Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Орнықты жолдың заңдық темірқазығы

Орнықты жолдың заңдық темірқазығы

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бабаларымыз жаумен қанша алысып өтсе де, өзінің заңы мен тәртіптік жүйесі ықылым заманнан қалыптасқан елміз. Заң мен тәртіп жоқ жерде мемлекет тұрмақ, отбасын құрудың өзі мүмкін емес. Ұрпақтан-ұрпаққа жеткен «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Жеті жарғы» заңдары мен билер кеңесінің шешімдері көшпелі қазақ даласында құқықтық-саяси жүйенің негізін қалады. Күлтөбенің басында күнде кеңес еріккеннен өткен емес.

Коллажды жасаған – Зәуреш Смағұл, «ЕQ»

Аталған заңдар да өзгеріске ұшы­рап тұрды. Қазіргінің тілімен айт­қанда, Президенттік басқару мен дала Пар­ламенті сол кезден-ақ жұмыс істеді. Заң­дарды жетілдіру – заман талабы. Заң бар жерде тәртіп орнайды. Қазір елімізде құ­қық­тық-саяси реформа іске асы­рылып жа­тыр. Нәтижесінде, азамат­тардың құқық­тарын қорғайтын, отбасының тыныш­тығын сақтайтын, елге пайдалы қан­шама заң қабылданды. 25 жылда ұмы­тылған «Референдум туралы» заң жаң­ғырып, Конституция бірша­ма жаңар­тылды. Халықпен санасып, көп­ші­ліктің сыны мен пікірін еститін билік келді.

Есте болса, төрт жыл бұрын Конститу­цияның қатып қалған баптары өзгертіліп, еліміз суперпрезиденттік басқарудан бас тартты, Мемлекет басшысының ет жақын туыстары лауазымды қызметтер­ге тағайындалмайтын, жеті жылдық өкі­лет­тік мерзім бекітілді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құрылып, көш те түзе­ліп келеді. Кез келген реформа тәжі­рибеде зерделенеді. Тиімсіз болса, заңнан алынып тасталады, қажеттілік туындаса қайта қаралады. Қазір орын алып жатқан оңды өзгерістер де, 4 жыл бұрын Конституцияға енгізілген өзгертулер де заманның сұранысынан туындады.

Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тек бір палаталы Парламент құру шеңберінде емес, мемлекеттік басқару жүйесіне де байланысты Конституцияның көптеген бап­тарын өзгертуге тура келетінін айтты. Өйткені отандастарымыздың жол­даған екі мыңнан аса ұсыныстары жарты жылдан бері қаралып, мәресіне жеткен. Ата заңды жаңалаумен айналысатын Конституциялық комиссия құрылып, өз жұмысын бастап, жаңа жобаның алғашқы нұсқасын жариялап та үлгерді. Конституцияның жаңа жобасы преамбула, 11 бөлім, 95 баптан тұрады. Жаңадан «Қазақстан Халық кеңесі» және «Конституцияға өзге­рістер мен толықтырулар енгізу» секілді 2 бө­лім қосылды. Сонымен қатар 4 бө­лім­нің ескі атауы жаңартылған. Ата заң­ның мазмұны жаңа ұлттық құн­ды­лықтар мен заман талаптарына не­гіз­делген. Яғни Конституцияның мақ­саты, қағидаттары, себептері, қоғам мен мем­­лекеттің даму бағыты, қоғамдық бағ­­дарды айқындай­тын биліктің миссиясы, тарихи, мәдени, отбасы және ұлттық құндылықтарға бағытталды. Қазақстан Республикасының негізін құраушы қағидаттары: Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау; адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау; заң мен тәр­­тіп үстемдігін қамтамасыз ету; жал­пы­­­­ұлттық бірлікті бекемдеу; халық­тың әл-ауқатын арттыру; жауапты әрі жа­­сам­паз отаншылдық идеясын ор­нық­­тыру; қоғамдық диалогті да­мыту; ең­­бексүйгіштік, прогресс, білім құн­ды­лық­тарын бекіту; жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру; тарихи-мәдени мұраны сақтау; төл мәдениетті қолдау. Адам капиталы, білім, ғылым, инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп танылды. Бұл шынымен де ғылымды дамытатын білімділердің дәурені дүркірейтін кезеңге жеттік деген сөз. Президент ғылымға көңіл бөліп, кейінгі бес жылда мемлекеттік қолдау қаржысының көлемі 2,3 есеге артты. Биылдың өзінде терең өңдеу өндірісін өркендетуге 252 млрд теңге ғалымдарға берілмек. Елдің экономикасын өрге сүйрейтін өндіріс секторы болса, бір өнімнен көп өнім өндіру ға­лымдардың бір ісі. Инновациялық дамуда сүйеу болатын ғалымдардың жетістігі.

Заңнан аттамау үшін азаматтар алдымен құқықтық сауаттылықты арттырып алғаны жөн. Адамның тыныш жүруі әрі табысты өмір сүруіне құқықтық және қаржылық тұрғыда бір кісілік білім болса жеткілікті. Ол үшін арнайы оқу орнында заңгерлікті немесе экономиканы оқу шарт емес. Ел ішінде жоғары білімді әрі білікті мамандар баршылық, сондай адамдардан кеңес алып, білімін үйренсе игі. Мәселен, «Amanat» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасының арқасында мыңдаған адам қаржылық сауаттылығын арттырды. Жалпы, партияның қоғамдық қабылдауларында да құқықтық кеңес беріледі. Қазір білместіктен біреудің жеке өміріне қол сұғушылық көбейіп кетті. Сол сияқты әлеуметтік желіде де, қоғамдық орында да бейәдеп сөздер айтып, ашық киініп, ұрпаққа әдепсіздікті үйретуден ұялу керек.

Президент Ұлттық құрылтайда ұлт­тың жаңа сапасын қалыптастыратын құндылықтарды айқындап, ұрпақтың болашағына кесірін тигізетін әрекеттерге тосқауыл қоюды тапсырды. Былтыр ішкі саясат саласын ретке келтіретін қағидаттар, құндылықтар мен бағыттар бекітілді. Енді оған басымдық беріп, белсенді түрде іске асыруға шақырды. Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелердің негізінде 26 заң қабылданды. Соның нәтижесінде ана мен баланың құқығын қорғайтын, ойынқұмарлық пен нашақорлыққа қарсы қадамдар жасалды.

Біз дана ба­баларымыздың өсиетін өмірлік ұстаным­ға айналдырсақ, ұлт ретінде сапамыз артады. Оған әл-Фараби, Ясауи, Абайлардың ілімі мен білімі жеткізеді. Бес жақсыға асық, бес жаманнан қашық қоғам қалыптасуы үшін «еңбектеген баладан, еңкейген қа­рияға дейін» Абай аңсаған толық адам бо­луға ұмтылуы керек. Ал оның заманауи өне­гесін үйрену үшін ұлы ойшылдың «То­лық адам» идеясымен ұштасып жат­қан «Адал азамат» тұжырымдамасын са­на­мен жұмыста кеңінен пайдаланған жөн.

Мемлекет басшысы Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгізуді ендігі міндеттің бірі етіп қойды. Ғұламалардың ғибраты мен қанға сіңген халықтың тектілігі – ұлттың тірегі. Ұлттық текте жаман әдет жоқ, жақсы қасиет бар.

АҚШ-та «Миранда ережесі» 60 жыл­дан бері жұмыс істеп тұр. Оның тарихы Эрнесто Миранда деген азамат пен Аризона билігі арасындағы істен бас­талған. Содан бері АҚШ-та күдікті­ні ұстағанда полиция оған өзінің құқық­тарын түсіндіреді, ол заңмен бекітілген.

Ал елімізде өмір сүру құқығын жо­ға­­ры дәрежеге көтеру үшін адамға бағыт­­­талған саясат Конституциямен реттел­­мек. Азаматтардың жеке басына қол сұқпаушылық пен негізгі құ­қық­­тарын қорғау және сот билігінің тәуел­сіздігіне қатысты нормалар ен­гізіледі. «Миранда ережесін» цифрлық дәуірде жеке мәліметтерді, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау күшейтіліп, әлеуметтік құқықтар мен құқықтық анықтық қағидаттары беки түседі. Кейінгі кездері кісі өлімі, зорлық-зомбылық, сталкинг секілді қылмыстар көбейіп кетті. Қылмыстың алдын алу және жою үшін заңды күшейту керек пе, әлде тәрбиемен айналысу керек пе? Бәлкім, қылмысты жаятын ақпараттарға шектеу қою қажет шығар. Қалай десек те, Президент айтқандай қоғамда заң мен тәртіп орнықса, бұзақылық болмайды. Бұл тек мемлекеттің мәселесі емес, әрбір азаматтың адами борышы болуы керек. Яғни қылмыс белең алып, тыныштық бұзылмау үшін, әр адам түзелуді өзінен бастауға тиіс.

Президент құқықтық, демо­кра­тиялық мемлекет құруға бет бұрып отыр. Саяси-құқықтық реформалар осыған саяды. Халық кеңесінің рөлі осындайда керек. Халық кеңесі әрбір ұсынысты жыл бойы жіті талдап, азаматтардан келіп түскен нұсқаларды зерттеп-зерделеумен айналысады. Демек енді «жеті рет өлшеп бір кескен, келісіп пішкен» сапалы заңдар пайда болады. Жаңа кеңестің құрамына 42 этнос өкілдері, 42 қоғамдық бірлестік өкілдері, 42 мәслихат депутаты енеді. Референдум өткізетін күнді де Қазақстан Халық кеңесі белгілейді. Әлбетте реформаның барлығы тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқалы жинаған тәжірибені жүйелеп, кемшіліктерді түзеу үшін жасалады.

Жан-жақты геосаяси жағдай тұрақсыз болып жатқан шақта Қазақстан үшін Ата заңды жедел жаңалау керек болып тұр. Бас құжатқа енгізілген түзетулер инс­титут­ционалдық-құқықтық негізін мығымдап қана қоймай, тұтас мем­лекеттік жүйені жаңғыртуға, ел дамуын жаңа деңгейге көтеріп, ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Жаңадан түзілетін жүйе «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасын жүзе­ге асыруға серпін береді. Бұған дейін өңір басшылары тек Президентке тіке­лей бағынса, енді жаңа жобаға сәйкес Үкі­мет­пен де санасады. Бұл да халық үніне құлақ асатын мемлекет құрудағы қадам.

Ата заңға түзетулер жасырын енгізіліп жатқан жоқ. Бәрі ашық, жаңа жоба БАҚ бетінде жарияланды. Конституциялық реформалар жалпыхалықтық референ­думда қабылданады. Адам капиталы, білім, ғылым мен инновацияны да­мыту мемлекеттік қызметтің страте­гиялық бағыты ретінде нақтыланып жа­тыр. Бұл ұрпақтың білім мен ғылым қуып, сан салалық ғылымды дамыту­ға бүгіннен бастап кірісуіне керемет мо­тивация. «Өнер-білім бар жұрт­тар» ғылым тауып мақтанып, елдің кемел­денуіне үлес қосады. Іргелі ережелер қамтылған Конcтитуциялық реформаның жаңашылдықтары халық­тың қолдауына ие болып жатқаны қуантады. Конститу­циялық реформа халық пен мемлекеттің игілі үшін Президент пен Парламент, Халық кеңесінің ықпалы артып, мемлекеттік басқару жүйесі жаңа сатыға көшіріліп жатыр. Жаңа Конституция орнықты елдік жолдың заңдық темірқазығы болады деп үміттенеміз.

Қайрат БАЛАБИЕВ,

Мәжіліс депутаты

Соңғы жаңалықтар

Серік Сәпиев министрдің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 12:58

Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер рейтингінде үздік ондыққа кірді

Спорт • Бүгін, 12:43

Қазақстан мен Вьетнам өзара тауар айналымын екі есе арттыруға ниетті

Экономика • Бүгін, 12:33

Астанада TikTok желісіндегі жалған «емшіге» сот үкімі шықты

Қоғам • Бүгін, 12:23

Мұнай қоры бойынша ТОП-15 ел: Қазақстан қатарда бар ма?

Қазақстан • Бүгін, 12:19

Трамп: Үндістан Ресей мұнайынан бас тартты

Әлем • Бүгін, 12:09

FlyArystan тегін қол жүгінің салмағын арттырады

Қоғам • Бүгін, 11:57

Жемқорлықпен күрес: Бюджетке 100 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:40

«Қорғас» кеден бекеті екі аптаға жабылады

Қоғам • Бүгін, 11:28

Алматыда гимнастикадан ел чемпиондары анықталды

Спорт • Бүгін, 11:17

Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен кетті

Қоғам • Бүгін, 11:07

Голан жоталарында Қазақстанның қанша бітімгері қызмет етеді?

Әскер • Бүгін, 10:57

Олимпиада-2026: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарады

Қоғам • Бүгін, 10:38

ЖИ жыл құстарын зерттеудің жаңа дәуірін ашты

Технология • Бүгін, 10:28

Сенсациялық нәтиже: Бибісара Асаубаева супертурнирде үздік бестікке енді

Спорт • Бүгін, 10:17

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:120
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Ақпан 2026 13:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see153

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see149

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see141

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see139

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see137

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see137

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see136

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see135

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see121

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see121

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see116

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see112

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see111

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see111

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see110

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары