Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Жабылған қарыз өзін еске салуы мүмкін: неліктен несие тарихыңызды бақылау маңызды

Жабылған қарыз өзін еске салуы мүмкін: неліктен несие тарихыңызды бақылау маңызды

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Несие өтелсе де, оның тарихы сақталады. Міндеттемелер толық орындалғаннан кейін де қарыз туралы мәліметтер жаңа өтінімді қарастыру кезінде маңызды рөл атқаруы мүмкін. Мәліметтер қанша уақыт сақталады, несиелік беделді не нашарлатады және өткен қателіктерді түзетуге бола ма? Tengri Life тілшісі осы сұрақтардың жауабын Бірінші кредиттік бюросының (БКБ) мамандарынан білді.

Несие тарихы қалай қалыптасады?

Несие тарихы - бұл адамның өзіндік қаржылық дерекнамасы. Ол банктер, микроқаржы ұйымдары және заңнамаға сәйкес бұған құқығы бар басқа да ұйымдар несие бюросына беретін ақпарат негізінде қалыптасады.

"Несие тарихында адамның қарыздары бойынша толық көрініс көрсетіледі: қарыз қай жерде және қалай алынды, қандай сомаға және мерзімге, кешіктірулер болды ма, кепіл мен қосалқы қарыз алушылар бар ма?", - деп түсіндірді Бірінші кредиттік бюросы.

Несие тарихы неге соншалықты маңызды?

Несие тарихы банктерге қарыз алушының сенімділігін және несие беруге байланысты тәуекелдерді бағалауға көмектеседі. Егер адам алдыңғы қарыздары бойынша міндеттемелерін уақытылы орындаса, оның жаңа өтінімі мақұлдану мүмкіндігі, әдетте, жоғары болады. Сонымен қатар ол неғұрлым тиімді несие шарттарына үміт арта алады.

Ал егер несие тарихында жағымсыз жазбалар болса, жағдай өзгереді. Бұл жағдайда банк несие беруден бас тартуы немесе тиімділігі төмен шарттарды ұсынуы мүмкін - мысалы, аз соманы мақұлдауы немесе жоғары пайыздық мөлшерлеме белгілеуі ықтимал.

Бұл ретте көпшілік несие тарихын тек төлемді кешіктіру арқылы ғана бүлдіруге болады деп қате ойлайды. Шын мәнінде, несие берушілер бұдан да көп факторларға назар аударады.

"Банктер мен МҚҰ-ға тым жиі жүгіну, несие картасының лимитін толық пайдалану, жоғары борыштық жүктеме, бір уақытта қолданыстағы қарыздардың көптігі, сондай-ақ біреудің проблемалық несиесіне кепілгер, қосалқы қарыз алушы немесе кепіл беруші ретінде қатысу несие тарихына кері әсерін тигізеді", - деп мәлімдеді Бірінші кредиттік бюросы.

Несие жабылды: ескеретін жайттар

Соңғы төлем жасалып, несие толық өтелгеннен кейін банк алдындағы міндеттемелер орындалды деп есептеледі. Алайда несие тарихы мұнымен аяқталмайды: қарыз туралы мәліметтер сақталып қала береді және болашақ өтінімдерді қарастыру кезінде ескерілуі мүмкін.

Заң бойынша несие тарихы деректер соңғы рет жаңартылған сәттен бастап бес жыл бойы сақталады. Сонымен қатар БКБ несие тарихының өзі бұл мерзім өткеннен кейін де бюро базасынан жойылмайтынын айтты.

Субъект пен несие берушілер қосымша келісім болған жағдайда бүкіл кезең бойынша ақпаратты ала алады, деп хабарлады бюро.

Бұл ретте несие тарихындағы мәліметтердің сақталуы әрбір несие беруші оны бірдей бағалайды дегенді білдірмейді.

"Әр ұйым талдау тереңдігін өз несие саясатына сәйкес жеке анықтайды: біреу соңғы 1–3–5 жылдағы кешіктірулерді қараса, енді бірі бүкіл кезеңді тексереді. Көп нәрсе несиенің түріне, сомасына және мерзіміне байланысты", - деп түсіндірді бюродағылар.

Несие тарихы қаншалықты жиі жаңартылады?

БКБ мәліметінше, заң бойынша банктер мен басқа да ақпарат берушілер несие тарихындағы кез келген өзгерістерді олар пайда болған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде несие бюросына беруге міндетті. Коллекторлық агенттіктер үшін бұл мерзім 30 күнтізбелік күнді құрайды. Ал жаңа несиелер туралы мәліметтер бюроға бір жұмыс күні ішінде келіп түседі.

Анықтама: Несие тарихы мен несиелік рейтинг - бұл екі бөлек ұғым екенін түсіну маңызды. Несие тарихы қарыз алушы мен оның міндеттемелері туралы мәліметтерді білдірсе, несиелік рейтинг - осы деректер негізінде есептелетін бағалау көрсеткіші.

Қарызды мерзімінен бұрын өтеу несие тарихына әсер ете ме?

БКБ несиені мерзімінен бұрын өтеудің несие тарихына бірмәнді әсері жоқ екенін атап өтті. Қарызды мерзімінен бұрын жабу фактісінің өзі болашақ өтінімдерді қарастыру кезінде жағымды да, жағымсыз да фактор болып саналмайды.

"Кейбір несие берушілер қарыздарды тым жиі мерзімінен бұрын жабуға теріс қараса, басқалары үшін бұл, керісінше, артықшылық. Бәрі несие саясатына байланысты", - деп түсіндірді БКБ-да.

Осылайша, бір ғана көрсеткішті әртүрлі несие берушілер әртүрлі бағалауы мүмкін. Несие беру туралы түпкілікті шешімді өтінімді қарастырып жатқан ұйым қабылдайды.

Несие тарихын түзетуге бола ма?

Егер өткенде тіпті бір күнге болса да кешіктірулер болса, олар туралы мәліметті несие тарихынан жою мүмкін емес. Алайда бұл болашақта несие алу мүмкіндігінен мүлдем айырылдыңыз дегенді білдірмейді.

БКБ мамандарының сөзінше, банктер тек бұрын жіберілген кешіктірулерді ғана емес, қарыз алушының кейіннен өз міндеттемелерін қаншалықты адал орындағанын да ескереді.

"Мерзімі өткен төлемдер туралы жазбалар сақталады, алайда қарыз алушы жаңа қарыздары бойынша тұрақтылық пен оң серпін көрсетсе, олардың бағалаудағы салмағы біртіндеп төмендейді. Басты әдіс – төлем тәртібі", - деп түсіндірді ұйым өкілдері.

Сондықтан несие тарихын жақсартқысы келетіндер оны жаңа мәліметтермен толықтыруы қажет.

"Біз оны жақсарту үшін алдымен шағын несиелер рәсімдеп, оларды дер кезінде төлеуді және сол арқылы несие рейтингін көтеруді ұсынамыз", - деп атап өтті БКБ бөлшек өнімдер клиенттерімен жұмыс істеу басқармасының бастығы Индира Қарлыбаева.

Анықтама: Несие тарихына несиенің өзі емес, қысқа мерзім ішінде берілген көптеген өтінім теріс әсер ететінін түсіну маңызды. Сонымен қатар, мерзімін өткізбей өтелген бір ғана шағын несие несие тарихын жақсартуға және несие рейтингін көтеруге көмектесе алады.

Несие тарихында қате болса не істеу керек?

Кейде несие тарихында бұрыс мәліметтер болуы мүмкін. Мұндай жағдайда қарыз алушы оларға дауласуға құқылы, деп атап өтті БКБ өкілдері.

Ол үшін Бірінші кредиттік бюросына немесе даулы ақпаратты берген банкке не өзге ұйымға тікелей хабарласуға болады.

"БКБ-ға өтініш берген кезде біз тексеруден кейін ақпаратты жеткізушіге сауал жолдаймыз. Егер деректер шынымен де қате берілген болса, ол түзетулер енгізеді, содан кейін біз несие тарихы туралы түзетілген есепті береміз. Егер жеткізуші деректердің дұрыстығын растаса, өзгерістер енгізілмейді", - деп түсіндірді Индира Қарлыбаева.

Мәліметтерге дауласу үшін мыналар қажет:

тексерілуі тиіс ақпарат сипатталған дауласу туралы өтініш; өтініш берген күнге дейін 10 күннен кешіктірілмей алынған несие тарихы туралы есеп және бар болса, растаушы құжат; онлайн-өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қою.

Несие тарихындағы ақпаратқа дауласу қызметі тегін көрсетіледі.

Осылайша, несие тарихы қарызды өтеумен аяқталмайды - ол жаңа несиелер алу мүмкіндігіне және олардың шарттарына әсер етуін жалғастыра береді. Сондықтан мамандар қарыз рәсімдемес бұрын қаржылық мүмкіндіктеріңізді объективті түрде бағалауды ұсынады. Несиелік міндеттемелерге жауапкершілікпен қарау жақсы несие тарихын сақтауға көмектеседі, ал қателерді түзету едәуір уақытты алуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Бірнеше несиесі бар қазақстандықтарға берешекті өтеу жеңілдетіледі

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:227
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Тамыз 2026 12:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары