Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

“Одан көз жазбаймыз“ қазақстандық 25 жылдық қамаудан кейін бостандыққа шығып, қайтадан сотталды

“Одан көз жазбаймыз“ қазақстандық 25 жылдық қамаудан кейін бостандыққа шығып, қайтадан сотталды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Петропавлда 2024 жылы 25 жыл қамаудан кейін бостандыққа шыққан 62 жастағы ер адамға жаңа үкім шықты. Ол әйел адамға шабуыл жасағаны үшін кінәлі деп танылып, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәселе 62 жастағы Валерий Кричиневский туралы болып отыр. 1990-шы жылдардың аяғында ол Петропавлда әйелдерге шабуыл жасап, "балталы маньяк" деген атпен танымал болған еді.

Балта және балалар тоншасынан тігілген тәпішке

Бұл адам жасаған қылмыстар туралы Tengrinews.kz тілшісіне бұған дейін ішкі істер органдарының ардагері Игорь Семенов айтып берген болатын.

"Кричиневскийдің құрбандарының бірі бірінші сынып оқушысы болды. Оның денесі 1998 жылы 19 желтоқсанда орман алқабынан табылды. Қыз бала мектептен үйіне келуі керек еді, бірақ оралмады. Ата-анасы іздеуге кірісіп, полицияға жүгінді. Орман алқабын тексеру кезінде қызметтік-іздестіру иті алдымен мектеп сөмкесін, содан кейін қарға көмілген, басы жарылған және денесіне 13 жерден пышақ сұғылған қыздың денесін тапты. Ол үйіне небәрі 400 метр жете алмай қалған", - деп еске алды СҚО ішкі істер органдарының ардагері Игорь Семенов.

Жеті жасар қызды өлтіруден бөлек, Кричиневскийдің есебінде зорлық-зомбылық қолдану арқылы жасалған тағы 11 қарақшылық шабуыл бар. Оның барлық құрбаны 20 мен 60 жас аралығындағы әйелдер болған. Алған жарақаттарына қарамастан, олар аман қалды.

"Кричиневский үйінен үнемі кенеп қапқа балта салып шығып, өз құрбандарын қала шетінде, саяжайға баратын жолдарда және жеке сектор маңындағы иен көшелерде аңдыған. Ол ешқашан құрбандарына алдынан келмеген, артынан ұрланып барып, балтаның шүйдесімен басынан ұрып, содан кейін тонап, зорлаған. Кричиневскийдің үйін тінту кезінде құрбандарынан тартып алынған алтын бұйымдар мен үлбір бөріктерден бөлек, өзі өлтірген қыздың тоншасынан тігілген жұмсақ ойыншық пен тәпішке табылды. Ол бұл заттарды және қылмыс кезінде қолға түсірген барлық олжасын әйеліне сыйлап отырған", - деді Игорь Семенов.

1999 жылы бұған дейін ұрлық, көлік айдап кету және өзге де қылмыстары үшін екі рет сотталған Кричиневский қарақшылық, зорлау, тонау және бала өлтіргені үшін 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ол жазасын толық өтеп, 2024 жылдың қаңтарында бостандыққа шықты.

Бақылауда

Оның бостандыққа шығуы үлкен шу тудырды. Петропавл тұрғындары ол қоғамға әлі де қауіпті екенінен және әйелдер мен балаларға қайта шабуыл жасауы мүмкін екенінен қорықты.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Астана-1 вокзалын жөндеу: қашан аяқталады және қазіргі жағдайы қандай?

05 қыркүйек 14:58 1

СҚО полициясы бұған дейін Кричиневский босатылғаннан кейін Петропавлға келіп, әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырылғанын және полицияда "әкімшілік бақылаудағы тұлға" санаты бойынша профилактикалық есепке алынғанын хабарлаған болатын.

Сот оның жүріс-тұрысын шектеп, коменданттық сағат белгіледі. Оған қаладан шығуға, алкоголь мен есірткі тұтынуға, сондай-ақ демалыс орындарына баруға тыйым салынды. Бұл шектеулердің сақталуы электронды білезік арқылы қадағаланды.

Оның деректері кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған адамдардың есеп картасына енгізілді. Полиция "оны бақылауда ұстаймыз" деп мәлімдеген.

Екі жыл бойы ол полиция тарапынан ешқандай ескерту алмай, күзетші болып жұмыс істеді. Бірақ 2026 жылдың маусымында қайтадан шабуыл жасады.

"Жанары жыртқыш аңдай момын қарт"

Іс материалдары және жәбірленушінің айтуы бойынша, Петропавлдың 54 жастағы тұрғыны күндіз қала шетіндегі саяжайынан қайтып келе жатқан. Жолда оны егде жастағы ер адам тоқтатып, өзі іздеп жүрген сиырын көріп-көрмегенін сұраған. Әйел тоқтаған кезде, ер адам оны жерге құлатып, буындыра бастаған. Жәбірленушінің айтуынша, сол сәтте оның жанары "жыртқыш аңдай" болып көрінген.

Шабуылдаушы қолын босатқан кезде, әйел тұрып қашуға тырысқан, бірақ ол қуып жеткен. Егер кездейсоқ өтіп бара жатқан адам шабуылдаушыны үркітіп жібермегенде, бұл жағдай немен аяқталары белгісіз еді. Қылмыскер әлгі ер адамға алаңдаған сәтте, әйел велосипедіне мініп, тасжолға қарай қашқан. Ол жерде көлікті тоқтатып, жүргізушіден полиция шақыруды өтінген.

Күдікті екі сағаттың ішінде ұсталды. Оның сырт келбеті жәбірленушінің сипаттамасына сәйкес келді, ал электронды білезік деректері оның сол жерде болғанын растады.

Фото сот залынан: Tengrinews.kz

Кричиневскийдің ісін Петропавл соты жабық режимде қарады. Оған адам өлтіру қаупімен жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасауға оқталу айыбы тағылды.
7 қыркүйекте судья Тахмина Собирова үкім шығарды.

"Сот үкімі: Кричиневский Валерий Евгеньевич кінәлі деп танылсын, оның әрекеттерінде қылмыстың қауіпті рецидиві бар. Оған жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеумен тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деп судья Собирова үкімнің қарар бөлімін жариялады.

Айта кетейік, бұл - мұндай қылмыс үшін тағайындалатын ең жоғарғы жаза. Сондай-ақ сотталушы кінәсін мойындамағаны, ол тек әйелді тонап, ақшасы мен телефонын тартып алғысы келгенін алға тартқаны белгілі болды.

Фото сот залынан: Tengrinews.kz

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ..

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:197
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қыркүйек 2026 14:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары