Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанадағы автосалон менеджері алдау арқылы 23 миллион теңгенің екі автокөлігін иемденіп алды

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады : 27 шілдеде ауа райы қандай болады

Сіздің WhatsApp ыңызды қазір оқып отыруы мүмкін қазақстандықтар оны қалай тексере алады

Қызылорда тұрғыны Алматыға келіп, іс түзсіз жоғалып кетті

Екі дос ерекше жүкпен теңізді кесіп өтіп, желі жұлдызына айналды

Қазақстанда жұмыспен қамтылған әйелдер саны 4,5 миллионнан асты

Заң мен тәртіп : Шымқала кештері қоғамдық қауіпсіздік талаптарын сақтау құндылықтарын насихаттады

Алматыда пайдаланылған газ үшін жүргізушілерге жаппай айыппұл салынуда

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

Елдегі жеке клиникалар МӘМС тен заңсыз қаржы алу үшін 140 мың азаматты жалған тіркеген

Челси футбол клубы Дастан Сәтпаев қатысқан жаңа видеоны жариялады

Қытайдың жасыл энергетикаға инвестициясы рекордтық деңгейге жетті

Бес ЖЭО қызыл аймақта қалып отыр: Қазақстан қысқа қалай дайындалуда

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам қаза тауып, тағы екі адам ауыр жарақат алды

Биыл магистратураға түсу үшін 25 мыңнан астам адам тест тапсырды

Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін 2 миллиард теңгелік көпірлер олардың түрі қандай және құрылысы қашан аяқталады

Әнші Алтынай Жорабаева қызын ұзатты (видео)

Қазақстан мұнайының экспорты қайта жанданды

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

Нұрай маған бірінші пышақ салды : Айыпталушы сотта жауап берді

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Отырыста марқұмның әкесі оқиға қалай болғаны туралы өз нұсқасын айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Көлікке күштеп отырғызған"

Марқұмның әкесі сотталушының "Нұрай өз еркімен кетуге келісті" деген мәлімдемесін жоққа шығарды. Сотта ол айыпталушы Нұрайды көлікке күштеп отырғызып, телефонын тартып алып, Алматыдан алып кеткенін айтты.

"12-13 сағат бойы қызымызбен мүлдем байланыса алмадық. Кейін ол телефон осы уақыт бойы соның қолында болғанын айтты. Нұрайдың сөзінше, ол балағат сөздер айтып, қорқытқан. "Егер рөлге жармассаң, екеуміз де өлеміз, көлік аударылады!" деп айтқан. Ол 28 жаста, ұяттан жұрдай ересек ер адам. Қызым небәрі 20 жаста еді. Мұндай жағдайда жас қызды бір сөзбен немесе бір көзқараспен-ақ қорқыту оңай", – деп бөлісті сотта Бауыржан Сағынбек.

Нұрайдың әкесі қызының ұрланғанын туыстарынан естіп, дереу ұлдарын қарындасын алып келуге жібергенін хабарлады. Алайда бірнеше минуттан соң олардың Шымкенттегі үйіне айыпталушының туыстары келген.

"Ұлдарым кеткеннен кейін бес минуттан соң үйімізге сотталушының ағасы мен көкесі, екі ер адам келді. Олар шақырусыз-ақ құдалар сияқты үйге кіріп кетті. Мен қызымның ұрланғанын жаңа ғана біліп отырмын, сондықтан Нұрайдың дауысын естімейінше, оларды кіргізбейтінімді және сөйлеспейтінімді айттым. Бірақ олар менің сөзіме құлақ аспай, ас үйге барып жайғасты", – деді марқұмның әкесі Бауыржан Сағынбек сотта.

Марқұмның әкесінің сотта сөйлеген сәті / Соттың онлайн-отырысынан скриншот

Әкесінің айтуынша, айыпталушының туыстары Нұрайдың атынан жазылған қолхатты көрсеткен. Онда қыз өз еркімен кеткенін растаған-мыс.

"Сол уақытта Нұрай қоңырауларға жауап бермеді. Кейін маған сотталушының ағасының телефоны арқылы онымен сөйлесуге мүмкіндік берді. Қызым: "Әке, мұнда бәрі менің еркімнен тыс болып жатыр. Мені бұл жерден алып кетіңіз", – деді. Содан кейін мен бұл екеуін үйден қуып шығуға тырыстым, бірақ олар кетуден бас тартты. Екі ер адамға жалғыз шамам келмеді – арамызда жанжал басталды. Жағдай ушығып кеткенде, жұбайым Айгүл полиция шақырды", – деп түсіндірді жәбірленуші.

Бауыржан Сағынбектің айтуынша, полицейлер екі ер адамды қуып шыққан, бірақ ешқандай шара қолданбаған. Осыдан кейін ата-анасы Нұрайды алып кету үшін полиция бөліміне барған.

"Полицияда мені сотталушының әкесімен таныстырғысы келді. Бізден бір-бірімізді кешіруге дайынбыз ба деп сұрады. Мен: "Жоқ. Ұлы істеген ісіне жауап берсін", – деп жауап бердім. Маған полиция адам ұрлау мен шабуыл жасауды тергеудің орнына, бізді сотталушының әкесімен татуластырып, істі жауып тастауға тырысқандай әсер қалдырды. Жұбайым екеуміз қызымызды алып кетіп қалдық", – деді Бауыржан Сағынбек.

Нұрайдың анасы не айтты?

Марқұмның анасы Айгүл Сағынбекова да сотта сөз сөйледі.

"Аудандық ішкі істер бөліміне келгенімізде бізді Нұрайға жібермеді. Оның ересек адам екенін, өзі арыз жазатынын айтты. Кейін қызымызды алып кеткенде, ол бізге полицейлердің оған: "Сен осы жігіттің 15-20 жылға сотталғанын қалайсың ба? Осындай күнәні мойныңа алуға дайынсың ба? Содан кейін қалай өмір сүресің?" – деп айтқанын жеткізді. Содан кейін оған сотталушы енді оған жақындамайды деп уәде беріп, басқа арыз жазуды ұсынған. Нұрайды қорқытып тастаған. Ол бізге өзін видеоға түсіріп, сол сөздерді камера алдында айтқызғанын айтып берді", – деді Нұрайдың анасы.

Марқұмның анасының сотта сөйлеген сәті / Соттың онлайн-отырысынан скриншот

Осыдан кейін отбасы бірнеше рет аудандық прокуратураға жүгінген. Алайда марқұмның ата-анасының айтуынша, қылмыстық іс сол күйі қозғалмаған.

Сталкинг және ақша аударымдары

Ата-анасының сөзінше, прокуратураға шағымданғанына қарамастан, сотталушы қыздың соңынан қалмай аңдуды жалғастырған: үй қақпасының алдында күзетіп тұрған, Instagram-дағы құрбыларына жазған және ақша аударып отырған. Соның салдарынан қыз телефон нөмірін екі рет ауыстыруға мәжбүр болған.

"Сотталушы қызымның жаңа нөмірін тапқанын көрсету үшін оған ақша аударып отырған. Ол ақшаны дереу кері қайтаратын, оған ол ақшаның қажеті жоқ еді. Бірақ ол ақшаны қайтару мүмкін болмайтындай әдіспен аударатын болған. Әр түрлі сомалар еді. Кейін қызым маған осы аударымдардың барлық скриншотын берді. 2024 жылдың 18 қарашасында мен ол ақшаны әкесіне толықтай қайтарып бердім", – деді Бауыржан Сағынбек.

Ақша қайтадан аударылған кезде, отбасы барлық соманы қайырымдылық қорына науқас баланың еміне аударған. Сотта Нұрайдың әкесі банктік чектерді көрсетті.

Сот талқылауы жалғасып жатыр.

"Адам өлтіру", "Алып қашу" және "Сталкинг"

Еске сала кетейік, сотталушы 28 жастағы Ш. А. Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айыпталып жатыр:

99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы бойынша – "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру"; 125-1-бап бойынша – "Некеге тұруға мәжбүрлеу"; 115-1-бап бойынша – "Сталкинг"". "Аффект жағдайында болдым": сотталушы сотта не деді?

Алдыңғы отырыста 28 жастағы сотталушы Ш. А. Нұрайды ұрлау және аңду туралы айыптарды жоққа шығарған еді.

Ол қызбен қарым-қатынаста болғанын, оған тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасағанын, ал қайғылы оқиға болған күні жүзікті қайтарып, айырылысу үшін келгенін мәлімдеді.

Оның нұсқасы бойынша, Нұрай оған бірінші болып пышақ жұмсаған, содан кейін ол аффект жағдайына түсіп, оған қалай өлімші жарақат салғаны есінде жоқ екенін айтады. Сондай-ақ Ш. А. 2019 жылдан бастап басынан алған жарақатынан кейін психикалық ауытқуы барын мәлімдеді.

Сотталушының соттағы сөзі / Соттың онлайн отырысынан скриншот

Бір жарым сағат ішінде 76 қоңырау: бұған дейін не белгілі болды?

Бұған дейін прокурор айыптау актісін оқыды, ол үш эпизодтан тұрады.

Тергеу мәліметінше, 2025 жылдың жазында сотталушы Нұраймен танысып, күзде оны Алматыда ұрлап кеткен және некеге тұруға мәжбүрлеу үшін Түркістан облысындағы туыстарының үйіне апарған. Сол кезде қыздың ағалары полициямен бірге оны үйіне қайтарып алған.

Бұдан кейін, тергеу деректері бойынша, ер адам қыздың соңына түскен: бірнеше күн ішінде оған 154-тен астам рет қоңырау шалып, Алматыдағы үйі маңында аңдып жүрген.

2026 жылғы 11 қаңтарда кешке Шымкентте Нұрайдың ата-анасының үйі маңында ер адам оған пышақ жарақаттарын салған. Қыз оқиға орнында көз жұмды, ал күдікті екі күннен кейін ұсталды.

Анықтама: Бұған дейін тергеу барысында күдікті тергеу изоляторынан Алматы облысының Ақтас ауылындағы мамандандырылған психиатриялық ауруханаға сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін ауыстырылған болатын . Сол кезде Нұрайдың туыстары күдікті психикалық ауытқуды желеу етіп, жауапкершіліктен жалтаруы мүмкін деп қауіптенген. Бірақ сараптама күдіктінің есі дұрыс деп таныды.

Соттың онлайн-отырысынан скриншот

Іс хроникасы

Қайғылы оқиға 11 қаңтарда болды. Желіде тараған бейнебақылау камераларындағы жазбалардан ер адамның қызды аңдып жүргенін, қыз қашуға тырысып, қарсылық көрсеткенін, содан кейін ер адам оған пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткенін көруге болады. 13 қаңтарда күдікті – өңірдің 28 жастағы тұрғыны қаладан 10 шақырым жерде ұсталды.

Ұсталған адам туралы Нұрайдың ағасы Сұлтан бөліскен мәліметтер БАҚ пен әлеуметтік желілерде ашу толқынын тудырды.

Күдікті оның қарындасын тойда танысқан 2024 жылдың жазынан бастап аңдығаны белгілі болды. Қыз оның тым белсенді көңіл білдіруінен сыпайы түрде бас тартқан, бірақ қазанда ер адам түбегейлі әрекеттерге көшкен.

"Ол телефонды тартып алып, көлікке отырғызып, Алматыдан Шымкентке алып кеткен. Нұрай үй киімімен болған, оған "соңымнан ермеңіз, мені аңдуды қойыңыз" деп айту үшін ғана шыққан. Ол үлкендерді әрқашан сыйлайтын, ал күдікті 28 жаста болған. Ол осыны пайдаланып, оны алып қашқан", – деп еске алды Нұрайдың ағасы Сұлтан.
Сол кезде Сұлтан мен үлкен ағасы қарындасын полиция шақырту арқылы ғана құтқара алған – ұсталған азаматтың туыстары Нұрайды келін ретінде жібергісі келмеген. Полиция қызды босатуға көмектесті. Бірақ кейін оның отбасы құқық қорғау органдарының немқұрайлылығына тап болды.

Қыздың туыстары адам ұрлау туралы полиция мен прокуратураға үш рет арыз жазған. Бірақ олар қабылданбады. Бірнеше айдан кейін қызды өлтіріп кетті.

Жағдайға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев назар аударып, 20 қаңтарда Ұлттық құрылтай отырысында полицияның әрекетіне баға беруді тапсырды. Сол күні Шымкент полициясының бастығы Нұрлан Алмасбеков қызметінен босатылғаны, ал некеге тұруға мәжбүрлеу туралы істі тіркемеген қызметкерлерге қатысты салғырттық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Осыдан кейін әлеуметтік желілерде бейнежазба тарады, оны Шымкент полиция департаментінің бұрынғы қызметкерлері жариялады деген болжам бар. Жазбада Нұрай Серікбай өзін некеге тұру мақсатында ешкім ұрламағанын және сол күні күдіктінің көлігіне өз еркімен отырғанын айтады. Роликте Нұрай ер адамға ешқандай шағымы жоқ екенін айтқаны да бар.

Скриншот: видео/typicalkaz/Instagram

Отбасының адвокаты Сержан Нүрпейісов жәбірленуші тарап тергеу құпиясы бұзылғаны үшін ресми шағым түсіргенін хабарлады.

Бұған дейін марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы Бас прокуратураға шағым жолдады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Шілде 2026 19:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанадағы автосалон менеджері алдау арқылы 23 миллион теңгенің екі автокөлігін иемденіп алды

27 Шілде 2026 21:05see224

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады : 27 шілдеде ауа райы қандай болады

26 Шілде 2026 20:33see161

Сіздің WhatsApp ыңызды қазір оқып отыруы мүмкін қазақстандықтар оны қалай тексере алады

27 Шілде 2026 18:51see155

Қызылорда тұрғыны Алматыға келіп, іс түзсіз жоғалып кетті

27 Шілде 2026 08:29see142

Екі дос ерекше жүкпен теңізді кесіп өтіп, желі жұлдызына айналды

27 Шілде 2026 14:25see139

Қазақстанда жұмыспен қамтылған әйелдер саны 4,5 миллионнан асты

27 Шілде 2026 17:08see137

Заң мен тәртіп : Шымқала кештері қоғамдық қауіпсіздік талаптарын сақтау құндылықтарын насихаттады

27 Шілде 2026 10:04see136

Алматыда пайдаланылған газ үшін жүргізушілерге жаппай айыппұл салынуда

27 Шілде 2026 16:16see134

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

28 Шілде 2026 16:02see133

Елдегі жеке клиникалар МӘМС тен заңсыз қаржы алу үшін 140 мың азаматты жалған тіркеген

27 Шілде 2026 16:14see133

Челси футбол клубы Дастан Сәтпаев қатысқан жаңа видеоны жариялады

27 Шілде 2026 19:44see132

Қытайдың жасыл энергетикаға инвестициясы рекордтық деңгейге жетті

27 Шілде 2026 00:59see129

Бес ЖЭО қызыл аймақта қалып отыр: Қазақстан қысқа қалай дайындалуда

27 Шілде 2026 11:48see129

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам қаза тауып, тағы екі адам ауыр жарақат алды

27 Шілде 2026 12:17see128

Биыл магистратураға түсу үшін 25 мыңнан астам адам тест тапсырды

27 Шілде 2026 15:51see125

Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін 2 миллиард теңгелік көпірлер олардың түрі қандай және құрылысы қашан аяқталады

28 Шілде 2026 10:35see120

Әнші Алтынай Жорабаева қызын ұзатты (видео)

27 Шілде 2026 21:29see120

Қазақстан мұнайының экспорты қайта жанданды

27 Шілде 2026 18:01see120

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

28 Шілде 2026 14:00see112

Нұрай маған бірінші пышақ салды : Айыпталушы сотта жауап берді

28 Шілде 2026 13:13see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары