Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Баку Тбилиси Карс теміржолы ашылды

ҰҚК қызметкерлері Қостанай әкімдігінде тінту жүргізді бөлім басшысы ұсталды

Аптап ыстық пен нөсер жаңбыр Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

Қылмыстық рақымшылық: түрмеден қанша адам босатылады

Алматыдағы такси сапары боевик сюжетіне айналды

Алматының 16 оқушысы халықаралық олимпиададан түгел жүлдемен оралды

ЖИ саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы ПХЭФ алаңында талқыланды

Жүк көліктеріне қала ішінде жүруге тыйым салына ма?

Депутат мектеп бітіруші түлектерге арналған алып гүл шоқтарының жарысын сынға алды

Сәтбаевта стадионды бүлдірген балалардың ата аналары жауапқа тартылады

​Атырауда Керемет паркі лаулап жанды

Атырау көпірі Гиннес рекордтар кітабында: ақиқат па, аңыз ба?

Қазақстанда Бас прокурор мен облыс прокурорларына жаңа өкілеттіктер берілмек

Алматыда құрылыс компаниялары жаппай лицензиясынан айырылып жатыр

Еңбек өтілі 30 жыл, бірақ зейнетақы аз Парламентте қазақстандықтарға төленетін төлемдер мәселесі көтерілді

Петропавлда жыл басынан бері қорлық көрген 38 әйел полицияның сенім телефонына жүгінген

Қазақстанда 400 ден астам кипрлік компания жұмыс істейді

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Сәтбаевтағы стадионда жас вандалдар ойран салды іс қозғалды

​Экспаттар қазақстандықтармен қалай тәжірибе бөліседі: Еңбекмин жаңа ереже енгізді

Ойын алаңдары, орындықтар және ағаштар: Баум тоғайында не өзгерді?

Ойын алаңдары, орындықтар және ағаштар: Баум тоғайында не өзгерді?

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

2025 жылдың күзінен бастап Алматыдағы Баум тоғайында ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ағаштың көптігіне байланысты бұл жерді "қаланың өкпесі" деп атайды. Сондықтан да мұнда атқарылып жатқан жұмыстарға қоғамның назары ерекше ауған.

Краткий пересказ текста от Tengri AI Этот текст сгенерирован ИИ

Алматыдағы Баум тоғайында 2025 жылдың күзінде басталған ауқымды абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Tengrinews.kz редакциясы 16 сәуірде, жұмыстың аяқталу мерзіміне бір айдан аз уақыт қалғанда, атқарылған жұмыстарды көру үшін сол жерде болып қайтты. Тілшілер аумақта жаңа шамдар, бейнебақылау камералары, қоқысты бөлек жинауға арналған жәшіктер, орындықтар, күркелер, балалар және спорт алаңдары пайда болғанын тіркеді. Соқпақтардың көпшілігі қиыршық тасқа ұқсайтын арнайы материалмен қапталған, дегенмен кей жерлерге асфальт та төселген. Кейбір нысандар әлі дайын емес, ал олардың көбін пайдалануға әзірге тыйым салынған, бұл туралы мердігердің хабарландырулары ескертеді. Алматы әкімдігінде редакция сауал жолдағаннан кейін, абаттандыру жұмыстары кестеге сай жүріп жатқанын, кешігулер жоқ екенін және жобаны мерзімінде аяқтау жоспарланғанын мәлімдеді. Сондай-ақ билік жоба аясында мердігер тарапынан ағаш кесу жұмыстары жүргізілмегенін, оның орнына мыңға жуық жаңа ағаш отырғызылғанын хабарлады. Бұл маңызды, өйткені тоғайды абаттандыру басынан бастап бірнеше дау-дамаймен байланысты болды және алматылықтар арасында көптеген сұрақтар мен қауіптер тудырды. Мысалы, өткен жылдың күзінде санитарлық жұмыстар жобасы үлкен резонанс тудырды, одан ағаштардың едәуір бөлігі әлсіреген, қурап бара жатқан немесе апаттық деп танылуы мүмкін екені белгілі болды. Қала тұрғындарының наразылығынан кейін шенеуніктер абаттандыру кезінде ағаш кесу болмайтынына сендірді, бірақ кейінірек тоғайда ағаштардың зақымдануы мен заңсыз кесу фактілері бәрібір тіркелді. Бұл эпизодтар бойынша тексерулер жүргізіліп, мердігерлерге айыппұл салынды, ал абаттандыру жұмыстарын бақылаған блогер әрі қоғам қайраткері Санжар Боқаев ұсталғаннан кейін оқиға күтпеген бағытқа бұрылды, ол (тергеу нұсқасы бойынша) ағаш кесуге өзінің қатысы бар деп айыпталуда. Осылайша, Баум тоғайын абаттандыру тек қалалық инфрақұрылымдық жоба ғана емес, сонымен қатар қоғамдық даудың тақырыбы болып қала береді және назар аударуды талап етеді.

Реконструкцияны 2026 жылдың 15 мамырына дейін аяқтау жоспарланған болатын. Tengrinews.kz редакциясы жоспар бойынша жұмыстардың аяқталуына бір айдан аз уақыт қалғанда оның қай кезеңде екенін көруді, сондай-ақ ағаштарды кесуге қатысты даудың қалай аяқталғанын білуді жөн көрді.

Асфальт, шамдар және камералар

Біз Баум тоғайына 16 сәуір күні бардық - бұл күні аумақты абаттандыру жұмыстары әлі де жалғасып жатты.

Анықтама: Баум тоғайы - Алматының Түрксіб ауданында, Сейфуллин мен Сүйінбай даңғылдарының арасында орналасқан, ауданы 137,7 гектар болатын мемлекеттік табиғат ескерткіші. Ол туралы алғашқы деректер 1854 жылдан басталады. Сол кезде қала шетіндегі мемлекеттік тәлімбақ - Қазыналық тоғайдан тұрғындар көшеттерді тегін алып, орманшы-ғалымдардан оларды отырғызу бойынша тегін кеңестер алатын болған. Тоғай XIX ғасырда сол кездегі Верный қаласында оны дамытумен айналысқан орманшы Эдуард Баумның құрметіне аталған. Тоғайдың мәртебесі бірнеше рет өзгерді. 2017 жылы ол республикалық теңгерімнен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілді. Бұл шешім әлі күнге дейін кейбір экологтар мен белсенділер арасында пікірталас тудырып келеді.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Бұған дейін жеке инвестор - BAZIS-A корпорациясы жобаны жүзеге асыруға 4,7 миллиард теңге бөлгені хабарланған болатын. Жобаның бас мердігері болып "СК Барлас Құрылыс" ЖШС таңдалды.

Нысан паспортында жұмыстардың аяқталу мерзімі әлі де 2026 жылдың мамыры деп көрсетілген.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Біз байқаған өзгерістердің ішінде - тоғайда жоғарғы және төменгі жарықтандыруға арналған шам бағандары пайда болған. Бұрын мұнда жарық мүлдем болмаған. 

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Сондай-ақ бағандардан жаңа бейнебақылау камераларын көруге болады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Сүйінбай көшесіне жақын жерге полиция бекеті орнатылыпты. Соңғы жылдары мұнда бекеттер болған жоқ. Сондықтан жергілікті тұрғындар тоғайда, әсіресе кешкі уақытта серуендегенде өздерін қауіпсіз сезінбейтіндерін айтып, жиі шағымданатын.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Сонымен қатар енді мұнда қоқысты бөлек жинауға арналған жәшіктер бар.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Тоғайда жаңа орындықтар мен демалыс күркелері де пайда болды. Олардың астындағы алаңқайларға бетон құйылғаны назар аудартады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтmolда

Бірақ оларды пайдалануға әлі болмайды - барлық жерде мердігердің тиісті хабарландырулары ілулі тұр.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Енді мынадай орындықтар да бар.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Дегенмен ескі үлгідегі орындықтарды әлі де көруге болады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Жаңа балалар алаңқайлары салынған - оларды да әзірге пайдалануға тыйым салынған.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Спорт алаңқайларының жағдайы да осыған ұқсас.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Ал кейбір алаңқайларда жұмыс әлі жүріп жатыр. Олардың кейбірі қоршалған, кейбіріне еркін кіруге болады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Соқпақ жолдардың көп бөлігіне қиыршық тасқа ұқсайтын арнайы жабын төселген.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Бірақ асфальт төселген жерлер де жоқ емес.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Әкімдік тоғайды абаттандыру туралы не дейді?

Еске сала кетейік, тоғайдың ауданы - 137,7 гектар. Мұндай аумақтарды абаттандыру көп уақытты қажет етеді. Сондықтан біз Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен мердігер жұмысты мерзімінде аяқтап үлгере ме деп сұрастырған едік.

Редакция сауалына тапсырыс беруші - Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы жауап берді. Мемлекеттік органның ақпаратынша, жұмыс қазір "аяқталу сатысында және бекітілген кестеге сәйкес толық орындалып жатыр".

"Кешігу жоқ. Мердігер ұйым жұмыстың қажетті қарқынын қамтамасыз етті, жобаны уақтылы әрі сапалы аяқтау үшін барлық шара қабылданған.  Жұмыстың белгіленген мерзімде аяқталуы қамтамасыз етіледі", - делінген басқарма жауабында.

Сондай-ақ біз 2025 жылдың қазан айындағы ағаштарды кесуге қатысты оқиғаның немен аяқталғанын және жаңа көшеттердің отырғызылған-отырғызылмағанын сұрадық.

"Ағаш кесуге қатысты бұған дейін айтылған мәселелер бойынша, аталған жұмыстарды осы жоба аясында мердігер ұйым жүргізбегенін хабарлаймыз. Сонымен қатар абаттандыру жобасын іске асыру шеңберінде 1000-ға жуық ағаш отырғызылды", - деді ведомство өкілдері. 

Неліктен тоғайға соншалықты көп көңіл бөлінді?

Алматылықтар бұл жерді абаттандыру мәселесін бірнеше рет көтерген. 

Мәселен, былтыр қазанда Экология министрлігінің экопорталында "Баум тоғайы" табиғат ескерткішін қалпына келтіру және сақтау" атты жоба пайда болды. Сипаттамасына қарап, 12,7 мың текше метрден астам ағашты кесу жоспарланғанын - бұл мұндағы ағаштардың жартысына жуығы (48 пайызы) екенін аңғаруға болатын еді. Олар -  "әлсіреген, өсуі тежелген, қурап бара жатқан, қураған және апаттық күйдегі ағаштар".

Құрамына тоғай кіретін "Медеу" мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы санитарлық шаралар жасыл желектерді жоюға емес, оны "қалпына келтіруге және жаңартуға" бағытталғанын атап өтті.

6 қазанда әлеуметтік желілердегі алматылықтардың наразылығынан кейін Алматы әкімінің бұрынғы кеңесшісі Ильзат Акчурин Баум тоғайын абаттандыру кезінде ағаштар кесілмейтініне сендірді. Оның айтуынша, түгендеу нәтижесі 104 мың ағаш пен бес мыңнан астам бұтаның ішінен:

55 пайызы - сау, 23 пайызы - әлсіреген, 12 пайызы - өсуі тежелген, сегіз пайызы - қурап бара жатқан, ал қураған және апаттық күйдегілері бір-бір пайыздан екенін көрсеткен.

Бірақ 21 қазанда белсенді Салтанат Тәшімова алып жүк көлігінің тоғай ішіндегі жолмен емендерге тым жақын жүріп бара жатқаны түсірілген видео жариялады. Кадрлардан техника өткеннен кейін ағаш қабықтарының зақымдалғаны байқалады.

Алматы әкімдігі бірнеше күннен кейін тексеру жүргізіп, ағаштардың қабығы мен тамыр жүйесінің зақымдалғаны анықталғанын мәлімдеді. Нәтижесінде мердігерлерге ӘҚБтК-нің 386-бабы бойынша - "Жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу" бабымен әкімшілік айыппұл салынды.

26 қазанда тоғайда ағаштардың заңсыз кесілгені белгілі болды: екі ағаш құлатылған, тағы 11-і кесілген. Бұл туралы алғашқылардың бірі болып қоғам қайраткері және блогер Санжар Боқаев айтты. Оның сөзінше, жұмыстар түн ортасында жүргізілген. "Медеу" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі оқиға орнынан екі қол арасы мен бір бензин арасы табылғанын алға тартты. Кезекші инспектор табиғатты қорғау полициясына арыз түсірді.

Ол кезде BAZIS-A корпорациясы мердігер "СК Барлас Құрылыс" ЖШС жасыл желектерді санитарлық кесумен немесе жоюмен айналыспайды, өйткені бұл олардың құзыретіне кірмейді және реконструкциялау жобасында қарастырылмаған деп мәлімдеді. 

28 қазан күні таңертең - ағаштардың заңсыз кесілгені туралы хабарлардан кейінгі алғашқы жұмыс күнінде - коммуналдық қызметтер тоғайға жедел түрде жаңа көшеттерді отырғыза бастады. 

Ал 2026 жылғы 18 наурызда Санжар Боқаев ұсталды. Бас прокуратура оның жалған ақпарат тарату, жағымсыз қоғамдық пікір қалыптастыру, сондай-ақ алаяқтық жолымен аса ірі мөлшерде ақшалай қаражат жымқыру күдігіне ілінгенін хабарлады.

Тергеу нұсқасы бойынша, Боқаев бұл заңсыз әрекеттерді өзі ұйымдастырып, қаржыландырған делінеді. Оның "табысы төмен адамдарды тартып, оларға ақшалай сыйақы үшін ағаштарды кесуді және мүлікті ұрлауды тапсырғаны" айтылды.

Кейінірек Бас прокуратура Боқаевқа қатысты істің екі бап бойынша жүргізіліп жатқанын нақтылады:

Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша - "Аса ірі мөлшердегі алаяқтық"; Қылмыстық кодекстің 340-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша - "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының ағаштар мен бұталарды заңсыз кесуі, жоюы немесе зақымдауы".

Дайындаған: Никита Данилин, Болат Айтмолда
Аударған: Нұрила Ермекбаева

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:45
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Сәуір 2026 09:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Баку Тбилиси Карс теміржолы ашылды

03 Маусым 2026 10:49see114

ҰҚК қызметкерлері Қостанай әкімдігінде тінту жүргізді бөлім басшысы ұсталды

02 Маусым 2026 19:37see112

Аптап ыстық пен нөсер жаңбыр Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

03 Маусым 2026 10:59see112

Қылмыстық рақымшылық: түрмеден қанша адам босатылады

03 Маусым 2026 10:48see110

Алматыдағы такси сапары боевик сюжетіне айналды

03 Маусым 2026 17:41see108

Алматының 16 оқушысы халықаралық олимпиададан түгел жүлдемен оралды

04 Маусым 2026 09:34see106

ЖИ саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы ПХЭФ алаңында талқыланды

04 Маусым 2026 09:23see106

Жүк көліктеріне қала ішінде жүруге тыйым салына ма?

03 Маусым 2026 13:25see106

Депутат мектеп бітіруші түлектерге арналған алып гүл шоқтарының жарысын сынға алды

03 Маусым 2026 12:45see106

Сәтбаевта стадионды бүлдірген балалардың ата аналары жауапқа тартылады

04 Маусым 2026 10:13see105

​Атырауда Керемет паркі лаулап жанды

04 Маусым 2026 10:34see105

Атырау көпірі Гиннес рекордтар кітабында: ақиқат па, аңыз ба?

04 Маусым 2026 14:26see104

Қазақстанда Бас прокурор мен облыс прокурорларына жаңа өкілеттіктер берілмек

04 Маусым 2026 13:06see104

Алматыда құрылыс компаниялары жаппай лицензиясынан айырылып жатыр

03 Маусым 2026 10:35see104

Еңбек өтілі 30 жыл, бірақ зейнетақы аз Парламентте қазақстандықтарға төленетін төлемдер мәселесі көтерілді

03 Маусым 2026 14:23see104

Петропавлда жыл басынан бері қорлық көрген 38 әйел полицияның сенім телефонына жүгінген

02 Маусым 2026 19:50see103

Қазақстанда 400 ден астам кипрлік компания жұмыс істейді

03 Маусым 2026 19:04see102

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

03 Маусым 2026 10:39see102

Сәтбаевтағы стадионда жас вандалдар ойран салды іс қозғалды

03 Маусым 2026 20:10see102

​Экспаттар қазақстандықтармен қалай тәжірибе бөліседі: Еңбекмин жаңа ереже енгізді

03 Маусым 2026 12:23see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары