Өңірлерде 10 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы өңірлердегі 10 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін таңғы сағат 7.00-де республика бойынша 10 363 сайлау учаскесі ашылды. Ал 16 шет мемлекетте 19 сайлау учаскесі өз жұмысына кірісті.
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның айтуынша, 17 мыңнан астам қазақстандық шетелде дауыс береді.
"Осылайша ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауы басталды. Сайлаушылар тізімдеріне 12 605 788 адам енгізілген. Олардың 17 132-сі дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін алды", - деді Ерман Астанадағы брифингте.
Айта кетері, Құрылтай сайлауы аясында барлығы 10 423 сайлау учаскесі бар, соның ішінде 79 учаске 61 шет мемлекетте орналасқан.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:28
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Тамыз 2026 07:33 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















