Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

“Нотариус пәтер таза деді“: неліктен Ақтөбедегі жеті отбасы баспанасынан айырылып қалуы мүмкін

“Нотариус пәтер таза деді“: неліктен Ақтөбедегі жеті отбасы баспанасынан айырылып қалуы мүмкін

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ақтөбеде жеті отбасы жаңадан салынған үйден сатып алған пәтерлерінен айырылып қалуы мүмкін. Мәміле нотариус арқылы ресімделген. Тұрғындар құрылыс компаниясы менеджерінің алаяқтық схемасы туралы білмегенін айтады. Енді құрылыс салушы сот арқылы жылжымайтын мүлікті қайтаруды талап етіп жатыр, ал сатып алушылар баспанасыз да, ақшасыз да қаламыз ба деп қауіптенеді, деп хабарлайды Tengri Home тілшісі.

Поделиться

Бірнеше отбасы Ақтөбе орталығындағы тұрғын үй кешенінен пәтерлерді 2024 жылы сатып алған. Олардың айтуынша, жылжымайтын мүлікті құрылыс компаниясының менеджері сатқан. Ол пәтерлерді көрсетіп, үй-жайларға кіру мүмкіндігіне ие болған және тікелей сату бөлімінде жұмыс істеген. Сондықтан клиенттер әйелдің әрекеті заңды екеніне еш күмәнданбағандарын айтады.

Сатып алушылардың бірі - көпбалалы ана Гүлмира Сағынова. Ол Ақтөбеге 2024 жылы Құлсарыдағы су тасқынынан кейін Атырау облысынан көшіп келген.

"Су тасқыны салдарынан үйім қирағаннан кейін мемлекет маған өтемақы төледі, сол ақшаға осы ТҮК-тен пәтер сатып алдым. Маған қызмет көрсеткен менеджер өзін нық ұстап, бейнебір басшы сияқты жүрді. Қолында осы үйдегі көптеген пәтердің кілті болды және біз сұраған кез келген пәтерді көрсете алатын. Сондықтан оны алаяқ деп ойымызға да келмеді", - дейді Гүлмира Сағынова.

Гүлмира Сағынова. Фото Tengrinews.kz

Алайда шамамен жарты жылдан кейін Гүлмираны полицияға айғақ беруге шақыртқан. Кейінірек ол өз мүлкім деп санаған пәтердің сот дауына айналғаны белгілі болды.

"Құрылыс салушы пәтерді қайтаруымды талап етіп, үстімнен арыз жазды, ал бірінші сатыдағы сот оны қолдады. Енді мені балаларыммен бірге көшеге шығармақшы. Бірақ мен одан ұрлаған жоқпын, пәтерді сатып алдым ғой. Бұл қалай болғаны? Мен қайда барамын? Баратын жерім жоқ", - дейді әйел.

Осыған ұқсас жағдай Қанағат Құлмановтың да басынан өткен. 2024 жылы ол осы тұрғын үй кешенінен үш бөлмелі пәтер сатып алған. Бірақ баспананы бастапқыда Ләззат Алмағамбетова сатып алып, бір жарым айдан кейін оны әлі әрленбеген (черновой) күйінде Құлмановқа қайта сатқан.

Ер адам жөндеу жүргізіп, үйге қоныстанған, бірақ шамамен алты айдан кейін полициядан шақырту алған. Сол кезде ол пәтерге тыйым салынғанын алғаш рет білген.

"Мені Сазды полиция бөліміне жауап алуға шақырды. Содан кейін құрылыс салушы мені сотқа берді. Бірінші сатыдағы сот пен апелляция менің пайдама шешім шығарып, пәтерді маған қалдырды. Бірақ компания кассациялық шағым түсіріп, жақында кассация олардың талап арызын қанағаттандырды. Енді маған баспананы босату туралы хабарлама келді. Бұл қалай болғаны? Мен адал сатып алушымын ғой. Сатып алу-сату мәмілесін нотариус арқылы ресімдедім. Бәрі дұрыс па деп жүз рет сұрадым. Нотариус пәтердің таза екенін, ешқандай қамау мен ауыртпалық жоқ екенін айтқан болатын. Ал соңында мені баспанасыз да, ақшасыз да қалдырғысы келеді", - деп кейиді Қанағат Құлманов.

Енді ер адам ақшаны алғашқы сатушыдан қайтаруды талап етпек. Алайда Ләззат Алмағамбетованың өзі де осы схеманың құрбаны болғанын және заңсыз сатылым туралы білмегенін айтады.

"Мен де бұл пәтерді басқаларға сатқан сол менеджер арқылы алдым. Ол баспананы өзі көрсетті, құрылыс фирмасының кеңсесіндегі сату бөлімінде отырды. Қолында осы ТҮК-тегі пәтерлердің барлық техникалық паспорттары мен кілттері болды. Кез келген есікті еркін ашып, көрсетіп жүрді. Оның алаяқ екенін мен қайдан білейін? Біз онымен бірге нотариусқа бардық, менің көзімше пәтерді тексерді - ешқандай қамау мен ауыртпалық болған жоқ. Сол жерде сатып алу-сату шартын жасап, ақшасын бердім. Егер ол алаяқ болса, құрылыс салушы шығынын содан талап етсін. Біз неге зардап шегуіміз керек?" - дейді Ләззат Алмағамбетова.

Ләззат Алмағамбетова. Фото Tengrinews.kz

Осындай жағдайға жеті отбасы тап болған. Барлығы да пәтерлерді алаяқтығы үшін сотталған бір менеджерден сатып алғанын айтады. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, ол 148 миллион теңгені иемденіп кеткен. Менеджер жалған сенімхат дайындап, басшылықтың жоқтығын пайдаланып, пәтерлерді сатып, ақшаны тікелей сатып алушылардан алып отырған.

Құрылыс салушының мүддесін қорғаған адвокат Айбек Қоянбаевтың айтуынша, құрылыс компаниясының бұрынғы менеджері барлығы 15 нысанды - 13 пәтер мен екі тұрғын емес жайды заңсыз сатқан.

"Сегіз пәтер бойынша шығынды ол сотқа дейінгі тергеу барысында өтеді. Жеті пәтер бойынша компания тергеу органдарына жүгінді. Қылмыстық іс сотқа жолданып, Ақтөбе қалалық №2 сотының 2025 жылғы 2 шілдедегі үкімімен аталған менеджер бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", - деді құрылыс салушы өкілі Айбек Қоянбаев.

Құрылыс компаниясының өзі пікір білдіруден бас тартты. Жағдайды адвокат түсіндірді. Оның айтуынша, құрылыс салушы да өзін зардап шегуші тарап деп санайды. Заңгердің айтуынша, алаяқтық мәмілелер жасалған кезде бұл пәтерлердің барлығы басқа меншік иелеріне тиесілі болған, сондықтан менеджердің оларды қайта сатуға құқығы болмаған.

"Менеджердің алдағы уақытта келтірілген барлық шығынды өтей алмайтынын ескере отырып, компания оны азаматтық іс жүргізу тәртібімен өндіріп алуды ұйғарды. Қазіргі таңда екі талап арыз бойынша жеңіске жеттік: бірі - Қазақстан Республикасының кассациялық сотында, екіншісі - Ақтөбе қалалық №1 сотының бірінші сатысында. Алдағы уақытта компания өз мүлкін өндіріп алуды және бұл пәтерлерді нағыз иелеріне қайтаруды жалғастырады", - деді адвокат.

Бұл ретте заңгер пәтерлерді менеджерден сатып алғандардың баспананы сақтап қалуға мүмкіндігі жоққа тән деп есептейді. Оның айтуынша, адамдардың ақшаны тікелей менеджерге бергені және төлем жасалғанын құжатпен растай алмауы басты себептердің бірі болған.

"Олар қолма-қол ақшаны, біріншіден, пәтерлердің нарықтық құнынан төмен бағаға, екіншіден, тікелей осы менеджерге берген. Ақшаны бергені үшін олар ешқандай түбіртек алмаған, ақшаны ЖШС кассасына өткізбеген, чектер де жоқ. Яғни, оларда бұл тұрғыда растаушы құжаттар жоқ", - дейді Айбек Қоянбаев.

Фото Tengrinews.kz

Алайда сатып алушылардың өздері қарапайым адал клиенттер ретінде әрекет еткенін және мәміле жасаспас бұрын пәтерлерді тексеріп, тіпті нотариусқа барғандарын алға тартады. Біз тәуелсіз заңгерден жылжымайтын мүлік сатып алушыларға осындай жағдайлардан қалай сақтану керектігін түсіндіруді сұрадық. Адвокат Венера Тапаеваның айтуынша, мәмілені рәсімдемес бұрын нотариус нысан туралы мәліметтерді, атап айтқанда, тыйымдар мен ауыртпалықтардың бар-жоғын тексеруі тиіс.

"Нотариус мәміленің тазалығын қамтамасыз етеді және жылжымайтын мүліктің қамауда немесе ауыртпалықта екенін тексереді. Егер нотариус тарапынан бұл әрекеттер жасалмаса, онда жауапкершілік оған да жүктеледі. Сондай-ақ Азаматтық кодексте жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелер жазбаша түрде ресімделіп, заңға сәйкес тіркелуі тиіс деген нормалар бар", - деп түсіндірді Венера Тапаева.

Адвокаттың пікірінше, қызметкердің іс-әрекеті үшін жұмыс берушінің жауапкершілігі - бөлек мәселе.

"Егер құрылыс компаниясының менеджері қол қоюды қолдан жасап, заңсыз әрекеттерге барса, белгілі бір жағдайларда бұған жұмыс беруші де жауапты болуы мүмкін. Егер адамдар ақша төлеп, баспана сатып алса, олар заңда белгіленген тәртіппен залалды өтеу туралы талап қоюға құқылы", - деп толықтырды Венера Тапаева.

Осы уақытта жеті отбасы сот дауының ары қарай қалай өрбитінін күтіп отыр. Кейбіреулері пәтерді босату туралы талаптарды алып та үлгерген.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

баспана пәтер Алаяқтық алаяқтар Ақтөбе облысы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қыркүйек 2026 08:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары