Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Ұлттық ұйысудың темірқазығы

Ұлттық ұйысудың темірқазығы

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі ретінде осы тарихи үдерістің бел ортасында болып, оның құқық­тық және саяси мазмұнын қалыптас­тыруға атсалысу мен үшін зор жауап­кершілік әрі үлкен мәртебе болды.

Көптеген мемлекеттің конс­титуциялары қоғамның қалып­тасқан болмысын құқықтық тұрғыдан бекітеді. Олар негізінен «Біз кімбіз?» деген сұраққа жа­уап береді. Ал біздің жаңа Конс­титуциямыздың табиғаты өзгеше. Бұл – жаң­ғыртушы Конституция. Ол бүгінгі жағдайды ғана сипаттап қоймай, еліміздің болашақ даму бағытын айқындайды әрі «Біз кімбіз?» деген сауалмен қатар «Біз кім боламыз?» деген стра­тегиялық сұраққа жауап береді. Сондықтан бұл – бо­лашаққа бағытталған Конс­титуция.  

Жаңартылған Консти­ту­ция­да­ғы ең маңызды өзгеріс – оның философиясында. Өзегінде адам, оның қадір-қасиеті, құқық­тары, бостандықтары мен мүм­кін­дік­тері тұр. Ұзақ уақыт бойы елі­міз­дің байлығы табиғи ресурс­тармен өлшеніп келді. Бүгінде Конституция ұлттық байлықтың жаңа өлшемін айқын­дайды: елдің басты байлығы – адам.

Адам құқықтарын қорғауды басты орынға қоюдың нақты көрінісі – Конституциялық соттың құрылуы. Бұл – заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау жолындағы аса маңызды институционалдық қадам. Еліміздің әрбір азаматы өз құқық­тарын тікелей қорғауға жүгіне алатын бұл жоғары орган бүгінде әділдіктің маңызды кепіліне айналды. Сонымен қатар өлім жазасының түпкілікті жойылуы мен Адам құқықтары жөнін­дегі уәкіл мәртебесінің консти­ту­циялық деңгейде бекіті­луі еліміз­дің демократиялық құн­ды­лықтар мен халықаралық құ­қық қағидаттарына берік екенін айқын көрсетті.

Кез келген табиғи ресурстың шегі бар: оны қаншалықты көп өндірсең, соншалықты қоры азая береді. Ал білімнің табиғаты мүлде бөлек. Білімді қаншалықты көп игеріп, таратып және қолдансақ, оның құндылығы да соншалықты арта түседі. Сондықтан жаңар­тылған Конституция алғаш рет табиғи байлықтан бұрын адам капиталға – білімге, ғылымға, мәдениетке, технологияға және өмір бойы білім алуға басымдық береді.

Елдің болашағы кен орындарында қалыптаспайды. Ол мектеп сыныптарында, университет аудиторияларында және ғылыми зертханаларда қалыптасады. На­ғыз ұлттық байлық дәл сол жерде дүниеге келеді. Бұл – Мем­лекет бас­шысы Қ.Тоқаев жүргізіп отыр­ған стратегиялық саясаттың басты бағыты.

Жаңартылған Конститу­ция­дағы тағы бір маңызды қағи­дат – өткенге деген көзқарас. Өтке­німіз – біздің тірегіміз, тари­хи жадымыз және ұлттық бол­­­мы­сымыздың ажырамас бөлі­­гі. Алайда өткен­мен ғана өмір сүру мүмкін емес. Ұлт өз тари­хын құрметтеп қана қоймай, болашағын бірге қа­лыптастырғанда ғана кемел­де­неді. Ортақ болашаққа деген сенім, ортақ құндылықтар және ортақ жауапкершілік – шынайы ұлттық бірліктің берік негізі.

Кез келген тарихи сын-қатерге берілетін ең тиімді жа­уап – сапалы білім, мықты мектептер, заманауи университеттер, дамыған ғылым, инновациялар және әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті жастар.

Конституция – қатып қалған догма емес. Ол – уақыт талабымен бірге дамып, ұлттың болашаққа деген ұмтылысын айқындайтын өміршең құқықтық тетік. Бүгін еліміз Ата заңда бекітілген тарихи мүмкіндікті иеленіп отыр. Мұндай мүмкіндіктер халықтар тарихында жиі кездесе бермейді.

Қорыта айтқанда, жаңар­тылған Ата заң – егемендігіміздің берік тірегі, тұрақтылығымыздың кепілі және серпінді дамуы­мыздың темірқазығы. Біз біртұтас ұлт ретінде осы құқықтық негізге сүйене отырып, Мемлекет басшысы жүргізіп отырған реформаларды табысты жүзеге асырып, қуатты, әділетті әрі гүл­ден­ген Қазақстанды болашақ ұр­паққа аманаттауға тиіспіз.

Бұл тарихи мүмкіндікті тиімді пайдалану – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Ең бас­тысы – жасампаз еңбек, сапалы білім және нақты іс. Сонда ғана Конституцияда айқындалған қағидаттар күнделікті өмірдің нақты құндылығына айналып, біз мақсат еткен Әділетті
Қазақ­стан­ның іргесі берік әрі мызғымас болады.

Жанарбек ӘШІМЖАН,

Конституциялық комиссия мүшесі 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Шілде 2026 08:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see140

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see138

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see136

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see134

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see133

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see132

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see131

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see126

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see125

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see125

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see122

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see118

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see117

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see116

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see116

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see115

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see114

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see111

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see109

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары