Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Өмірінің мәні жоғалса... : суицидолог өз өзіне қол салған қарттардың неге көбейгенін айтты

Өмірінің мәні жоғалса... : суицидолог өз өзіне қол салған қарттардың неге көбейгенін айтты

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бұған дейін Ranking.kz елдегі суицид мәселесі негізінен депрессияның салдарынан деген болатын. Әлем бойынша бұл көрсеткіш 3,9% болса, Қазақстанда 4,4 пайызға жеткен. Соның ішінде жасөспірімнен гөрі қарттардың өзіне қол салуы екі есе өскен. Осы мәселені психолог-суицидолог Татьяна Браунмен сөйлесіп көрдік.

– Психологтер адам өлімі жайлы сөз қозғап, әзілдеп айтса да, елемей қоюға болмайды дейді. Себебі бұл – өз-өзіне қол салудың басты белгісі екен. Дәл сол сәтте болмаса да, әйтеуір күндердің күнінде өзіне қол салуы мүмкіндігі барын айтады. Сол рас па?

– Рас, бұл – шындық. «Ондай ойымда болмады, әншейін айта салдым» дегеннің өзі әзіл болса да, бұл – вербальді қоңырау. Яғни, адамның ішкі жан дүниесінде жайсыздықтың орнағанын көрсетеді. Мұндай шешімге бір мен ғана емес, өзге де әріптестерім қосылады. Өйткені бұған оқып-біліп қана емес, клиникалық бақылау жасап, тынымсыз ізденістің арқасында тәжірибемен жинақталған түйін. Шыны керек, адам өз-өзіне қол салуға жайдан-жай бармайды. Адам психикасындағы ақпараттың, эмоцияның не стрестің шамадан тыс болуынан, яғни ми мен жүйке жүйесі қорыта алмай, бойына сіңіре алмауынан шарасыздыққа ұшырайды. Сөйтіп, ойының тұңғиығынан шығар жол таппай, таусылады. Міне, сондай кезде суицидке барады. Ал бұл әрекет – жанының қиналғанын көрсетудің бір амалы. Әйтпесе, адам өзін өлімге қимайды, «өлемін» деп жоспар құрмайды. Дегенмен өлімді ойына алудың өзі адамның ерік-жігерінің әлсірегенін көрсетеді.

– Адам суицидке бармас бұрын мұны екі-үш ай бойы ойында ойлап жүреді деген қаншалықты рас?

– Адам суицидтік әрекет жасайтынын үш ай бойы ойлап жүреді деп белгілі бір уақытты кесіп-пішіп айтуға болмайды. Бұл бәріне бірдей қолданылатын ереже емес. Әр адамның психикалық жай-күйіне байланысты. Мысалы, зейнет жасындағы жандарда мұндай ой ұзақ уақыт піседі. Оның сырт келбетінен ештеңе байқалмайды, тіпті ешкім одан сезіктенбеуі де ықтимал. Ол кісі қалыпты өмір сүріп жүре береді. Алайда жақынын жоғалтса, айықпас дертке шалдықса, өмірінің мәні жоғалса, іште жатқан ой кенеттен тіріледі. Сондықтан адам өмірімен қоштасуды аузына алса, бірнеше аптадан бірнеше ай бойы оның ойында жүретіні анық. Тағы да айтамын, адам мұндай қадамға ойламаған жерден бармайды. «Бәрі бітті», «бұдан шығар жол жоқ» деген ой бүкіл санаңды улап, бойыңды билеп, суицидтік әркетке итермелегенше іштен тынып жатуы мүмкін.

–  Бүгінде суицид елімізде  қоғамды алаңдатарлықтай өзекті мәселеге айналып отыр. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы бес айында елімізде 1,4 мың адам өз-өзіне қол салса, 1 300 адам суицидтен қаза тапқан. Соның 70,5 пайызының себебі белгісіз болса, қалған 29,5 пайызы кедейлік пен жалғыздықтан өмірімен қоштасқан. Онда да жасөспірім мен жастардан гөрі қарттардың өз-өзіне қол салуы көбейген. Бұған не дейсіз?

– Бұл ақпаратты негізсіз деп айтуға болмайды. Шынымен, соңғы жылдары қарттардың суицид жасауы жиі кездеседі. Оған әсер ететін фактор да көп. Атап айтсақ, жалғызсырау, әлеуметтік оқшаулану, өзінің ешкімге қажетсіз көруі, отбасылық өмірде не өз ортасында маңыздылығын жоғалтуы, созылмалы ауруға шалдығып, соның арпалысынан шаршауы, өзгеге не балаларына масыл болудан қорқуы, жарынан не болмаса баласынан, жанына жақын досынан айырылуы, қалыпты өмірінің өзгеруі де әсер етуі мүмкін. Қарттарың «асарымды асадым, жасарымды жасадым», «жасым келді, бұл өмірде  көрмегенім не қалды», «сүтпен сіңген мінез, сүйекпен кетеді» деген сөздерімен алдаусыратуы мүмкін. Әйткенмен, оның ар жағында депрессияның ауылы алыс емес екенін көрсетеді.

– Олардың депрессияға түсуіне не итермелейді? Мысалы, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немересі өсіп-жетті, материалдық тұрғыда да жағдайы жақсы, ешқандай несиесі, ел алдында қарызы жоқ делік. Сондай жандардың өз өмірімен қоштасуына не түрткі?

– Адамды бұл жолға не итермелейді десеңіз, әртүрлі фактор әсер етеді. Үйінде қарты бар жандар «жаны неге қиналып жүр дейсің?» деп оның сырт келбетіне ғана қарайды. Ал оның ішкі жан дүниесіне ешкім мән бере бермейді. Алайда сыртқы келбеттің жайлылығы ішкі жан дүниенің тыныштығын білдірмейді ғой. Сіз айтқандай, тамағы тоқ, жақыны жанында болса да іштегі арпалысынан кім хабардар? Іштей ол өзінің ешкімге керек емес екенін, өз ортасында өзін мойындатпауы ма, кім білсін?!

 Негізгі фактор іштегі дерттің жанына батқаны, не оның ауырғаны емес. Оның тоқтаусыз, ешқашан басылмайтын, соңы көрінбейтін жан азабы адамды суицидтік қадамға итермелейді. Конгнитивті мінез-құлық психотерапияда әр адамның ішкі ұстанымы мен сенімі болады. Сол өзгеріске ұшыраса, мәнін жойса, экзистенциалды кеңістік туындайды. «Менің ешкімге керегім жоқ», «оларға масыл болғым келмейді», «ешкімім қалмады» деп, іші қаңырап бос қалады. Бір сөзбен айтқанда, өмірінің мәнін жоғалтады. Осыны арнайы зерттейтін экзистенциалды психология деген бағыт бар. Яғни, адам кез келген шағында өмірдің мәнін жоғалтады, соны табуға бағытталған. Сол себепті әрбір жан өмірінің мәнін жоғалтпауы тиіс.

– Қарттардың депрессияға түскенін қалай білуге болады? Оның қандайда бір белгісі бар?

– Жасы ұлғайғандардың депрессияға түсуін сөзінен ғана емес, өзін-өзі ұстауынан да байқауға болады. Апатияға түсіп, көңілі болмай, бойын шаршаңқылық басып, ұйқысы бұзылып, тәбеті болмауы мүмкін. Бұрын көз қуанышына айналған дүниеден ләззат алудан қалады. Осындай болмашы дүниенің бәрін бақылап, көзден таса жібермеген жөн.

Ең әуелі үйдегі үлкендердің сөзіне ден қойып, құлақ асу  керек. «Бұның маған қажеті болмайды», «өмірде мен көрмеген не қалды дейсің?» деп өмірге селқос қарап, бұрынғыдай әңгіме-дүкен құрудан қалып, сырласуын қойса, не болмаса өзін-өзі қарап күтуден қалып, енжарлық танытуы да алаңдатарлық дүние. Енді бірі болмысынан мазасыз адам кенеттен тынышталса сескену керек.

– Қарт ата-әженің депрессияға түскенін байқадық  делік, бұдан шығар жол бар ма?

– Жалпы, қарттардың депрессияға түсуі – жасөспірім мен ересектерден қатты айырмашылығы жоқ, бәрі бірдей. Бірақ қарттың ұлғайған шағында депрессияға түсуі қалыпты дүние емес. Депрессия деген әлсіздік емес, ол – адамның психикалық жай-күйі. Сондықтан адамға өмірінің мәнін қайтаруға көмектесу керек.  Оның өзінің сіз үшін, отбасы үшін маңызын  жоймағанын көрсеткен дұрыс. Алдымен психологтің көмегіне жүгінген дұрыс. Ал ағайын-туысы өз тарапынан онымен әңгімелесіп, сырласуы тиіс. Бастысы, оны сол кезде өзінің ойымен, жан арпалысымен жалғыз қалдырмау керек. Ол жанында жақыны барын ұмытпауы керек.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қаңтар 2026 14:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары