сабаққа қатыспағаны үшін қорқу немесе тәуелсіз болуға ұмтылу салдарынан үйден кетеді. Кейбір жағдайларда балалар үйінен қашып кетеді, не ойын клубтарында ұзақ уақыт отырып қалады.

— Көптеген жасөспірім алғашқы екі-үш күнде оралады. Дегенмен, қысқа мерзімге үйден кетудің өзі қауіпті, өйткені өңірде күн суық, одан бөлек су айдындарына түсіп кету және далада адасу қаупі бар, — дейді Ирина Карпенко.

Қарт адамдар арасында көбіне есінен адасып, қаңғып кету жағдайлары кездеседі. Бұған деменция, жады мен бағдарлау қабілетінің бұзылуы және созылмалы аурулар себеп болуы мүмкін. Бұл топ үшін іздеуді кеш бастау өмірге тікелей қауіп төндіреді.

Маусымдық ерекшеліктер де байқалады. Көктем мен жазда балалар мен жасөспірімдердің жоғалуы жиілейді. Бұл демалыс кезеңімен, достарымен қыдырып кетумен немесе табиғаттағы қауіптермен байланысты. Ал ересектердің жоғалуы жыл бойы тіркелгенімен, жазда жиі кездеседі — әсіресе балық аулау немесе далада алкоголь ішу жағдайларымен байланысты.

— Жоғалғандардың көпшілігі алғашқы үш күнде табылады. Бір тәулік ішінде тірі табылу мүмкіндігі 95%-ға дейін жетсе, үшінші күнге қарай 30–50%-ға төмендейді. Осы көрсеткіштерге сәйкес, біздің өңірде іздеулердің 90%-ы еріктілердің жылдам әрекеті мен нақты бағыт беруінің арқасында сәтті аяқталады, — дейді Ирина Карпенко.

Әсіресе, дала аймақтарында алкоголь әсерінен адамдардың бағдарынан жаңылу жағдайлары жиі тіркеледі. Сонымен қатар қарыз, қорқыныш пен күйзеліс те айтарлықтай ықпал етеді. Ер адамдар көбіне несие берушілерден немесе тәуелділіктер салдарынан бой тасаласа, жасөспірімдер арасында психологиялық қысым үйден кету қаупін арттырып, қауіпті мінез-құлыққа итермелеуі мүмкін.

— Жоғалғаны туралы хабар түскен сәттен бастап еріктілер мен құтқарушылар жедел әрекет етеді. Алғашқы сағаттарда адамның соңғы фотосы, киген киімі, жүрген бағыты, денсаулық жағдайы мен болуы мүмкін жанжалдар туралы мәліметтер жиналады. Сонымен қатар туыстары мен достарына, ауруханалар мен мәйітханаларға хабар беріліп, іздеу парақтары БАҚ пен әлеуметтік желілерге таратылады. Қажет болған жағдайда дрондар мен кинологтердің көмегімен іздеу жұмыстары жүргізіледі, — дейді еріктілер.

Мамандардың айтуынша, жоғалған адамды іздеуде алғашқы сағаттар шешуші кезең. Бұл уақытта іздер әлі сақталады, куәлар оқиғаның жай-жапсарын нақты есінде ұстайды, ал жоғалған адам, әсіресе далада немесе су айдындары маңында болса, тіршілік белгілерін беруі мүмкін. Сонымен бірге, туыстардың ең жиі жіберетін қателігі — «бір тәулік» немесе «үш тәулік» күтуі.

Фото: ТЖМ

— Көп жағдайда туыстар «бір тәулік күтейік» деп күтеді. Бұл қауіпті, қате түсінік, себебі уақыт жоғалады, адамдар өз бетімен іздеуге кіріседі де, іздерді өшіреді немесе маңызды ақпаратты жасырады.Мысалы, жанжалдар, қарыздар, алкогольге байланысты жағдайлар немесе психикалық күй туралы деректер. Кейде жеке телефон нөмірлерінің жариялануы алаяқтар мен жалған экстрасенстерді тартады. Сондықтан жоғалған адамды іздеуді дереу бастау қажет. Алғашқы тәулік ішінде адам тірі табылуы мүмкін, егер қылмыс немесе суицид жағдайы болмаса. Ал үшінші күнге қарай тірі қалу мүмкіндігі күрт төмендейді. «Тәулік күту» деген заң жоқ, полиция өтінішті бірден қабылдайды, — дейді Ирина Карпенко.

Жоғалудың психологиялық себептері

Адамдардың жоғалуы көбіне сыртқы жағдайлармен ғана емес, адамның ішкі күйзелісімен де тығыз байланысты. Назарбаев университетінің психологы Сымбат Абдрахманова мұндай жағдайларды психологиялық тұрғыдан түсіндіре отырып, дағдарысқа тап болған кезде адамның психикасы «тірі қалу механизміне» көшетінін айтады. Осындай сәтте адам қауіптен алыстауға ұмтылып, қашу немесе оқшаулану әрекеттерін таңдауы мүмкін.

— Қиын кезеңдерде психика тірі қалу стратегиясына ауысады, бұл көбіне қашу немесе жалғыздыққа кету арқылы байқалады. Мұндай кезде көмек сұрау қабілеті әлсірейді, ал өз-өзімен болу ішкі шиеленісті азайтудың жолы ретінде қабылданады. Психологияда бұл құбылыс стрестік реакциялар мен қорғаныш механизмдері арқылы түсіндіріледі. Эмоциялық жүктеме күшейген сайын адам өзін «өшіріп», сыртқы әлемнен алыстауға бейім келеді. Өйткені көмек сұрау үшін эмоциялық ашықтық қажет, ал дағдарыс кезінде бұл адамға қиын әрі қауіпті көрінеді, — дейді маман.

Дегенмен барлық жағдайда себеп бірдей емес. Жоғалу себептері адамның жасына, әлеуметтік ортасына және өмірлік жағдайына қарай әртүрлі көрініс табады. Мәселен, жасөспірімдердің үйден кетуі көбіне отбасындағы қарым-қатынасқа, қолдау деңгейіне және оқу мен әлеуметтік ортаға бейімделуіне байланысты болады. Ал ересек жаста психологиялық дағдарыстар, қаржылық тұрақсыздық және өмірлік бақылаудың жоғалуы адамның күйзелісін күшейтіп, тосын әрекеттерге итермелеуі мүмкін.

Фото: pixabay.com

Соған қарамастан, түрлі жастағы адамдарды біріктіретін ортақ себептердің бірі — отбасындағы жанжалдар. Үйде тұрақты ұрыс-керіс, сын, қысым немесе зорлық орын алса, адам өзін қауіпсіз сезінуден қалады. Уақыт өте келе үй — тыныштық мекені емес, керісінше ішкі ауыртпалықтың көзіне айналады. Мұндай жағдайда үйден кету адам үшін жан дүниедегі ауырсыну мен шиеленістен уақытша құтылудың жолы болып көрінеді.

— Зерттеулер ұзақ әлеуметтік оқшаулану, апатия, белсенділіктің төмендеуі және көңіл-күйдің нашарлауы ауыр дағдарыстық реакцияларға алып келетінін көрсетеді. Депрессия мен мазасыздық бұзылыстары жасөспірімдер арасында жиі кездесіп, өз-өзімен оқшаулану мен үйден кету қаупін арттырады, — дейді психолог.

Үйден кету мен жоғалуды алдын ала болжауға бола ма?

Маманның айтуынша, адам жоғалар алдында оның мінез-құлқында белгілі бір өзгерістер байқалуы мүмкін. Бұл өзгерістер көбіне адамның көмекке мұқтаж екенін аңғартады.

— Көбіне байланыс азайып, болашақ жоспарлардан бас тарту, бұрынғы істерін аяқтауға ұмтылу, жеке заттарын тарату, шамадан тыс шаршау мен әлсіздік сезімі байқалады. Мұндай белгілер — жай ғана болжам емес, адамның психологиялық жағдайындағы терең өзгерістердің көрінісі, — дейді Сымбат Абдрахманова.

Алайда жақындары мұндай өзгерістерді жиі елемей, оны уақытша қиындық немесе мінез ерекшелігі ретінде қабылдайды. Соның салдарынан алаңдататын белгілер назардан тыс қалып, қажетті көмек кешігіп көрсетіледі. Кей жағдайда адамдардың өзі бәрін жеңеді немесе уақыт өте қайтып келеді деген үміт те уақыт жоғалтуға әкеледі.

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

— Ашық қарым-қатынас, еркін сөйлесу мүмкіндігі, эмоциялық қолдау және кәсіби көмекке қолжетімділік — адамның психикалық жағдайын жақсартып, оның мінез-құлқын алдын ала бағалауға көмектесетін ғылыми дәлелденген факторлар, — дейді маман.

Психологтің сөзінше, мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жақындарға мұқият болып, олардың мінез-құлқындағы өзгерістерді байқап, көмек сұраған сәттерді елеусіз қалдырмау қажет. Психикалық денсаулық мәселелері үшін адамды ұялтпай, керісінше дер кезінде мамандарға жүгінуге қолдау көрсету маңызды. Көп жағдайда қарапайым түсіністік пен шынайы әңгіме үйден кету немесе жоғалу сияқты ауыр жағдайлардың алдын алуға сеп болады.

Бұған дейін Kazinform 2025 жылы Алматыда қанша адам жоғалып кеткені туралы жазған болатын.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:204
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Ақпан 2026 09:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары