Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Адамдар неліктен эндокринолог дәрігерге жиі жүгінеді

Адамдар неліктен эндокринолог дәрігерге жиі жүгінеді

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

– Қазір эндокринолог дәрігерлерді жиі іздейтін болып жүрміз. Себебі неде?

– Қазіргі таңда адамдар эндокринологқа жиі жүгінетін болды. Оның негізгі себебі – әлеуметтік желідегі ақпараттың көптігі және оны сүзгіден өткізбей қабылдау. Ұйқысы қанбай жүрсе, салмақ қосса эндокринолог дәрігерлерді іздейді. «Шаршадым, шашым түсті», «тамағымды қысып тұр, ауа жетпейді», «салмақ қосып алдым, арықтай алмадым» деп келетіндердің көбі жалпы тәжірибелі дәрігерлерді аттап өтіп, эндокринологқа тура жолығады. Негізі алдымен учаскелік дәрігердің қабылдауына жазылып, анализ тапсырып, кейін ғана біздерге жолдама алуы тиіс. Өз-өзіне диагноз қойып келген адамның қаны аз болуы мүмкін. Тамағы жай ғана ауырса да эндокринолог қарамайды. Ісіп, қызу көтерілгенде ғана жүгінсе болады. Көбі қате ойлап, болжам жасап келеді. Керісінше кейде ауырып жүргендер қашып, асқындырып алады. Қант диабеті ауруына тоқталсам… Әлеуметтік желіге байланып, қозғалыссыз жұмыс істегеннен салмақ қосады. Ол кейін асқынып, ауруға шалдығады. Балаларды дұрыс тамақтандыру да маңызды. Бұл мәселе қазір өзекті болып тұр. Бала ойнап, жүгіріп өсуі тиіс. Телефонға телміріп, фастфуд жесе, газдалған тәтті сусын ішсе дертке шалдығады. Ал қалқанша безі күйзеліске түссе, гормондар бұзылса ушығады. Тұқым қуалайтыны да бар.

– Күйзеліске түсу себебін айта ма? Адамдар нені бастан өткеріп жатыр?

– Алдымызға келген адамнан алдымен ауру белгілерін сұраймыз. «Балаларымның сабағын оқытамын», «балам үйге кеш келеді, түнімен күтіп, ұйықтамаймын» деп айтатын ересектер бар. Яғни отбасындағы тұрмыстық жағдаймен байланыстырады. Күйеуімен ажырасып жүргені де, жас тұрмыс құрғаны да көңілі алаң боп, ем іздеп келеді. Жас келіннің арасында ата-анасын сағынатыны, жүкті бола алмағаны да бар. Шынымен де гормондары бұзылса бала көтере алмауы мүмкін. Бұған дейін қалқанша безінің қабыну ауруын мұғалімдерде жиі кездеседі деп айтатын. Бірақ бұл жаңсақ пікір.

– Қазір зертханаларда чекап ұсынады. Яғни дәрумен, гормондарды біріктіріп, бірден толық тексеруден өтуге мүмкіндік жасалған. Сол сатыдан өтіп, кейін ғана дәрігер көмегіне жүгінетін адамдар бар ма?

– Жеке емханалардағы қабылдауға барып, кейде дәрумен, минералдарды тізіп, бізге әкеледі. Адам ұйқысы бұзылып, шашы түскенде бірден ақылы қызметке жүгінбеуі тиіс. Алдымен мекенжайы бойынша тіркеуде тұрған учаскелік дәрігерден бастаған жөн. Ал қазір анализді ақылы тапсырып, нутрициологтан онлайн кеңес алады. Д3 дәрумені аз, бірақ қауіпті деңгейде емес. Сонда да ішуге шешім қабылдайтындар бар. Сабырға шақырып, жетіспеушілікті табиғи жолмен толтыруға болатынын айтамыз. Кейбір келуші оны тыңдамай, шағым айтады. Дәрігер – жауыз емес. Денсаулығында кінәрат болмаса анализ тапсыруға жолдама бере алмаймыз. Емханада жұмыс, дәрігердің жазбасы да кез келген уақытта тексеріледі. Ал егер дерт анықталса, тіркеуге алып, дәрі-дәрмек тегін жазылады. Әсіресе қант диабетіне шалдыққан науқастар жіті бақылауда болады. Шынымды айтсам, пациенттерді қарап, тексеру емес, оларға түсіндіру жұмысы көп уақыт алады. Қазір Ақтөбедегі барлық емханада эндокринолог бар. Айына бірер рет өзара кездесіп, тәжірибе алмасып отырамыз.

– Балалар эндокринологі бар ма?

– Бар, бірақ жеткіліксіз. Кейде бір маман екі емханаға жауапты болады. Ақылы емдеу орындарындағы мамандар да жақсы. Біз азбыз, сондықтан бір-бірімізді танимыз. Тек Ресейден онлайн кеңес беретін эндокринолог, нутрициологтар бар. Олар эутирокс дәрісін құптамайды. Сөйтіп адамдарды жаңырыстырып, уақытылы ем қабылдауына кедергі келтіреді. Бұл мәселені министрлікке де жеткіздік. Мәселен, гормондары жұмыс істемейтін науқасымыз болды. Ол ресейлік мамандардың ақылын тыңдап, дәріні қабылдамай, кері оралғанда ісініп, салмақ қосып келді. Әлеуметтік желідегі дәрігерге сеніп, 6 ай уақытын жоғалтып алды бір ақтөбелік. Қайта гормон анализін тапсырды, жағдайы қиын болды. Әрең сөйлеп тұрған науқас дәрі қабылдаған соң денсаулығы қалыпты жағдайға түсті.

– Жиі кездесетін дерт қайсысы?

– Қант диабеті ауруы жиі кездеседі. Бұрын тұқым қуаласа, қазір артық салмақ қосылды. Біріншісі инсулинге тәуелді болғанға дейін, екіншісі инсулинге тәуелділік. Алғашқысында инсулинге тәуелділікке дейінгі кезеңді созуға болады. Дәл осы кезде диета сақтап, тамақты талғаммен жесе, ем қонады. Ал егер асқындырса, инсулин алады. Кейбір науқас асқынып кетсе де инсулин қабылдамай, қашып жүреді. Мұндайда түсіндіріп қана қоймай, жалынып отырамыз. Инсульт, инфаркт болып, көзі көрмей қалуы мүмкін. Бүйрек істен шығып, күтінбесе аяғын да кеседі. Ең қорқыныштысы осы. Қазір әр емханада Қант диабеті мектебі бар. Онда диета ұстау жолы айтылады. Науқас ауруды қабылдаса, сол аурумен бірге өмір сүру жолын таңдаса қиындықты еңсереді. Көбі білмей, атын естігеннен-ақ басын алып қашады. Еуропаға барса да қант диабеті диагнозы өзгермейді. Адамдың ұйқы безінде инсулин шығаратын жазушасы зақымданса, қандағы қант мөлшері артады. Ол қайта орнына келмейді. Диета ұстап, қалыпты өмір сүре алады. Ал инсулинге тәуелді жағдайға әкелсе сол дәріні уақытылы қабылдайды. Біздің мақсат – ауруды тоқтату, асқынуға жол бермеу. Осыны халық білуі керек. Өзім науқастан үйде кімнің тамақ пісіретінін сұраймын. Әйелі, келіні болса, ертіп келеді. Сол адамға диета жолын түсіндіріп, көмектесуін сұраймын. Ет асса нанын суға пісірсін, манты дайындаса 4-5 данасын ғана берсін. Мұның бәрі маңызды.

– Қант диабеті мектебі қалай жұмыс істейді?

– Мектепте бес сабақ өтеді. Қант диабеті дегеніміз не? Дертті қалай қабылдайды? Диета ұстау тәртібі қандай? Қант түссе, қант көтерілсе не істейді? Инсулинді және дәріні қабылдаудың дұрыс жолы қандай? Осы сұрақтар қамтылып, айтылады. Сабаққа қатысқан науқас жеуге болмайтын өнім түрін біледі. Күн сайын аяғын жуып, сүртіп, қысы-жазы шұлық киіп жүреді. Егер жараланса, тез жазылмайды. Ал мұндай дертке шалдыққан науқастар йод қолдана алмайды. Бәрін үйренсе, қалыпты өмір сүре береді. Науқастармен сөйлескенде көбінің ақпаратты дұрыс алмағын білеміз. Демек осы бағытта жұмысты күшейтуіміз керек.

– Ауру белгілерін айтып берсеңіз…

– Шөлдеп, су іше берсе, артық салмақ қосса… Осы кезде дәрігерге қаралған дұрыс. Тез шаршап қалса, қит етсе ашуға бой алдырса, жүрегі қатты қағып кетсе, терісі құрғаса… Мұндай жағдайда да қаралуы керек.

– Ауруды болдырмаудың жолы бар ма?

– Артық салмақ болса, отбасында қант диабетімен ауыратын адам болса, жасы 40-тан асса жылына бір рет қандағы қант құрамын тексертуі тиіс. ТТГ тапсырғаны дұрыс. Негізі адамдар уақылы скринингтен өтсе, осының бәрін дер кезінде анықтауға болады. Тіпті үш күн арнайы уақыт беріледі. Адамдар соның өзін тиімді пайдаланбайды. Өңірде йод тапшылығы ауруы кездеседі. Теңіз жоқ қой бізде. Бір жылдары зерттеу жүргізіліп, арнайы препараттар да берілді. Қазір мұндай жұмыс жүргізілмейді. Өзі үшін йодталған тұзды қолдануға болады. Теңіз өнімдері, соның ішінде балық жеуге кеңес береміз. Ата-ана не дайындайды, бала соны жейді. Тамақтануды, ұйқыны дұрыстап, дене жаттығуымен айналысса адамдар ауруға шалдықпас еді. Ерте ұйықтап, ерте тұрған дұрыс. Ал қазір кеш жатып, таңертең тұра алмайды. Адам тектен текке шаршамайды. Ағзадағы өзгерістер анық көрінсе, сингал түседі. Уақытылы дәрігерге қаралуы керек. Қазір адамдар асығып, қапылып келіп, айтқанымызды жартылай тыңдайды. Дәрігердің алды – дүкен емес. Сатып алып, тез кетіп қалауға болмайды. Табиғи өнімді же, адам қолымен жасалғанды тұтынба. Суды іш, түрлі тәтті сусынды пайдаланба. Нанға сары май жағып жеуге болады, бургер зиян. Күліп жүріңіз, ашуланбаңыз! Кейбірі ұратындай кіріп келеді. Дәрігердің де жұмысын сыйлап, құрмет көрсетсе екен…

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде көп жылдан бері 2-типті қант диабеті бар науқастар үшін ауруды ерте анықтаудың жаңа тәсілдерін қарастыратын ғылыми зерттеулер жүргізіліп келеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:144
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Сәуір 2026 18:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары