Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Орталық Азия елдері биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі Өңірлік декларацияға қол қойды

Орталық Азия елдері биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі Өңірлік декларацияға қол қойды

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммит (ӨЭС) шеңберінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) және «Биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі ұлттық стратегиялар мен іс-қимыл жоспарларын жеделдету» серіктестігімен бірлесіп «Орталық Азия елдерінің бастамасы-тұрақты даму жолында табиғатпен үйлесім» тақырыбында жоғары деңгейдегі пленарлық отырыс ұйымдастырды.

Сессияға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан үкіметтерінің өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен даму серіктестері қатысып, биоалуантүрлілікті сақтау бағытындағы ынтымақтастықты күшейтуге және үйлестірілген іс-қимылдарды жүзеге асыруға арналған өңірлік бастаманың бастауына жол ашты.

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Іс-шараның түйінді нәтижесі — Орталық Азия елдерінің биоалуантүрлілікті қорғау және табиғи ресурстарды тиімді, тұрақты пайдалану бағытында өңірлік ынтымақтастықты күшейтуге дайын екенін көрсететін Өңірлік ынтымақтастық декларациясына қол қойылды.

Құжатқа сәйкес, кешенді бағдарлама мен нақты іс-қимыл жоспары әзірленіп, оны жүзеге асыру үшін қажетті қаржыны тартудың өңірлік тетіктері қарастырылған. Бұл шаралар Биологиялық әртүрлілік туралы конвенция, Куньмин- Монреаль жаһандық бағдарламасы және басқа да халықаралық экологиялық келісімдер бойынша міндеттемелерді орындауға бағытталған. Ал декларация мен оны іске асыруға қатысты құжаттар Арменияда өтетін Конвенция тараптарының 17-ші конференциясында таныстырылады.

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Өңірлік декларацияны қабылдау Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау саласындағы ұлттық басымдықтарына сай келеді. 2025 жылы елде 2026- 2035 жылдарға арналған тұжырымдама мен іс-қимыл жоспары бекітілді. Бұл құжаттар табиғатты қорғау мәселелерін елдің стратегиялық дамуымен байланыстырып, халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге ерекше мән беріліп отырғанын көрсетеді.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев бұл бастаманың маңызын атап өтті.

— Өңірлік декларацияға қол қою- тұрақты даму мен биоалуантүрлілікті қорғау бағытында өңірлік әріптестікті күшейтетін маңызды қадам. Қазақстан үшін бұл тәжірибелік ынтымақтастық тетіктерін жетілдіріп, көрші елдермен бірге халықаралық деңгейде ортақ өңірлік күн тәртібін ілгерілетуге жол ашады, — деді.

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

— Қазіргі таңда әлем климаттың өзгеруі, биоалуантүрліліктің азаюы және қоршаған ортаның ластануы сияқты үш ірі жаһандық сын-қатерге тап болып отыр. Бұл жағдайлар әріптестікті күшейтіп, табиғи капиталды тұрақты дамудың негізі ретінде қарастыратын кешенді шешімдерге көшуді талап етеді. Осы ретте Орталық Азия өңірінің жүйелі бастамаларды ілгерілету әлеуеті жоғары. БҰҰДБ елдерге мұндай тәсілдерді дамытуда және экожүйелердің тұрақтылығына бағытталған инвестицияларды арттыруда қолдау көрсетеді, — деді БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰДБ Әкімшісінің орынбасары Хаолян Сюй.

БҰҰ-ның Биологиялық әртүрлілік туралы конвенциясының атқарушы хатшысы Астрид Шомакер өңірлік ынтымақтастықты күшейту Конвенция мақсаттарына қол жеткізуді жеделдетудің негізгі шарты екенін атап өтті.

— Тұрақты даму үшін елдердің үйлесімді іс-қимылы мен халықаралық әріптестік қажет. Биологиялық әртүрлілік туралы конвенция мен Куньмин- Монреаль жаһандық бағдарламасы бүгінде өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың негізгі тірегіне айналып отыр. Орталық Азия елдері жаһандық мақсаттарды ұлттық басымдықтарымен ұштастырып, өз міндеттемелеріне берік екенін көрсетуде, — деді.

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Осылайша, Өңірлік декларация жаһандық міндеттемелерді нақты өңірлік іс-қимылдарға айналдыруға негіз болып, елдер арасындағы ынтымақтастық пен күш-жігерді үйлестіруді күшейтеді.

«Биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі ұлттық стратегиялар мен іс-қимыл жоспарларын жеделдету» серіктестігінің жаһандық үйлестірушісі Кэтрин Мадден бұл бастаманың маңызына тоқталды.

— Бұл жоба Орталық Азия үшін өңірлік ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Ол елдердің ұлттық басымдықтары мен халықаралық міндеттемелерін біртұтас іс-қимылдар мен әріптестік тетіктері аясында біріктіруге мүмкіндік береді, — деді.

Сессия барысында трансшекаралық ынтымақтастықты дамыту, климат, экология және жер ресурстарын басқару салаларының өзара байланысын күшейту, сондай-ақ техникалық және қаржылық қолдауды кеңейту мәселелері талқыланды. Халықаралық серіктестер өңір елдеріне қол жеткізілген келісімдерді іске асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін растады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Сәуір 2026 21:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары