Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Орталық Азия: өңірлік ынтымақтастықтың жаңа дәуірі

Орталық Азия: өңірлік ынтымақтастықтың жаңа дәуірі

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Орталық Азия сирек метал мен пайдалы қазбаға, мұнай мен газға бай аймақ. Туризм саласындағы әлеуеті де жоғары.

Міне, осы факторлар аймақ мемлекеттерін әлемдік экономикалық қарым-қатынаста белсенді ойыншыға айналдырып отыр.  Бүгін Ташкентте Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуі өтті. Осымен жетінші мәрте ұйымдастырылған шараға биыл Әзербайжан толыққанды мүше ретінде қатысты.  Мемлекет басшылары аймақ қауіпсіздігі, көлік-логистика және Орталық Азияның сыртқы саясатына қатысты маңызды мәселелерді талқылады.

Соңғы жылдары Орталық Азияның халықаралық қатынастардағы беделі биіктеп келеді. «Орталық Азия плюс» форматтарында Еуропалық Одақ, Қытай, Ресей, АҚШ және басқа да серіктестермен тұрақты саммиттер өткізіліп, аймақтың пікірі халықаралық маңызды мәселелерде ескеріле бастады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр. Жабық шекаралар мен оқшауланудың уақыты өтті. Мұны сеніммен айтуға болады. Ортақ күш-жігердің арқасында өңірдің ішкі бірлігі артты. Бұл елдеріміздің дамуына және халықаралық ынтымақтастыққа кеңінен жол ашты. Біз Орталық Азияның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарқынды дамыған әрі жан-жақты ынтымақтастық пен бейбітшілік орнаған берекелі өңір ретіндегі мәртебесін нығайтуды көздейміз.

Орталық Азия мемлекеттерінің ашықтыққа бет бұруының нәтижесінде аймақтың экономикалық әлеуеті жылдам артып келеді. Былтыр өңір ішіндегі сауда-саттық көлемі 11,5 млрд долларға жетті. Көрсеткішті 20 млрд долларға дейін жеткізу мүмкіндік бар. Бұл мақсатқа жету үшін Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеп, заманауи қоймалар, логистикалық орталықтар салу, ішкі нарыққа және экспортқа арналған дайын тағам өнімдерін өндіру бағытына ерекше көңіл бөлу керек екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бір-бірін қайталайтын тексерістерден, шекарадан өту кезіндегі шектен тыс бюрократиялық рәсімдерден арылу үшін Жүкті тасымалдаудың бірыңғай электрондық жүйесін енгізу мәселесін қарастырған жөн. Аймақтың әлеуетін одан әрі нығайту үшін Орталық Азияның көлік жүйесін дамытудың кешенді стратегиясын бірлесіп әзірлеуді ұсынамыз. Шекара маңында қалыптасып келе жатқан өнеркәсіп хабы кең мүмкіндікке жол ашады. Оны дамыту аясында жоғары технологиялық жобаларды іске қосуға баса назар аударған жөн.

Орталық Азия туристер үшін тартымды аймақ. Ортақ тарихи-мәдени мұраны, ұлттық қолөнерді насихаттау арқылы меймандардың назарын қазіргіден де көбірек аударуға болады. Заманауи туристік кластерлер құру және жаңа технологияларды пайдалану арқылы Ұлы Жібек жолының мұрасын дәріптеудің де маңызы зор.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Туризм саясатын өзара тиімді үйлестіретін уақыт жетті деп ойлаймын. Бұған дейін бүкіл өңірге ортақ туристік бағдарларды дамыту туралы ұсыныс айтылған еді. Біз мұндай бастамаларды қолдаймыз. Бұдан бөлек Орталық Азияның біртұтас туристік брендін ілгерілетуде пәрменді шаралар қабылдауды ұсынамыз. Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім және Орталық Азия елдерінің бірыңғай туристік кеңістігін қалыптастыру аталған саладағы байланыстарымызды жандандыруға құқықтық негіз бола алады.

Консультативтік кездесуде ЖИ тақырыбы да назардан тыс қалмады. Қазақстанда – Цифрлық кодекс пен «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы Өзбекстанда 2030 жылға дейінгі ЖИ технологияларын дамыту стратегиясы мақұлданған. Қырғызстан мен Түрікменстанда бұл бағытта арнайы тұжырымдама бар. Мұның барлығы тек қағаз жүзіндегі жоспар емес, амбицияға толы ұмтылыс.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Жасанды интеллект саласындағы серіктестікті одан әрі дамыту үшін аталған технологияны қолданудың бірыңғай стандарттарын әзірлеу керек. Орталық Азия мемлекеттерінде жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану туралы декларацияның жобасын дайындауды ұсынамын. Құжат бірлескен цифрлық жобалар аясында мәлімет алмасқан кезде ашықтықты, сенім мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осылайша, барлық қатысушының құқығы қорғалатынына кепіл болады.

Әлемдегі геосаяси дүрбелең жағдайында өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті күшейтудің мәні зор. Мемлекет басшысының пікірінше, өңір әлі де терроризм мен діни экстремизм, есірткі тасымалы және трансұлттық қылмыс секілді сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Бұл қауіптерді бірлесіп қана еңсеруге болады. Осы бағыттағы жұмыс өңір елдерінің Қауіпсіздік кеңестері хатшылары деңгейінде жүргізілуге тиіс. Бұған қоса Президент Консультативтік кездесу форматын одан әрі жетілдіру мәселесіне де тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Ұлттық үйлестірушілер кеңесі бекітілгеннен бері бұл алаң тиімділігін көрсетті. Енді Кеңестің рөлін күшейтетін уақыт келді деп ойлаймын. Ол уағдаластықтардың орындалуын бақылаумен шектелмей, өңірді дамытудың стратегиялық векторларын әзірлеумен айналысуы керек.

Өңір үшін су қауіпсіздігі мәселесі де аса өзекті. Соңғы жылдары өңірде су саясатына қатысты ұстанымдар жақсы жаққа қарай өзгеріп келеді. Президент су проблематикасының трансшекаралық сипатын ескере отырып, салалық стратегияны үйлестіру маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Алдағы уақытта халықаралық стандарттарға сәйкес Орталық Азияның суды пайдалану жөніндегі негіздемелік конвенциясын қабылдауды ойластыруға болады. Мұндай құжат саладағы бірыңғай жұмыс қағидаттарын бекітіп, ықтимал қарама-қайшылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Келесі жылы сәуір айында Астанада Өңірлік экологиялық саммитімен қатар өтетін Халықаралық Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларының жиынында осы тақырыпқа оралып, ұсыныстарды талқылай аламыз.

Сарапшылар Ташкенттегі басқосу өңірлік тұрақтылықты дамытуға қосымша серпін береді және Орталық Азия мемлекеттері басшыларының аймақтағы ынтымақтастықты дамытуға бейілді екенін тағы бір рет дәлелдейді деп отыр.

Азамат Сулейманов, Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық және өңірлік зерттеу институты орталық азия бөлімінің басшысы:

- Бұл форматқа Әзербайжанның қосылуы – үлкен мүмкіндік. Өйткені Орталық Азияның өңірлік ынтымақтастық тәжірибесі халықаралық қауымдастықтың назарын аудауда. Соңғы жылдары Орталық Азияда әлемдегі турбулентті жағдайға қарамастан тұрақты әрі сабырлы бола бастады. Аймақ елдері өңірді достық, тату көршілік және өзара тиімді ынтымақтастық кеңістігіне айналдыру үшін жұмыс істеуде.

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша президенттер Бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Аталған мәлімдемеге сәйкес, Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздік, тұрақтылық және орнықты даму тұжырымдамасын және қауіпсіздік тәуекелдері мен олардың алдын алудың 2026-2028 жылдарға арналған тізбесін қабылдады.

Таяу онжылдықта Орталық Азия аймағындағы халық саны 100 млн-ға жетеді деген болжам бар. Оның үстіне Аймақтағы демографиялық ахуал жақсы, жастардың үлесі жоғары. Ал сол жастардың әлеуетін инновация мен дамудың негізгі қозғаушы күшіне айналдыру ұтымды шешім болмақ. Экология, су және азық-түлік қауіпсіздігі, «жасыл экономика», цифрлық технологияларды жедел дамыту да аймақ елдерінің алдындағы маңызды міндеттер қатарында.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қараша 2025 18:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see163

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see154

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see148

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see146

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see145

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see144

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see142

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see140

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see138

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see137

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see136

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see132

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see126

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see118

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see117

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see115

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see114

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see113

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see111

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары