Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Он үшінші білім ошағы

Он үшінші білім ошағы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» жобасы өткен жылдың соңына таман Маңғыстау өңірінде өз мәресіне жетті. Маңғыстау облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 11 мыңнан астам оқушыға арналған 12 мектеп пайдалануға берілген болса, жыл соңында өңірде жоба аясында жоспарланған барлық 13 мектеп толық іске қосылды.

Бұған дейін ашылған мектептердің соңын ала, яғни ұлттық жобаны тиянақтаған Ақтау қаласының 16-шағын ауданында ашылған №35 жалпы білім беретін мектеп болды. Бұл – Маңғыстау облысында аталған жоба бойынша іске қосылған он үшінші мектеп.

1 500 оқушыға есептелген жаңа форматтағы білім беру ұйымының жалпы аумағы 15 мың шаршы метрден асады.  Оқу ордасында 77 пән кабинеті қарастырылған, олардың ішінде дизайн және технология, тамақтану мәдениеті, визуалды өнер, үй мәдениеті, роботтехника, STEM және музыка бағытындағы арнайы сыныптар бар. Білім ордасы заманауи оқу құрал-жабдықтарымен толық қамтылып, оқушылардың шығармашылық әлеуеті мен зияткерлік дамуына қолайлы орта қалыптастырылған.

Жаңа білім ордасының ашылу рәсіміне Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.

 – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңі­рі­мізде заманауи үлгідегі мектептер кезең-кезеңімен бой көтеріп жатыр. Бұл бастама балалардың сапалы білім алып, болашақ мамандығын ертерек таңдауына жол ашады. Жаңа мектептер тек білім беру орны емес, оқу­шы­­лардың қабілетін ашып, олардың жан-жақты дамуына жағ­дай жасайтын кеңістікке айналуға тиіс, – деді өңір бас­шысы.

Мектеп ғимаратының тағы бір артықшылығы –  ерекше білім беруді қажет ететін балаларға да бейімделген. Мұнда сенсорлық бөлме, инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті жұмыс істейді, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі оқушыларға  арнайы жеделсаты орнатылған. Сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мектеп ішінде 126 бейнебақылау камерасы орнатылып, аумағында балаларға арналған ойын және спорт алаңдары салынған.

Сондай-ақ «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бір жыл ішінде бірнеше жаңа білім ордасы іске қосылған Мұнайлы ауданында үш ауысымды оқыту түбегейлі жо­йылды.

 – Үш ауысымды оқытуды жою мақсатында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында былтыр бірнеше білім беру нысаны іске қосылды. Атап айтқанда, Батыр ауылдық округі мен «Самал», «Хазар» шағын аудандарында 1200 орындық екі мектеп, Маңғыстау ауылының «Айрақты» тұрғын үй массивінде 900 орындық мектеп, Басқұдық ауылдық округінде 395 орындық «Бастау» жеке­меншік бас­тауыш мектебі пайдалануға берілді. Осы нысан­дардың ашылуы арқылы аудандағы үш ауысымды оқу мәселесі толық шешілді, –  деді аудан басшысы Қанат Қүлжанов.

Заманауи жаңа мектеп – оқушы үшін жайлы жағдайда алаңсыз білім алудың кепілі. Маңғыстауда ашылған жаңа мек­тептер оқушылар мен ата-аналар үшін қуаныш сыйлап келеді.           

Маңғыстау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады

Спорт • Кеше

Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді

Қазақстан • Кеше

Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары

Оқиға • Кеше

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт • Кеше

Екі облыс аумағындағы автожол жабылды

Қоғам • Кеше

23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • Кеше

«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды

Марапат • Кеше

Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды

Аймақтар • Кеше

Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз

Пікір • Кеше

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Президент • Кеше

Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?

Қоғам • Кеше

Екі ел басшылары Давоста не жөнінде әңгімелесті?

Президент • Кеше

Қостанай қаласындағы балалардың неше пайызы аралас мектептерде білім алып жатыр?

Білім • Кеше

Маңғыстауда үш көлік соқтығысты: Бір адам ауруханаға жеткізілді

Оқиға • Кеше

«Каспий» командасының бас бапкері ауысты

Футбол • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:207
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 00:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары