Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Нурила Аманғалиқызы, профессор: Паллиатив сөзінен қорқудың қажеті жоқ

Нурила Аманғалиқызы, профессор: Паллиатив сөзінен қорқудың қажеті жоқ

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Паллиатив көмек – жазылмайтын ауруға шалдыққан адамдардың өмір сапасын арттырып, ауруын жеңілдетіп, жан-жақты жәрдемдесу. Өкініштісі, елімізде паллиатив көмек балаларға лайықты түрде берілмейді, тіпті осы уақытқа дейін паллиатив көмекті нақты кімдер алатыны белгісіз күйде еді. Жақында осы салаға қатысты заңға жаңа өзгерістер енді. Өзгеріс­тердің қандай маңызы барын Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас педиатриялық паллиативтік көмек маманы, Астана медицина университетінің Анестезиология, қарқынды терапия және шұғыл жедел жәрдем кафедрасының профессоры Нурила Аманғалиқызынан сұрап білдік.

– Паллиатив көмек беру туралы заңдағы өзгерістер жайлы толығырақ талдап айтсаңыз. Жалпы, ересектер мен балаларға арналған паллиатив көмектің айырмашылығы қандай?

– 2025 жылы 18 желтоқсанда енген паллиативтік көмек беруге қатысты заңда балаларға қатысты арнайы стандарт бекітілді. Отыз жыл балаларға толық көңіл бөле алмадық. Балаға да, ересекке де, бәріне жалпы бір бұйрық болған. Бүгінде балаларға паллиатив көмек беруді тағайындаймыз десек, ата-ана бірден уайымға салынып, ашуға мінеді. «Болды, паллиативке ауысса, бәрі бітеді. Науқасқа көмек берілмейді» де­ген түсінік қалыптасқан. Иә, науқаста де­компенсация басталса, аурухана қарамай, кей жағдайда ем жүргізуді тоқтатуы мүмкін. Декомпенсация – ағзаның аурулар немесе жүктеме салдарынан бұзылған функцияларды өздігінен қалпына келтіру қабілетінен айы­рылуы, яғни науқастың жағдайының күрт нашарлауы. Кодексте паллиатив көмек ино­курабельді пациентке (ем қонбайтын нау­қас) жүргізілмейді деп жазылған. Ал ата-аналар баламызды паллиативке шығарса, ем болмайды, ештеңе қарастырылмайды деп түсінеді. Балаға қарағанда, ересектер онкологиялық ауруға жиі шалдығатынын білесіздер, осы жағдайда науқастың денсау­­лығы қатты нашарласа, емхана қарауға ал­майды. Біз 2 жыл бұрын балалардағы жағдай басқаша екенін дәлелдеп шықтық. Ересектерде онкологиялық аурулар жиі кездессе, балалар көбіне-көп неврологиялық ауруларға шалдығады. Әсіресе, бұл қатарға ДЦП, эпилепсия, орфандық  (сирек кездесе­тін) аурулар кіреді, сол себепті балаларға басқаша қарауымыз керек. Қазақстан бала­ларына паллиативтік көмек көрсету қауым­дастығы мен Қарағанды медицина универ­ситеті бірігіп, осыған орай ғылыми жұмыстар жүргізді. Соның нәтижесінде паллиатив көмек көрсету үшін нақты медициналық көрсетілімдері бар аурулардың тізімін дайындады. Осы уақытқа дейін мұндай тізім болған емес. Қандай науқасқа паллиатив көмек беруге болатынын ешкім де білмеген. 

– Қандай ауруға шалдыққан балаларға паллиатив көмек беріледі? Басқа қандай өзгерістерді атап айта аласыз? 

– Заңға енгізген 21 нозологиялық топ бар, оның қатарына адамның иммун тап­шы­лығы вирусынан туындаған аурулар, эндо­криндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылуы, қант диабеті, нерв жүйесінің аурулары, туабіткен даму ауытқулары т.б. бұзылыстар жатады. Қазір медициналық мекемелер бірыңғай стандартқа көшіп, жұмысы әлде­қайда жеңілдеді. Паллиатив көмек беру жайында медицина саласының қызметкер­лерінің ішінде де қате түсінік қалыптасқан, енді ғана аймақ-аймаққа офлайн, онлайн форматта түсіндіру жұмысын жүргізіп жатырмыз. Ең бастысы, паллиатив көмек дегеннен қорықпау керек. Ендігі мақсаты­мыз – кодекстегі паллиатив көмек туралы анықтамаға өзгеріс енгізу. Кодексте ем қон­байтын науқастарға паллиатив көмек беріледі деп жалпылама жазылған, негізінде, балаларға мүлде бөлек қарастырылады. Балаларға берілетін паллиатив көмек – медициналық реабилитациялық көмек. Балаларға реабилитациялық көмек үзбей беріледі.

Екінші өзгеріс, паллиатив көмек алатын науқастардың стандартқа сай категориясын бекіттік. Науқасқа бірінші, екінші категория берілсе, ары қарай емін үзбей жалғастыра береді. Егер де пациенттің жағдайы нашарлап, ауруына байланысты декоменсация толы­ғымен жүретін болса, үшінші-төртінші категорияға жатады. Бұл кезде ұзақмерзімді паллиатив көмек беріледі. Бастысы, қандай категорияда қандай ем жүргізу керегін, қай категорияда патогенетикалық емді тоқтататынымызды анықтап алдық. 

– Паллиатив көмек тек медициналық көмектен тұра ма? Көмекке мұқтаж жандардың жақындары да қатты қиналары анық, оған психологиялық қолдау қажет емес пе?

– Паллиатив көмек тек ем-шара емес, көмектің өзі төрт бағыттан тұрады: медици­налық, әлеуметтік, психологиялық және рухани көмек. Көбінде ем-шарамен шектеліп қаламыз, алдымен ата-анаға психологиялық көмек керек. Ата-анаға ауруды қабылдаудың өзі қиын. Балада осындай ауру бар, біз заманауи медициналық көмектің бәрін ұсынамыз дейміз. Өкініштісі, бұл аурулардың емделмейтінін ата-анаға түсіндіруіміз керек. «Ата-ана неге ем жасамайсыздар, дәрі-дәрмектің дозасын неге көбейтпейсіздер» деп ашуға бой алдырып жатады. Әр дәрінің бір жағынан көмегі тисе, екінші қырынан ішкі ағзаларға зияны бар. Науқастың жағдайы қатты нашарлағанда, антибиотик қолдануға болмайды. Бауыр жұмысы нашарлап, ісініп жатқанын байқасақ, құрысуға қарсы препараттардың дозасын азайтуға тура келеді. Бауыр жұмысы бұзылса, өзге факторларды синтездей алмайды, іштен қан кету болуы мүмкін. Онда баланың жанын сақтап қалу қиынға соғады, осының бәрін түсіндіріп айтуымыз керек.

Одан соң ата-ана ауырған баласына көңіл бөліп, өзге балалары назардан тыс қалып қояды. Қалған баласы бізге мән бермейді деп сыртқа айта алмай, іштен тынады, бұл кезде де психологиялық көмек керек. Әлеуметтік көмек беру де өте маңызды. Қоғамдық денсаулық сақтау, Әлеуметтік қорғау басқармасының мамандарымен байланыстамыз. Арнайы әлеуметтік қызметкерлер бар, мысалы мына аумақта паллиатив көмекке мұқтаж бала бар. Осындай жағдайда аналар балаға күтім жасап, ешқайда шыға алмайды. Шыдамай, отбасын тастап кеткен әкелер де көп. Ана баламен қалып қояды, не жұмыс істей алмайды. Бір мақсатымыз – әлеуметтік қызметкерлерді паллиатив көмек беруге лайықтап оқытып шығару. Баланың анасы 2-3 сағатқа сыртқа шығып, көршімен әңгімелессе де, үлкен қолдау болар еді. Егер науқастың уақыты да жақындап келе жатса, отбасы үшін рухани көмек керек. Бала ауруханада жатса, молда шақырып, дем салдырып, басқа да діни жоралғы жасауға, арғы өмірге дайындауға мүмкіндік береміз. 

– Паллиатив көмек алатын балалардың өзге балалар секілді мектепке барып, білім алуына бола ма?

– Тағы да айтамын, паллиатив дегеннен қорықпаңыздар деймін. Бірінші, екінші категорияға жататын науқастар вербальді қарым-қатынас жасай алады, білім алуға, дамуға мүмкіндігі бар. Мысалы, арбамен жүретін балалар бар, үйде отыруға мәжбүр, бірақ оқуы жап-жақсы. Бұл балалар көп уақыт арбада отыра алмайды, сондықтан төсекте жатып, демалдырып отыру керек. Бүгінде «Келешек мектептері» көптеп салынып жатыр, мектеп жоспарын жасағанда, балаларға демалуға арналған бірнеше жеке бөлме қарастыру керек. Осыған байланысты тиісті министрліктерге ұсынысымызды жеткізіп жатырмыз.

Бір жарым жыл бұрын жүйке-бұлшықет ауруына шалдыққан 13 жастағы балаға консультация жүргізуге үйіне бардым. Анасы сап-сау баламның жағдайы күрт нашарлап, арбаға танылды, тамақ та ішпей қалды деді. Одан бұрын өздігінен жүріп-тұрып, сабаққа да барып жүрген екен. Кейін ол интернеттен диагнозы жайлы қарап, асқынса, не болатынын, емделмейтінін түгелдей түсінген. Соның әсерінен ауруға беріліп, бәрін тастап жіберген. Осы кезде балаға мектептегі ұстаздары, психолог дер кезінде қолдау бергенде ғой дейсің... Мек­­­тепте балаға допты арбадан болса да лақ­­тыр­тып, баскетбол тақтасын төмен орнатып, қолда бар мүмкіндікті жасау керек. Бала бір жыл әлде он жыл өмір сүре ме, қалай болса да, лайықты жағдай сыйлауға тиіспіз. 

Бүгінде диспансерлік есепке алуға паллиатив көмек алатындардың да тізімін енгізуді бастап жатырмыз. Бүгінге дейін балалардың бөлек тізімі болған жоқ. Енді базаға әр науқасты категориясына қарай сәйкестендіріп,  толық есебін дайындап, министрліктерге жібереміз. Ақпарат және мәдениет министрлігіне де ұсыныстар айтып жатырмыз. Балалардың өнер-білімге қызығушылығын оятып, көңілін ауласақ, ата-ана да сәл жеңілдеп қалады. 

– Саладағы мәселелерді реттеп, оңтайлы мүмкіндіктер табу үшін де қыруар қаржы керек. Әлемдік озық үлгіге қашан жетеміз деп ойлайсыз?

– Паллиатив көмектің америкалық, еуропалық т.б. стандарты бар, алайда бұл медициналық көмек түрін Польша үкіметінен басқа еш мемлекет қаржыландырмайды. Басқа елдерде қайырымдылық қорлары жұмыс істейді, меценаттар қомақты ақша салып, қаржыландырып отырады. Сол қолдаудың арқасында науқастардың ақылды үйлер салынып, үйге жағдайындағы аппараттар алынады. Кейбір әріптестерімнің өзі осы стандартқа көшсек деп армандайды, бірақ шетелмен салыстыру әзірге ақылға қонбайды. Отандық кәсіпкерлер де шетелдік үрдіске қарап, бой түзер деген үмітіміз бар. Біз тек балалардың дұрыс тамақтануына қаржы сұрап, беделді кәсіпкерлерге хат жазып, көмек сұрасақ, көбі ұсынысымызды қолдағысы келмейді. Себеп – тағы да паллиатив көмектің не екенін түсінбеуі. «Бұл балалар ертең бәрібір өледі ғой, басқа жобаларға қаржы құйған жөн» деп ойлайды. Иә, бұл топқа жататын ауру түрлері емделмейді. Науқастың бір күні болмаса да, бір күні уақыты келеді. Сонда балалар өмірінің соңғы сәтіне дейін жақсы өмір сүруіне болмай ма? Қазір «Қазақстан халқына» қоры ғана қолдау беріп жатыр, арнайы концепция құрды, соған сәйкес әр аймақта 50 орындық паллиавтив орталық ашылмақ. Шымкент қаласында жұмыстар жоспарланып, басталып жатыр. 

–  Елімізде паллиатив көмек беретін дәрігерлер, әсіресе балаларға арналған мамандар жетіспей жатыр. Осы мәселені қалай реттеуге болады?

–  Жоғары оқу орындарында бөлек мамандық ашудың қажеті жоқ. Бұл салада ең маңыздысы – пациентке дұрыс күтім жасау. Терапевт те, педиатр да, невролог та осы салаға мамандана алады. Біз осы бағытқа арналған 60 сағаттық, 150 сағаттық оқу бағдарламаларын да дайындадық. Қарағанды медицина университеті бағдарламаны бекітті, алда басқа жоғары оқу орындарына да ұсынып, бірыңғай стандартқа көшеміз. Медициналық колледждердің медбике ісі бағдарламасында да бұл бағыт кіріктірілу керек. 

–  Паллиатив көмекке мұқтаж науқастардың санын азайту үшін қандай кеңес берер едіңіз?

–  Ең алдымен скринингтік тексеруді күшейту керек. Ауруханамызда бірнеше жүкті әйелге скринингтік ультрадыбыстық зерттеу барысында балада көптеген ақау барын ескертіп айтып едік. Баланы өмірге әкелеміз деп тәуекел етіп, келісім берді, бірақ мынаны ұмытпаңыздар. Біз де, сіздер де бұл жағдайда қиналмайсыздар, бала қиналады. Денсаулық саласына да жасанды инттелект жүйесі енгеніне қарамастан, тек білікті дәрігерлердің кеңесіне сенуге тырысыңыздар. 

Сұхбаттасқан 

Айсұлу СЪЕЗХАН

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Маусым 2026 06:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see143

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see142

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

07 Қыркүйек 2026 17:52see141

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see139

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see138

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see137

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see137

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see137

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see135

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see135

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see133

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see132

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see130

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see125

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see121

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see117

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары