Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

​Атырауда үздік оқушылар, ұстаздар және мектептер анықталды

​Алматы облысында 21 жастағы қыздың денесі табылды: іс “өзін өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергелуде

Атыраудағы бекіре зауытын жаңғырту қарқынын арттыру тапсырылды

​Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын екі есеге көбейтпекші

Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

Алматыда 500 мың теңгеге бала сатылды деген ақпарат тексерілді

Теңге мен бюджетке соққы: ОПЕК+ әлсіреуінің салдары

Алматыда электросамокат мінген 44 жастағы ер адам қаза тапты

Абай жолынан Маңғыстау мұнайына дейін: беделді сыйлық алған Қазақстан өкілдері

Климаттық өзгерістер Орталық Азия елдерінің экономикасына қалай әсер етіп жатыр?

Климаттық өзгерістер Орталық Азия елдерінің экономикасына қалай әсер етіп жатыр?

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Климаттық өзгерістер Орталық Азия елдерінің экономикаларына барған сайын қаттырақ әсер етіп, тасқын, құрғақшылық, аптап ыстық пен басқа да табиғат құбылыстарының қатерін арттырып отыр. Десе де, аймақта мұндай апаттардан қорғайтын қаржылық тетіктер жеткілікті деңгейде дамымаған. БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) сарапшылары «Климаттық және табиғи апаттарға төзімділік: Орталық Азияда сақтандыру мен қаржылық шешімдерді әзірлеу» атты есебінде осындай қорытынды жасайды. Біз аталған зерттеудің басты тұжырымдарын зерделеп, климаттық қатерлерден сақтандыруды дамыту еліміз үшін қандай мүмкіндіктерге жол ашарына зер салып көрдік.

Сурет ЖИ көмегімен жасалған

Жоғары климаттық қатерлер аймағы

Сарапшылардың айтуынша, Орталық Азия елдері климаттық өзгерістер салдарынан зардап шегуі мүмкін ең осал аймақтардың қатарына жатады. Бұл жерде әңгіме тек температураның көтерілуі мен су жетіспеушілігі ғана емес, жиі қайталанып жатқан экстремалды табиғат құбылыстары жайында да болып отыр. Халықаралық ұйымдардың бағалауынша, біздің еліміздің аумағының едәуір бөлігінде су тасқыны мен құрғақшылықтан бастап, көшкін түрлері, орман өрті мен жер сілкінісіне дейінгі табиғат апаттарының қаупі жоғары. Бұл аймақтың инфрақұрылымына, ауыл шаруашылығы мен экономикалық тұрақтылығына тікелей әсер етеді.

Зерттеудің басты тұжырымдарының бірі ретінде Орталық Азия елдерінде климаттық және табиғи апаттардан қорғайтын сақтандыру деңгейінің төмендігі назарға алынған. Көп жағдайда апаттардан келген шығын мемлекеттік бюджет немесе халықаралық көмек есебінен жабылады да, ал сақтандыру құралдарының ролі шектеулі деңгейде қалып отыр.

Сақтандыру саласындағы әлеуеті зор көшбасшы

Қазақстан – аймақтағы ең үлкен экономикаға ие, урбандалу (қалаға шоғырлану) деңгейі жоғары және өнеркәсіп секторы, соның ішінде мұнай-газ бен тау-кен өндіру саласы дамыған мемлекет. Бұл бизнес пен экономикаға тәуекелдерді басқарудың неғұрлым күрделі қаржылық тетіктерін енгізуге мүмкіндік береді.

Еліміздің сақтандыру нарығы қазірдің өзінде тұрақты даму үдерісін көрсетіп отыр. Қаржы реттеушісінің деректеріне қарағанда, 2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде сақтандыру сыйақыларының көлемі 1,7 трлн теңгеге жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 12,5%-ға артқан. Сақтандыру секторының активтері 25%-дан аса өсіп, 3,9 трлн теңгеге жуықтады. Жасалған сақтандыру келісімшарттарының саны 18 миллионнан асып жығылды.

Жастар климаттық өзгерістерге бейжай қарамайды

Жалпы алғанда, Қазақстан аймақтағы сақтандыру нарығы ең жоғары дамыған елдердің қатарына кіреді.

Орталық Азия елдеріндегі жағдай

Орталық Азияның басқа елдерінде сақтандыру нарығы біздің мемлекетімізге қарағанда баяу дамып жатыр. Бұл әсіресе табиғи және климаттық қатерлерден қорғау сегментінде айқын байқалады. Дүниежүзілік банктің Global Financial Development Database халықаралық салыстырмалы деректеріне сәйкес, non-life сақтандыру сыйлықақыларының ІЖӨ-дегі үлесі көрсеткіші бойынша Қырғызстанда бұл деңгей шамамен 0,197%, Тәжікстанда – 0,286%, ал Қазақстанда – 0,472%-ды құрайды. Бұл біздің еліміздегі сақтандыру инфрақұрылымының салыстырмалы түрде алғанда жоғары дамығанын көрсетеді.

Ақтауда климаттық өзгерістердің Каспий экожүйесіне ықпалы талқыланды

Қырғызстанда су тасқыны, сел көшу мен құрғақшылық қатерлері жоғары, алайда соған қарамастан сақтандыру жүйесі жеткілікті дамымаған. Мемлекеттік бағдарламалар ауыл шаруашылығын да ішінара қамтығанымен, осал таптардың сақтандыру құралдарына қолжетімділігі шектеулі күйінде қалып отыр.

Тәжікстанда су тасқыны, көшкін мен зілзала қаупі бар. Алайда сақтандыру нарығы тым шағын, ал тәуекелдерді қаржыландыратын мемлекеттік тетіктердің дамуы көңіл көншітпейді.

Түрікменстанды алаңдатып отырған басты климаттық қатер – құрғақшылық. Дегенмен мұнда да сақтандыру секторы төмен деңгейде, ал табиғи апаттардан сақтандырудың мемлекеттік бағдарламалары жоқтың қасы.

Өзбекстан су тасқыны, құрғақшылық және жер сілкіністерімен жиі бетпе-бет келеді. Кейінгі жылдары ауыл шаруашылығын сақтандырудың қанатқақты бағдарламалары пайда болғанымен, климаттық апаттардан сақтандыру жүйесі әзірге шектеулі шамада жұмыс істеп тұр.

Құдайы көршілерімізбен салыстырғанда біздің еліміздің қаржылық инфрақұрылымы мен реттелетін сақтандыру нарығы едәуір жоғары даму деңгейін көрсетіп отыр. Бұл тәуекелдерді басқарудың заманауи құралдарын, соның ішінде параметрлік сақтандыруды, климаттық және апаттық облигацияларды енгізуге мүмкіндік береді.

Табиғи апаттардың құны

Климаттық қатерлер қазірдің өзінде еліміздің экономикасына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Халықараралық қаржылық институттардың бағалауынша, табиғи апаттар жыл сайын аймақ мемлекеттерін жүз миллиондаған доллар көлемінде шығынға батырады. Соның ішінде біздің еліміз де экстремалды табиғат құбылыстарына жиі ұшырап жүргені әмбеге аян.

Жоғары білім бағдарламалары: Климаттық өзгерістер

Оның нақты бір мысалы – кейінгі жылдары орын алған көктемгі су тасқындары. Мәселен, 2024 жылы еліміздің бірнеше аймағында болған тасқын салдарынан 100 мыңнан астам адамды баспанадан айырылып, орасан зор шығынға ұшырағаны мәлім. Билік тарапынан инфрақұрылымды қалпына келтіру, баспана салу мен зардап шеккен отбасыларды қолдауға қосымша қаражат бөлінді. Мұндай оқиғалар мемлекеттік қаржыға түсетін жүктеменің жоғарылығын көрсетіп, тәуекелдерді бөлуге арналған сақтандыру тетіктерін жетілдірудің маңызын айғақтайды.

Ауыл шаруашылығын цифрлық сақтандыру мәселесі

Табиғат құбылыстарынан зардап шегетін ең осал саланың бірі – аграрлық сектор. Біздің еліміз әлемдегі ең ірі ауыл шаруашылық жерлеріне ие мемлекет, атап айтқанда, салалық ведомстволардың дерегінше, ауыл шаруашылығы алқаптары 200 млн гектардан астам жерді құрайды.

Құрғақшылық, ауа температурасының құбылмалығы және ылғалдың аздығынан ел экспортының едәуір бөлігін жабатын дәнді дақылдар өнімділігіне айтарлықтай зиян келуі мүмкін. Мұндай жағдайда аграрлық тәуекелдерді сақтандыру экономикалық тұрақтылықтың маңызды құралы саналады.

Кейінгі жылдары елімізде ауа райы ахуалын мониторингілеудің автоманттандырылған жүйелерін және спутниктік деректерді пайдалана отырып, аграрлық сақтандыру жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізу басталды. Дегенмен, сарапшылардың айтуынша, бұл жүйенің әлеуеті әзірге толыққанды пайдаланылмай келеді.

Жаңа сақтандыру құралдары

БҰҰДБ есебінде еліміз климаттық қатерлерді басқарудың инновациялық құралдарын енгізу үшін жоғары әлеуетке ие екені айтылған. Соның бірі – параметрлік сақтандыру, яғни бұл жүйеде төлемдер белгілі бір табиғи көрсеткіштерге, атап айтқанда, жауын-шашын деңгейі немесе зілзала күші белгіленген шамаға жеткенде автоматты түрде жасалынады.

Тағы бір келешегі зор бағыт – табиғи апаттарға арналған облигациялар және климаттық облигациялар. Аталған қаржылық құралдар табиғи апаттардан туындауы мүмкін шығындарды жабу мен климаттық өзгерістерге бейімделу жобаларын қаржыландыру үшін инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

БҰҰ қандай реформаларды ұсынады

Дегенмен сарапшылар сақтандыру жүйесін дамытуда әлі де белгілі бір мәселелер бар екенін айтады. Әңгіме сақтандыру тетіктерінің мемлекеттік тәуекелдерді басқару жүйесіне толыққанды интеграцияланбауы жайында болып отыр. Кейбір жағдайда сақтандыру өнімдері климаттық қауіптің ерекшелігін толық ескере бермейді немесе ауыл тұрғындары мен шағын бизнес өкілдері үшін олар қолжетімсіз.

Халықтың қаржылық сауаттылығының төмендігі де саланың дамуына кедергі болып отыр. Көп адам сақтандыруды қағаз жүзіндегі процедура ғана деп ойлап, мүлік пен кірісті қорғайтын құрал ретінде санамайды.

БҰҰ сарапшылары сақтандыру тұрақтылығын дамыту үшін кешенді шаралар ұсынған. Соның қатарында заңнаманы жетілдіру мен сақтандыру нарығын реттеу, тұтынушылар құқығын қорғауды күшейту, сақтандыру саласында мамандарды дайындау мен қаржылық сауаттылық бағдарламаларын кеңейту секілді бағыттар бар.

Біздің еліміз үшін жаңа мүмкіндіктер

Ұзақ мерзімді келешекте аталған ұсыныстарды іске асыру еліміздің климаттық және экономикалық күйзелістерге төзімділігін айтарлықтай арттырады. Халық пен бизнесті сақтандырумен кеңірек қамту төтенше жағдайлар кезінде мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені төмендетуге және табиғи апаттардан кейін экономиканың тезірек қалпына келуіне мүмкіндік бермек.

Осылайша, климаттық қатерлерді басқарудың сақтандыру құралдарын жетілдіру орнықты дамудың маңызды элементіне айналады. Орталық Азиядағы ең үздік сақтандыру нарығына ие болып отырған біздің еліміз үшін бұл экономиканың ішкі тұрақтылығын арттырып қана қоймай, климаттық қатерлерді сақтандырудың аймақтық жүйесін қалыптастыруда маңызды рөл ойнауға жол ашады.

Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде әйелін өлтіріп, өзіне қол салған ер адамның ісі тоқтатылды

Оқиға • Бүгін, 14:55

Таяу Шығыстағы қақтығысқа қатысты Қазақстанның ұстанымы қандай?

Қазақстан • Бүгін, 14:40

Екі жақты экраны бар теледидар таныстырылды

Digital • Бүгін, 14:35

Ақылы жолдар: Елімізде қай бағыттарда төлем алынады?

Қоғам • Бүгін, 14:20

Щучинсктегі жарылыс: Зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды

Оқиға • Бүгін, 14:15

Жезқазған қаласының бюджеті екі есе өсті

Аймақтар • Бүгін, 14:08

Алмасадам Сәтқалиев: Ғылымды ілгерілету әлеуметтік инфрақұрылымнан басталады

Ғылым • Бүгін, 13:54

Ақмола облысында төрт бірдей туысын өлтірген күдікті психикалық есепте тұрған

Оқиға • Бүгін, 13:39

Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан 13 рейс тоқтатылды

Саясат • Бүгін, 13:21

Қазақстанда қылмыс деңгейі 8%-ға төмендеді

Президент • Бүгін, 13:05

Ирандағы отандастарымыз қай елдер арқылы эвакуацияланады?

Әлем • Бүгін, 13:00

«Стрептоцидке» тыйым салынды: Препарат енді Қазақстан дәріханаларында сатылмайды

Денсаулық • Бүгін, 12:52

Әр өңірде жол бойындағы сервисті дамытудың екжей-текжейлі картасы әзірленеді

Қоғам • Бүгін, 12:48

Дубайдан Оман арқылы 467 отандасымыз елге жеткізіледі

Қоғам • Бүгін, 12:47

Автолизинг бағдарламасының толыққанды іске қосылуына не кедергі?

Қоғам • Бүгін, 12:40

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:226
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Наурыз 2026 16:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see166

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see164

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see161

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see158

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see156

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see152

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see151

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see149

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see147

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see146

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see145

​Атырауда үздік оқушылар, ұстаздар және мектептер анықталды

29 Тамыз 2026 21:14see142

​Алматы облысында 21 жастағы қыздың денесі табылды: іс “өзін өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергелуде

29 Тамыз 2026 21:13see140

Атыраудағы бекіре зауытын жаңғырту қарқынын арттыру тапсырылды

29 Тамыз 2026 21:13see135

​Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын екі есеге көбейтпекші

29 Тамыз 2026 21:14see132

Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

30 Тамыз 2026 11:40see130

Алматыда 500 мың теңгеге бала сатылды деген ақпарат тексерілді

29 Тамыз 2026 21:27see127

Теңге мен бюджетке соққы: ОПЕК+ әлсіреуінің салдары

29 Тамыз 2026 21:14see126

Алматыда электросамокат мінген 44 жастағы ер адам қаза тапты

30 Тамыз 2026 17:24see123

Абай жолынан Маңғыстау мұнайына дейін: беделді сыйлық алған Қазақстан өкілдері

31 Тамыз 2026 00:46see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары