Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Орталық Азия елдерінің климаттық күн тәртібі бірлескен шешімдерді қажет етеді сарапшы

Орталық Азия елдерінің климаттық күн тәртібі бірлескен шешімдерді қажет етеді сарапшы

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

– Алмаз мырза, осы Өңірлік экологиялық саммиттің мән-маңызы неде және оның қорытындысы бойынша қандай нәтиже күтесіз?

– Біз ӨЭС-тің өткізілуін құптаймыз және оны Орталық Азия елдерінің климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл және қоршаған ортаны қорғау саласындағы күш-жігерін біріктіруге арналған маңызды платформа ретінде қарастырамыз.

Біздің өңір объективті түрде климаттық тұрғыдан ең осал аймақтардың қатарына жатады. Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша, соңғы 115 жылда Орталық Азияның барлық елдерінде орташа жылдық температура айтарлықтай өсті: Қырғызстанда – 2,1 °C-қа, Тәжікстанда – 3,3 °C-қа, Қазақстанда – 5,7 °C-қа, Өзбекстанда – 12,2 °C-қа және Түрікменстанда – 15 °C-қа.

Тіпті 2050 жылға қарай жаһандық жылынуды 1,5 °C-қа дейін шектеу сценарийі барына қарамастан, (ал қазіргі өсім көрсеткішіне сүйенсек, бұл межеден асып кету ықтималдығы өте жоғары) біздің өңірде температура кем дегенде 2–2,5 °C-қа көтерілуі мүмкін. Бұл өңірдегі су ресурстарына, ауыл шаруашылығына, инфрақұрылымға және жалпы әлеуметтік-экономикалық орнықтылыққа айтарлықтай салмақ түсіреді.

Сондықтан, біз Саммит климаттық тәуекелдерді азайтып қана қоймай, Орталық Азия елдерінің орнықтылығын ұзақмерзімді перспективада жүйелі түрде нығайтуға көмектесетін келісілген әрі практикалық шешімдерді, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастық механизмдерін әзірлеу алаңына айналады деп үміттенеміз.

– Климат және экологиялық тұрғыдан алсақ, Орталық Азия елдері қай бағыттарда бірлескен іс-қимылдарды бірінші қолға алу керек деп есептейсіз?

– Бірінші негізгі бағыт - климаттық өзгеріске ықпалдасу. Ол парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша өңірлік ынтымақтастықты дамытуды, жаңартылатын энергия көздеріне көшуді, энергия тиімділігін арттыруды және төмен көміртекті салаларды қалыптастыруды қамтиды. Бұл іс-шараларды өңір елдері өзара келісіп, мемлекеттер өздеріне алған халықаралық міндеттемелерге жауапкершілікпен қарауы маңызды.

Екінші бағыт - табиғи және климаттық тәуекелдерге бейімделу және экономикалық орнықтылық. Бұған экономиканың ең осал салаларын, қауымдастықтарды және экожүйелерді климаттық қауіп-қатерлерден қорғауға бағытталған ұлттық және мемлекетаралық жоспарларды әзірлеу кіреді.

Үшіншісі - ауаның ластануымен күресу және қалдықтарды басқарудың тиімді жүйелерін дамыту. Айналмалы экономикаға көшу біздің өңір үшін қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға, табиғи ресурстарға тәуелділікті төмендетуге және жаңа экономикалық мүмкіндіктер жасауға жол аша отырып, орнықты өсімнің негізгі құралдарының біріне айналады.

Азық-түлік қауіпсіздігі, табиғи ресурстарды орнықты басқару, су мен жерді ұтымды пайдалану және экожүйелерді сақтау мәселелері ерекше назар аударуды талап етеді.

Әрине, күн тәртібі бұл тізбемен шектелмейді. Бірақ дәл осы бағыттар бүгінгі таңда практикалық және нәтижелі өңірлік ынтымақтастықтың негізін қалайды.

– Мұнда бизнестің рөлі қандай?

– Жеке сектор белсенді қатыспаса, экологиялық және климаттық бастамалар декларациялар деңгейінде қалып қояды. Дәл осы бизнес инвестицияның негізгі көзі болып табылады: халықаралық даму институттарының бағалауы бойынша, дамушы экономикалардағы климаттық бейімделуге қажетті қаржының 70%-ы жеке капитал есебінен қалыптасуы тиіс.

Орталық Азия үшін орнықты бизнес‑модельдерсіз, тәуекелдерді ашық басқарусыз және болжамды реттеуші ортасыз бұл төмен көміртекті жүйеге көшу, энергетиканы, су инфрақұрылымын және агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту мүмкін емес екенін білдіреді.

Тиімді шешімдерді кең тарату мен ауқымдандырудағы бизнестің рөлі де кем түспейді. Жеке сектордың өндірістік және қаржылық тізбектері арқылы технологиялар мен инновациялар пилоттық жобалардан практикаға өтіп, бүкіл экономика деңгейінде жұмыс істей бастайды.

Бұл процесте бизнес ортақ тәжірибелерді қалыптастыруда да маңызды рөл атқарады. Стандарттарды реттеушілер мен халықаралық ұйымдар әзірлегенімен, дәл осы компаниялар PwC сияқты консультанттардың қолдауымен климаттық есептілікті, ESG‑тәуекелдерін бағалау жүйелерін енгізеді және орнықтылықты инвестициялық шешімдерге интеграциялайды. Бұл стандарттарды іс жүзінде қолдануға болатын және трансшекаралық ынтымақтастыққа жарамды етеді.

– Сіз қаржыландыруды атап өттіңіз. Біз расында да өңірдің климаттық және экологиялық міндеттері үшін жеке капиталды жұмылдыру қажеттігі туралы жиі айтамыз. Орталық Азияда бүгінгі таңда орнықты қаржыландыру нарығы қаншалықты деңгейде қалыптасты?

– Деректерге қарасақ, Орталық Азиядағы орнықты қаржыландыру нарығы тұрақты өсіп келеді. 2024 жылғы жағдай бойынша, өңірдегі орнықты қаржыландырудың жиынтық көлемі 2,7 млрд АҚШ долларынан асты, бұл ретте негізгі белсенділік Қазақстан мен Өзбекстанда байқалады.

Қазақстан өңірде бірінші болып ұлттық «жасыл» таксономияны және қаржы секторы үшін міндетті ESG-есептілікті енгізген ел болды. Біздің «Еуразияның энергетикалық трансформациясы: Қазақстан мен Өзбекстанды талдау» атты есебіміздің деректері бойынша, 2025 жылғы қыркүйектегі жағдайға сәйкес, елде 20-дан астам орнықты облигациялар мен кредиттер шығарылымы іске асырылды, ал жалпы көлемі 1,3 млрд АҚШ долларынан асты.

Өзбекстан да жылдам ілгерілеушілік көрсетіп отыр: тек соңғы жылдары жүздеген миллион долларға егеменді жасыл облигациялар мен ТДМ-облигациялары орналастырылды, оның ішінде Экономика және қаржы министрлігінің 640 млн долларды құрайтын ТДМ-облигацияларының шығарылымы бар. Қырғызстан мен Тәжікстанда нарық ауқымы жағынан кішірек, бірақ халықаралық қаржы институттарының қолдауымен алғашқы жасыл және орнықты облигациялар пайда болды.

Маңыздысы, нарықтың өсуі тек инвесторлардың сұранысына ғана емес, сонымен қатар институционалдық өзгерістерге: ұлттық таксономиялардың енгізілуіне, халықаралық стандарттар бойынша ESG-есептіліктің дамуына және Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі (АДБ), Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) сияқты халықаралық даму банктерінің белсенді рөліне негізделеді. Дәл осындай құралдар арқылы бүгінгі таңда жаңартылатын энергетика, су ресурстарын басқару, инфрақұрылым және климаттық бейімделу салаларындағы жобалар, соның ішінде трансшекаралық бастамалар қаржыландырылып жатыр.

Шын мәнінде, Орталық Азиядағы орнықты қаржыландыру өңірдің климаттық күн тәртібі мен экономикалық дамуы арасындағы байланыстырушы буынға айналып келеді. Келесі кезеңдегі басты міндет — тек ХДБ (халықаралық даму банктері) есебінен ғана емес, жеке сектордың неғұрлым белсенді қатысуы және қаржы құралдарының желісін кеңейту арқылы осы нарықты ауқымдандыру.

– Бизнес үшін бүгінгі таңда орнықтылыққа инвестиция салудың нақты экономикалық мәні бар ма?

– Бұған «иә» деп жауап берер едім. PwC Қазақстан 14 жыл бойы елдегі бизнес басшылары арасында стратегия мен инвестициялардан бастап, тәуекелдерді басқару мен дамуға дейінгі ауқымды мәселелерді қамтитын сауалнама жүргізіп келеді. Биылғы сауалнама нәтижелері Қазақстандағы компаниялар соңғы бес жыл ішінде жасаған экологиялық қауіпсіз инвестициялардан нақты экономикалық қайтарымды көре бастағанын көрсетеді.

Сонымен, сауалнамаға қатысқандардың 25%-ы (бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 19% болған) мұндай инвестициялардың компания кірісіне оң әсерін тигізгенін атап өтті. Тағы 42% респондент (өткен жылғы 31%-бен салыстырғанда) бұл инвестициялардың операциялық шығындарды азайтуға септігін тигізгенін көрсетті. Айта кететін жайт, біз қазір тек Қазақстан ішіндегі бизнес туралы айтып отырмыз.

Сонымен қатар, жаһандық деңгейде біз PwC-де ірі инвесторлардың инвестициялық басымдықтары қалай өзгеретінін және олар капиталды қандай принциптер бойынша бөлетінін жақсырақ түсіну үшін олардың арасында сауалнама жүргіземіз.

2026 жылғы зерттеу нәтижелері инвесторлардың дәстүрлі қаржылық көрсеткіштермен қатар, орнықты дамудың стратегиялық аспектілеріне және олардың компаниялардың ұзақ мерзімді бизнес‑моделіне қалай енгізілгеніне барған сайын көбірек көңіл бөлетінін көрсетеді.

Бүгінгі таңда инвесторлардың 84%-ы климаттың өзгеруіне бейімделуге салынатын инвестицияларды сақтау немесе ұлғайту қажет деп есептейді. Олар үшін бұл құндылықтар немесе бедел мәселесі емес, тәуекелдерді басқару және бизнестің экономикалық орнықтылығын сақтау мәселесі болып саналады.

Инвестициялық қызығушылықты талдасақ, инвесторлардың шамамен 70%-ы энергия тұтыну мен инфрақұрылымды жүйелі түрде басқаратын компанияларға салынатын инвестицияларды арттыруға дайын; 61%-ы – операциялық тиімділікті арттыру үшін климаттық және ESG‑деректерін пайдаланатын бизнестерге; жартысынан астамы – климаттық бейімделуге байланысты жобаларға және қатысушылардың жартысына жуығы салықтық және реттеуші ынталандыруларға негізделген бастамаларға инвестиция салуды қолдайды.

Нәтижесінде, климаттық инвестициялар – бизнестің экономикалық логикасы мен қоғамдық мүдделер бір бағытта жұмыс істейтін сирек түйісу нүктесіне айналады; бұл ретте оның артында маңызды, дәйекті жұмыс пен стратегиядан нақты нәтижелерге дейінгі ұзақ жол тұрғанын түсіну маңызды.

Айта кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік банк тобының Қоршаған орта жөніндегі директоры Валери Хики «Kazinform» агенттігіне берген эксклюзив сұхбатын жариялаған едік.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Сәуір 2026 20:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары