Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Нұрлан Әбдіров Жас сайлаушылар клубының мүшелерімен кездесті

Нұрлан Әбдіров Жас сайлаушылар клубының мүшелерімен кездесті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

«Жастар және сайлау» республикалық форумы аясында алғаш рет Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров еліміздің барлық өңірлерінен келген Жас сайлаушылар клубтарының (ЖСК) мүшелерімен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кездесу барысында клубтардың мүшелері электоралдық мәдениетті жоғарылату бағытындағы жобаларын таныстырды.

Кездесудің негізгі мақсаты – сайлау комиссиялары мен жастар арасында тұрақты тікелей диалог орнату. Іс-шара барысында Клуб мүшелері жүзеге асырып жатқан жобаларын таныстырды және электоралдық мәдениетті қалыптастыру, жас қазақстандықтарды сайлау процестеріне тарту жөніндегі тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шараны өткізу бастамасы клуб қозғалысының қатысушыларының өздерінен шыққан. Солардың қатарында Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы Жас сайлаушылар клубының мүшесі Мейірман Меңдібай да бар.

Форумға еліміздің барлық өңірлерінен келген Жас сайлаушылар клубтарының 60 мүшесі, сондай-ақ облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары қатысты.

Кездесуді ашқан ОСК төрағасы клубтық қозғалыстың электоралдық мәдениетті қалыптастырудағы негізгі институттық рөлін атап өтті: «Жыл сайын Қазақстанда 300 мыңнан астам азамат алғаш рет дауыс беру құқығына ие болады. Біздің міндетіміз – бұл үдерісті олар үшін түсінікті әрі қолжетімді ету, сол үшін олармен жұмысты алдын ала бастау. Жастармен тікелей әрі мазмұнды диалог орнату маңызды – дәл осы тәсіл жауапты әрі саналы қатысуды қалыптастырады», – деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.

Қатысушылар арасында өз өңірлерінде іске асырылып жатқан электоралдық саладағы қолданбалы шешімдер мен бастамаларды таныстырған клуб мүшелерінің баяндамалары да үлкен қызығушылық тудырды.

Аталған кездесуді өткізу туралы ұсыныстың бастамашысы, Қызылорда облысының жас белсендісі Мейірман Меңдібай өңірдегі ЖСК жұмысын таныстырып, жас сайлаушылар арасындағы стартап әзірлеушілерге арналған сыйлық тағайындау идеясын көтерді.

Алматы қаласының Жас сайлаушылар клубының мүшесі Бауыржан Маханбет жастарды ақпараттандыруға арналған инновациялық құралдардың кешенін ұсынды: ағартушылық комикстер мен Telegram-боттан бастап, мектеп және студенттік сайлау модельдерін енгізу, білім беру форматтарын дамыту және депутаттық корпуспен өзара іс-қимылға дейінгі бастамаларды қамтыды.

Орал қаласының Жас сайлаушылар клубының төрағасы Сабыржан Лиас студенттік ректор сайлауын ұйымдастыру тәжірибесін таныстырды. Ол жас сайлаушыларға арналған ақпараттық модуль әзірлеу және республикалық пікірсайыс турнирін өткізу бастамасын ұсынды.

Павлодар облысының Жас сайлаушылар клубының мүшесі Айша Таласова мектеп оқушыларына арналған «Сайлау қалай өтеді: ішкі көзқарас» атты авторлық жобасын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында клубтар қызметін дамыту және жастар бастамалары көшбасшыларын даярлау тәжірибесін таныстырды.

Астана қаласы клубының мүшесі Азат Тенгебаев жастардың құқықтық мәдениеті мен азаматтық белсенділігін арттыру, олардың референдумға практикалық қатысуы мәселелерін көтерді. Жас белсенді жасанды интеллектіні қалай қолданатынын айтып өтті: чат-боттар, сондай-ақ Астана тәжірибесі негізінде мультфильмдер мен қысқа роликтердің сайлау үдерістерін қарапайым тілмен түсіндіруге көмектесетінін атады. Елордалық жастардың жоспарында – фейктерге қарсы «Цифрлық қалқан» жобасын іске қосу, сондай-ақ қатысқаны және дұрыс жауаптары үшін ынталандыру берілетін цифрлық квест әзірлеу бар.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті студенттері Нұрбол Оңалбеков және Нұрбек Әбілдаев кибералаяқтыққа қарсы бағытталған және жалған ресурстарды анықтауға мүмкіндік беретін Qalqan AI жобасын таныстырды.

Қатысушылардың жекелеген бастамалары клуб қозғалысын одан әрі институционалдық дамытуға бағытталды. Мәселен, Талдықорған қаласындағы Жетісу құрылыс-техникалық колледжінің студенті Санжар Сағатбек форумды жыл сайын өткізу туралы ұсыныс білдірді. Өз кезегінде Ақмола облысынан келген Лиза Есенбол сайлау туралы арнайы онлайн-платформа құру бастамасын көтерді, Жамбыл облысынан келген Айбек Қадралиев ЖСК мүшелері үшін форумдар мен лагерьлер ұйымдастыру қажеттігін айтты, ал оның әріптесі Дархан Байпақ аудандық клубтарды белсендірек тарту және ең белсенді қатысушыларды жыл сайын марапаттау жүйесін енгізу жөнінде пікір білдірді. Қарағандылық Асылай Қонысова клубтардың қызметін үйлестіру мақсатында республикалық ЖСК төрағасын сайлауды ұсынды.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы клубтардың белсенді қызметін атап өтіп, Алматы қаласының Жас сайлаушылар клубының мүшесі, «Болашақтан дауыс» комикстер сериясының тең авторы Руслан Муржановқа, сондай-ақ Қызылорда облысындағы 9-сынып оқушысы, жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, комикстер сериясын әзірлеген және өңір мектеп оқушылары арасында кең қызығушылық тудырған Аяжан Мөңкебайға алғыс хат табыстады.

Кездесу қорытындысы бойынша, Жас сайлаушылар клубтарының қызметі жекелеген бастамалар шеңберінен шығып, тұрақты жүйелі сипат алып келе жатқаны атап өтілді. Клубтар тек қатысуды арттыру тетігі ғана емес, сонымен қатар сайлау процесін сапалы түсінуді қамтамасыз ететін, құқықтық мәдениетті дамытуға және жастардың өз сайлау құқықтарын жүзеге асыруға саналы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған маңызды платформа ретінде қалыптасып отыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Сәуір 2026 19:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see140

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see140

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see138

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see138

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see137

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see136

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see135

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see135

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see131

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see129

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see128

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see121

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see121

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see118

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see118

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see117

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see117

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары