Оңтүстік Корея Қазақстанға ұшқышсыз ұшу аппарат жүйесін басқару технологиясын береді
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 15 қыркүйек — Sputnik. Оңтүстік Корея Қазақстанға ұшқышсыз ұшу аппараттары жүйесінің қозғалысын басқару технологиясын беріп, оның өндірісін жергіліктендіреді.
Бұл жөнінде екі елдің көлік министрліктері мен Қазақстанның Цифрлық даму министрлігі меморандумға қол қойды.
© Photo : Көлік министрлігіОңтүстік Корея Қазақстанға ұшқышсыз ұшу аппараттары жүйесін басқару технологиясын береді

Оңтүстік Корея Қазақстанға ұшқышсыз ұшу аппараттары жүйесін басқару технологиясын береді
© Photo : Көлік министрлігі
Меморандум технологиялар трансферін жүзеге асыруға, ұшқышсыз авиациялық жүйелердің қозғалысын басқару жүйесін (UTM) әзірлеуге және енгізуге бағытталған. Сондай-ақ құжат UTM саласында толыққанды үкіметаралық келісім дайындау мүмкіндігін қарастырады.
Жобаны практикалық іске асыру бойынша уәкілетті серіктестер ретінде Корея республикасының мемлекеттік Korea Airports Corporation (KAC) корпорациясы және қазақстандық Alatau Advance Air Group Ltd. (AAAG) компаниясы айқындалды.
"Ынтымақтастық төмен биіктіктегі әуе кеңістігін басқаруға арналған заманауи цифрлық технологиялар мен шешімдерді Қазақстанға беру және жергілікті жағдайға бейімдеуді, сондай-ақ ұшқышсыз авиациялық жүйелерді, eVTOL әуе кемелерін және әуе көлігінің басқа да түрлерін Қазақстанның бірыңғай цифрлық экожүйесіне қауіпсіз интеграциялауға қажетті технологиялық негіз қалыптастыруды көздейді", - дейді Көлік министрлігі.
Қол жеткізілген уағдаластықтар аясында Қазақстанда UTM жүйесін жергілікті деңгейде енгізу үшін қажетті технологиялар мен цифрлық шешімдерді беру жоспарлануда. Бұл технологиялық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге, жүйені жергілікті деңгейде басқаруға және деректерді ел заңнамасы талаптарына сәйкес өңдеуге мүмкіндік береді.
"Жобаны іске асыру барысында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) қолданыстағы халықаралық стандарттары мен ұсынылатын практикасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының авиациялық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік және аса маңызды инфрақұрылымды қорғау саласындағы талаптары ескерілетін болады", - делінген хабарламада.
Alatau City Қазақстанда UTM-нің озық шешімдерін практикалық енгізу және заманауи әуе мобильділігі экожүйесін қалыптастыру бойынша алғашқы алаң болады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:74
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қыркүйек 2026 20:45 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















