Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Қарыз қамыты: Банкроттыққа жұрт неліктен жүгінеді?

Қарыз қамыты: Банкроттыққа жұрт неліктен жүгінеді?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

250 млрд теңге қарыз кешіріледі

Мемлекеттік кірістер комитетінің дәр­менсіз борышкерлермен жұмыс бас­қармасының басшысы Меруерт Сейсембаеваның айтуынша, банкрот­тыққа жүгінетіндердің басым бөлігі – тұрақты нәпақасы жоқ, орта жастағы ер азаматтар.

«Банкроттыққа көбіне оңтүстік өңір тұрғындары жүгінеді. Ол жақта жағдай нашар деген сөз емес. Тек халық тығыз орналасқан аймақтарда өтініш те көбірек түседі. Түркістан облысы, Жамбыл облысы және Алматы қаласында сұраныс жоғары. Ал Солтүстік Қазақстан мен Ұлытау облыстарында халық саны аз болғандықтан, өтініш те аз беріледі. Бүгінде соттан тыс банкроттық рәсімі арқылы шамамен 65 мың отандасымыз банкрот деп танылған. Олардың 132 миллиард теңгеге жуық қарызын есептен шығару қарастырылып отыр. Ал сот арқылы жүргізілетін банкроттық рәсімінде 632 азамат банкрот мәртебесін алған. Екі тетікті қоса есептегенде, жалпы саны 66 мың 600 адам банкрот деп танылып, 250 миллиард теңге көлеміндегі берешек есептен шығарылуы мүмкін», дейді ол.

Сонымен қатар мемлекет берешекті ке­шірумен ғана шектелмей, қарызға бат­қан азаматтың еңсесін қайта тіктеп, тұр­мысын түзету жағына да ден қойып отыр. Қазір 1118 азаматқа төлем қабілетін қал­пына келтіру рәсімі қолданылған. Бұл тетік адамды бірден «банкрот» деп танып, қар­жылық тығырыққа тіреп қоймай, кері­сінше берешегін белгілі бір мерзімге бөліп, қайта реттеп төлеуге мүмкіндік береді.

«Азаматқа төлем қабілетін қалпына келтіру жоспарын бекіту үшін екі ай уақыт беріледі. Қазір 402 адамның жоспары мақұлданып, олар бекітілген кесте аясында қарызын төлей бастады. Сонда халық толық қаржылық күйреуге ұшырамай, біртіндеп қалыпты экономикалық өмірге орала алады», деді комитет өкілі.

Сенаттың Қаржы және бюджет коми­те­тінің төрағасы Сұлтанбек Макежа­нов банкроттық рәсіміне берілген өтініш­тер­дің едәуір бөлігі түрлі себеппен қабыл­дан­байды деп отыр. Оның сөзінше, жұрт рәсім талаптарын толық түсінбейді немесе заңда көрсетілген критерийлерге сәйкес келмейді.

«Өтініштердің қабылданбауына бір­неше негізгі фактор әсер етті. Атап айт­қанда, өтініш иесінің банкроттық рәсімінің басты талаптарына сәйкес келмеуі, қарыз көлемі мен төлем мерзіміне қойылатын шарттардың бұзылуы, кредитормен сотқа дейінгі реттеу рәсімінің жүргізілмеуі, сондай-ақ борышкердің өзінің қаржылық жағдайы туралы жалған мәлімет беруі секілді себептер бар. Кей азаматтар банкрот­тықты қарыздан оңай құтылудың жолы ретінде қабылдайды. Бірақ бұл – нақты талаптары мен шектеулері бар құқықтық рәсім», деді сенатор.

Халық хабарсыз...

Қаржы нарығын реттеу және дамы­ту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың айтуынша, төлем қабілетінен айырылып отырған азаматтардың көбі банкроттық рәсімінің бар екенін де біл­мейді. Тіпті қаржылық тығырыққа тіреліп, несиесін жаба алмай жүрген жандардың өзі бұл тетікті қалай пайдалану керегін тү­сінбей, уақыт өткізіп алады. Соның кесі­рінен берешек үстіне берешек жиналып, жағдайы одан сайын күрделене түседі.

«Білместік салдарынан көптеген қарыз алушы проблемалық берешегін реттеу үшін ешқандай әрекет жасамай, жағ­дайды одан әрі қиындатып алады. Осы­ған байланысты 2026–2028 жылдарға ар­­нал­ған азаматтардың әл-ауқатын артты­ру бағдарламасы аясында соттан тыс бан­крот­тық­тың проактивті тетігін енгізу жос­­парланып отыр. Ендігі мақсат – қарыз­ға батқан азаматтың өзі барып сабыл­май-ақ, мемлекет тарапынан алдын ала көмек көрсету тетіктерін күшейту. Төлем қабілеті төмендеп, несиесін ұзақ уақыт төлей алмай жүрген адамдар автоматты түрде анықталып, оларға заңды жолдар мен мүмкіндіктер түсіндіріледі. Бұл бір жағынан, халықты қарыз шырмауына терең батып кетуден сақтаса, екінші жағынан, қаржылық сауатты арттыруға ықпал етпек», деді О.Қизатов.

Жаңа тетік аясында 5 жылдан астам уақыт төленбеген қарызы бар және тір­келген ұялы телефон нөмірі көрсетіл­ген азаматтарға автоматты түрде SMS-хабар­лама жіберіледі. Егер азамат келісім берсе, уәкілетті орган соттан тыс банкроттық рәсімін өздігінен бастайды. Мемлекеттік кредиттік бюроның дерегіне сәйкес қазірде мұндай талаптарға сай келетін 300 мыңнан астам қарыз алушы бар.

Жалпы, елімізде жеке тұлғалардың банкроттығының үш түрі бар: соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рә­сімі. Соттан тыс банкроттық банктер, микро­қаржы ұйымдары және коллек­тор­лық агенттіктер алдындағы 6 920 000 тең­геге дейінгі қарызы бар, қатарынан 12 ай бойы төлем жасамаған әрі атында мүлкі жоқ азаматтарға арналған. Соны­мен қатар бұл рәсім 6 ай бойы атау­лы әлеуметтік көмек алғандар мен бере­шегі 5 жылдан астам уақыт өтелмеген аза­мат­тарға қарыз мөлшеріне қарамастан қол­данылады. Бұл жерде тек банк, МҚҰ және коллектор алдындағы қарыздар есепке алынады. Ал сот банкроттығы кез келген кредитор алдындағы 6 920 000 тең­ге­ден асатын қарыздарға қатысты жүр­гізіледі. Мұнда борышкердің мүлкі элек­тронды аукцион арқылы сатылып, түс­кен қаржы кредиторлардың талабын жа­буға жұмсалады. Тұрақты табысы бар аза­маттарға төлем қабілетін қалпына кел­ті­руге болады. Сот арқылы қарызды 5 жылға дейін бөліп төлеуге болады. Соттан тыс банкроттық жөніндегі өтінішті е-Gov, e-Salyq Azamat немесе ХҚО арқылы беруге болады, ал сот банкроттығы мен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін тұрғылықты жердегі сотқа жүгіну қажет.

Ең соңғы шешім болу керек

Экономика ғылымдарының кандидаты Сапарбай Жобаевтың сөзінше, ха­лық арасында банкроттыққа қатысты жаң­сақ түсінік көп. Көпшілік «банкрот бол­саң, барлық қарыз кешіріледі де, өмір бұ­рын­ғысынша жалғаса береді» деп ойлай­ды. Алайда іс жүзінде оның салдары әлдеқайда ауыр.

«Банкроттықтан кейін азамат 5 жыл бойы несие ала алмайды, қайта банкрот­тыққа тек 7 жылдан кейін ғана жүгіне ала­ды және 3 жыл бойы қаржылық бақы­лау­да болады. Мұның бәрі азаматқа жауап­кер­шілік жүктеу үшін жасалған. Себе­бі мемлекет банкроттықты қарыздан қашу­дың амалына айналдырмауға тырыса­ды. Қандай жағдай болсын, алдымен банкпен мәмілеге келуге ұмтылған дұрыс. Қазір көптеген қаржы ұйымдары төлем мерзімін ұзарту, ай сайынғы төлем көлемін азайту немесе пайыздық үстемені төмендету секілді қайта құрылымдау тетіктерін ұсынады. Кей жағдайда азаматтар эмоцияға беріліп, банкроттыққа асығыс қадам жасайды. Алайда кейін оның салдары өздеріне ауыр тиіп жатады», дейді экономист.

Қазақ «ауруын жасырған өледі» дейді. Сол секілді қарыз мәселесін де жылы жа­уып қойып, үнсіз жүре беру түптің-түбінде адамды тығырыққа тірейді. ҚНДРА мамандары берешек көбейген сәттен бас­тап банкпен байланысып, заң аясындағы мүмкіндіктерді қарастыру қажет екенін айтады. Әрбір қарыз алушы өзінің кредиторы – банкке, микроқаржы ұйымына немесе коллекторлық агенттікке қарызды өтеу шарттарын өзгерту туралы өтініш беруге құқылы. Мұндай өтінішке азамат өзінің қаржылық жағдайының нашарлағанын дәлелдейтін құжаттарды қоса ұсынуы керек. Олардың қатарында жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама, еңбек шартының тоқтатылғаны жөніндегі жұмыс берушінің актісі, жалақы сақталмайтын демалыс туралы құжат, жақын туысының ауруын растайтын анықтама, мүгедектік туралы құжат немесе материалдық шығын келгенін дәлелдейтін өзге де ресми құжаттар болуы мүмкін. Өтінішті азамат кредитордың кеңсесіне барып жеке тапсыра алады немесе келісімшартта қарастырылса, мобильді қосымша мен электронды пошта арқылы жолдауына мүмкіндік бар. Ал кредитор өтінішті 15 күнтізбелік күн ішінде қарап, шешім қабылдауға тиіс.

Шетел тәжірбиесінде банкроттыққа қарыздан қашудың амалы емес, адамға қайта еңсе тіктеуге берілетін мүмкіндік ретінде қарайды. Мәселен, АҚШ пен Еуропа елдерінде «fresh start» – «жаңа бас­тау» қағидасы қалыптасқан. Біз де осы үлгілі үрдістің соңынан ілесіп жатырмыз. Әсіресе халықтың қаржылық сауатын арттыруға тезірек ден қойғанымыз дұрыс-ақ...

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Маусым 2026 15:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see146

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see145

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see143

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see142

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see141

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see141

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see140

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see140

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see140

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see139

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see136

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see133

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see128

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see124

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see122

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see120

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see120

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see113

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары