Қазақстандық бітімгерлер Голан биіктерінде 470 жедел іс шара өткізді
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 20 қыркүйек-Sputnik. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан жоталарындағы бөлінуді бақылау жөніндегі миссиясы (UNDOF) құрамында үшінші ұлттық бітімгерлік контингентінің қызмет атқара бастағанына тура төрт ай толды.
Осы кезеңде қазақстандық әскери қызметшілер 470 жедел іс-шара өткізіп, оның ішінде жауапкершілік аймағында 379 патрульдеу жүргізді. Сонымен қатар 350 жарылғыш зат пен атыс қаруына арналған 1 800 оқ-дәрі жойылды.
© Photo : Пресс-служба Минобороны КазахстанаҚазақстандық бітімгерлер Голан биіктерінде 470 жедел іс-шара өткізді

Қазақстандық бітімгерлер Голан биіктерінде 470 жедел іс-шара өткізді
© Photo : Пресс-служба Минобороны Казахстана
БҰҰ миссиясының мандатына сәйкес бітімгерлік ротаның әскери қызметшілері жауапкершілік аймағын патрульдеп, ахуалды бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ жедел әрекет ету күштерінің тұрақты әзірлігін қамтамасыз етеді.
Қажет болған жағдайда әскери қызметшілер бақылау бекеттерін күшейтуге, БҰҰ персоналын эвакуациялауға, сондай-ақ Ұйым өкілдері мен жүктерін алып жүруге тартылады.
© Photo : Пресс-служба Минобороны КазахстанаҚазақстандық бітімгерлер Голан биіктерінде 470 жедел іс-шара өткізді

Қазақстандық бітімгерлер Голан биіктерінде 470 жедел іс-шара өткізді
© Photo : Пресс-служба Минобороны Казахстана
Төрт ай ішінде әскери қызметшілер 350 жарылғыш зат пен атыс қаруына арналған 1 800 қ-дәріні анықтап, жойды.
Маусым-қыркүйек аралығында ұлттық контингент барлығы 470 жедел іс-шара өткізді. Оның ішінде жауапкершілік аймағын патрульдеумен қатар, 49 уақытша түнгі бақылау бекеті ұйымдастырылып, жедел әрекет ету күштерінің 11 оқу-жаттығуы және жергілікті қауымдастық өкілдерімен 11 кездесу өткізілді.
© Photo : Пресс-служба Минобороны КазахстанаҚазақстандық бітімгерлер Голан биіктерінде 470 жедел іс-шара өткізді

Қазақстандық бітімгерлер Голан биіктерінде 470 жедел іс-шара өткізді
© Photo : Пресс-служба Минобороны Казахстана
Қазақстандық бітімгерлік контингент БҰҰ мандатына сәйкес міндеттерін орындауды жалғастырып, жауапкершілік аймағында тұрақты қатысуын және кез келген жағдайға жедел ден қою әзірлігін қамтамасыз етіп жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:28
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қыркүйек 2026 13:57 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















