Оқушы жансақтау бөліміне түсті министр баланың жағдайы туралы айтты
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Жамбыл облысында жансақтау бөліміне түскен мектеп оқушысының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұл оқиға Бірлесу-Еңбек ауылында болған. 9-сынып оқушысын өзінен үлкен жасөспірімдер ұрған. Бала кеуде тұсынан соққы алғаннан кейін есінен танып қалып, жансақтау бөліміне түскен.
"14 жастағы баланың жағдайы шынымен ауыр, қазір медикаментоздық комада жатыр. Оның жағдайы әзірге тасымалдауға келмейді. Шұғыл медициналық көмек көрсету ұйымының мамандары телемедицина арқылы қажетті консультациялар беріп, баланың жағдайын бақылауда ұстап отыр. Жағдайы тұрақталғаннан кейін оны санитариялық авиациямен Астанаға жеткіземіз", – деді Ақмарал Әлназарова үкіметтегі брифингте.
Осы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.
Айта кетері, медицинада ауыр салдардың алдын алу үшін пациентті медикаментоздық комаға немесе жасанды комаға түсіреді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:70
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2026 13:56 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















