Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Ойын арқылы сөйлеуге жетелейтін қосымша

Ойын арқылы сөйлеуге жетелейтін қосымша

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бала тілінің кеш шығуы ата-ананы ғана емес, педагог пен логопедті де алаңдатады. «Уақыт өте келе өзі сөйлеп кетеді» деген жұбату сөз жиі айтылады. Бірақ кей жағдайда сөйлеудің кешеуілдеуі баланың әлеуметтік ортаға бейімделуіне, эмоциялық күйіне, тіпті оқу дағдыларының қалыптасуына кері әсер етуі мүмкін. Мұндай сәтте ата-анаға қолжетімді, күнделікті қолдануға ыңғайлы қосымшаның маңызы зор. Осы сұранысқа жауап беруге бағытталған отандық стартаптың бірі – Айнұр Нұрәділ негізін қалаған «AR Sana» жобасы. Бұл – 1,5 мен 6 жас арасындағы балалардың сөйлеу дағдыларын жылдам әрі табиғи түрде дамытуға көмектесетін, логопедтермен бірге жасалған қолданба.

Идея бастауы

«AR Sana» кездейсоқ идеяның нәти­жесі емес. Жобаның негізінде нақты әлеуметтік сұраныс пен ғылыми ізденіс қатар жатқанын байқаймыз. Айнұр Нұрәділ Нью-Йорк университетінде балалар медиасы мен ерте даму мәселелерін зерттеген. Елге оралған соң, ол 50-ден астам ерекше қажеттілігі бар баланың ата-аналарымен сұхбаттасып, көптеген отбасының логопедке жүйелі баруға мүмкіндігі шектеулі екенін немесе көмекке кеш жүгінетінін байқаған.

«Мен аутистік спектр бұзылысы, цере­бралды сал ауруы (ЦСА), өзге де ерек­шелігі бар көптеген балада тілдің кеше­уіл­деуі алғашқы белгілердің бірі екенін аң­ғардым. Сол кезден бастап бала­лардың ер­кін ­дамуына көмектескім келді», дейді ол.

Жобаның ерекшелігі

«AR Sana»-ның басты күші – екі бағыттың тоғысуында. Бір жағынан, жоба заманауи балалар медиасының ғылыми зерттелген тәсілдеріне сүйенеді, яғни  баланың назарын ұстап тұру, эмоциялық байланыс құру, визуалды ойлауды дамыту, контентті қабылдау психологиясы секілді компоненттер ескерілген. Екінші жағынан, логопедиялық және тіл дамыту тәжірибесі жүйелі түрде енгізіледі.

Тағы бір айқын ерекшелік – репрезентация. Қосымша кейіпкерінің қазақ қызы ретінде жасалуы, визуалды әлемнің Қазақстан мен Орталық Азия табиғатына жақын құрылуы, ең бастысы – контенттің толықтай қазақ тілінде ұсынылуы ұлттық балалар медиасындағы сапалы өнім тап­шылығын азайтуға бағытталған нақты қадам болып отыр. Өйткені Қадыр Мырза Әлі айтпақшы, «Қазақ тілі бала тіліне айналмай, ана тіліне айналмайды»...

Қосымша қалай жұмыс істейді?

Қолданбаның жұмыс логикасы баланы «жаттығуға мәжбүрлеу» емес, ойынға еркін енгізу қағидасына құрылған. AR көрінісі арқылы Сана есімді визуалды қыз баланың өз бөлмесінде пайда болады. Көп бала сөйлегісі келмегендіктен емес, бейтаныс адамнан және жаңа ортадан қысылғандықтан логопедпен ашылып сөйлеспейді. Ал AR кеңістігі баланың қауіпсіздік сезімін сақтап, сөйлесуге психологиялық жол ашады.

AR бөлігі аяқталған соң, бала виртуалды бөлмеге еніп, сөздер мен сөйлемдерді қайталау, дыбыстарды дұрыс қоюға ар­налған шағын тапсырмалар орындайды. Жоба жетекшісінің айтуынша, «AR Sana» логопедтің орнын алмастырмайды, керісінше оның жұмысын толықты­руды мақсат етеді. Маман физикалық және терапиялық бағыттарға, яғни массаж, ұсақ моториканы дамыту секілді компоненттерге назар аударса, бала үйде сөздік және артикуляциялық дағдыларды тұрақты түрде бекіте алады.

Ендігі меже

Команда артикуляциялық жатты­ғу­­лар­ды енгізуді бастап кеткен. Алдағы уақытта 35-тен астам артикуляциялық жаттығу қосу жоспарланған. Бұл әдістер жетекші логопед Ажар Нұркеновамен бірлесіп әзірле­ніп, кейін тәуелсіз маман­дардың бағалауы­­нан өтпек. Осы тәсіл өнімнің әдістемелік ­сапасын кү­шейтуге бағытталған.

«Біздің жолымыз «Астана Hub»-та ­басталды. Технопарктің екі бағдарлама­сы­нан өткен едік, сол кезден бері олар біз­ді тұрақты түрде қолдап келеді. Яғни са­раптамалық консультациялар, питчингке дайындық, презентацияны нығайту – бә­рінде үлкен демеу болды. Сонымен қа­тар Назарбаев университетіндегі «Social Startup» бағдарламасы арқылы ресми түр­­де әлеуметтік жоба ретінде танылып, небәрі бір апта бұрын 10 млн теңге көле­міндегі грантты жеңіп алдық. Бұл біздің мис­сиямыздың қоғам үшін маңызды еке­­нін тағы да дәлелдеді», дейді Айнұр Нұрәділ.

Команданың мақсаты бір ғана қосым­шамен шектелмейді. «Green Álem Creative Studio» аясында AR технологиясы енгізіл­ген кітапшалар мен анимация жасау жос­пары бар. Бұл – қазақша балалар медиа­сын ғылыми негізде, технологиялық деңгей­де жүйелі түрде дамытуды көздейтін кеңі­рек стратегияның бір бөлігі. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:228
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Желтоқсан 2025 17:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары