Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Отбасы банк сыйлаған баспана бақыты

Отбасы банк сыйлаған баспана бақыты

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Аса ауылының тұрғыны Дархан Нұрмаханов облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қолынан жаңа пәтердің кілтін алып тұр.

Алдымен Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылындағы 120 пәтерлі тұрғын үйде асыраушысынан айырылған азаматтар, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар жандар және өзге де әлеуметтік санаттағы отбасылар баспана кілтіне ие болды. Жүздерінен шаттық лебі сезілген жаңа қоныс иелеріне қажетті тұрмыстық техникалар да тарту етілді.

Іс-шарада алғаш болып сөз алған Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтарды тұрғын үймен қамта­ма­сыз ету жөніндегі тапсырмасы өңірде жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ Отбасы банк арқылы баспаналы болған отбасылар саны жыл сайын артып келе жатқанын жеткізді.

Ләззат Ибрагимова көпбалалы ана Жәмила Жайылғановаға пәтер кілтін тапсырды.

– Бүгін тұрғын үй кезегінде тұрған көптеген отбасы жалдамалы пәтер кілтін алып отыр. Бұл – баршаңыз үшін үлкен қуаныш. Осы іс-шара үшін арнайы Астанадан келдім. Шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін, балаларыңыздың қызығын көріңіздер. Үкілеп өсірген ұл-қыздарыңыз ел сенімін ақтап, абыройлы азамат болып өссін. Тек жақсылықта жүздесейік, – деді Ләззат Ибрагимова жаңа қоныс иелерін құттықтап.

Аса ауылындағы жаңа тұрғын үйден пәтер алғандардың арасында мүмкіндігі шектеулі азаматтар да бар. Солардың бірі – Дархан Нұрмаханов. Ол тұрғын үй кезегіне үш жыл бұрын тіркелген. Бүгінде көптен күткен баспанасына қол жеткізіп отыр.

– Мен 2023 жылы денсаулығыма байланысты тұрғын үй кезегіне тұрған болатынмын. Екінші топтағы мүгедектігі бар азамат ретінде ауыр жұмыс істеуге мүмкіндігім жоқ. Үш жыл бұрын кезекке тұрған кезде баспаналы болатыныма аса сене қоймаған едім. Бір ай бұрын хабарлама келіп, қажетті құжаттарды рәсімдеуге кірістім. Бүгін, міне, Отбасы банк арқылы үш бөлмелі пәтердің кілтін алып отырмыз.

Жаңа пәтер кілтін алған бақытты жандар - Галина Михайловская, Көшербай Изентаев, Татьяна Соболева, Әсел Ақанова.

Қазіргі қуанышымды сөзбен жеткізу қиын. Құмтиын ауылынан аудан орталығына қоныс аударып жатырмыз. Ең бастысы, жалдамалы пәтердің төлемақысы қолжетімді. Оның үстіне, болашақта бұл бас­пананы сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Алдағы уақытта осы мүмкіндікті пайдаланып, үйді өз атыма рәсімдеуге күш саламын.

Осындай мүмкіндік жасап отырған мемлекетке, жергілікті билік өкілдеріне және банк басшылығына алғысым шексіз. Бірден баспана сатып алуға жағдайы келмейтін өзіміз секілді көпбалалы және әлеуметтік осал отбасылар үшін бұл өте маңызды қолдау деп есептеймін, – дейді Дархан Нұрмаханов.

Ресми мәліметке сүйенсек, Аса ауылындағы «Бәйтерек» тұрғын алабында бой көтерген тұрғын үйдің құрылысын «Тараз Құрылыс Дизайн» ЖШС жүргізген. Бес қабатты үйде 10 бір бөлмелі, 62 екі бөлмелі және 48 үш бөлмелі пәтер бар. Тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

Жаңа пәтерге қоныстанған тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Солардың бірі – Жәмила Жайылғанова.

– Бүгін отбасымыз үшін ұмы­тылмас күн болып отыр. Көп­тен күткен арманымыз орындалды. Сегіз баламыздың несібесі шығар, үш бөлмелі пәтер бұйырды. Осындай мүмкіндік берген облыс және аудан басшылығына, Отбасы банк ұжымына шынайы алғысымды білдіремін, – дейді ол.

Гүлсара Рахимова мен Ләззат Ибрагимованың әсерлі құшақтасу сәті.

Бұл күні Тараз қаласындағы Ұлы дала шағын ауданының Қыз Жібек көшесінде орналасқан жаңа тұрғын үй де пайдалануға берілді. Мұнда әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға, атап айтқанда, толық емес және көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларға, сондай-ақ І және ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтарға пәтерлер тапсырылды.

Жаңа қоныс иелеріне Жам­был облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Отбасы банк басқарма төрағасы Ләззат Ибраги­мова пәтер кілттерін салтанатты түрде тапсырды.

Отбасы банк басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады.

– Бүгін Тараз қаласындағы Ұлы дала шағын ауданының Қыз Жібек көшесінде орналасқан 169 жалдамалы пәтердің кілті тапсырылды. Мұнда он жылдан астам уақыт бойы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар баспаналы болды. Олардың қатарында көпбалалы отбасылар, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтар мен толық емес отбасылар бар.

Жаңа тұрғын үйден баспаналы болғандардың шамамен 70 пайызы осы санаттарға жатады. Тұрғын үй кезегінде тұрған және түгендеу рәсімінен уақтылы өткен азаматтардың барлығы арнайы портал арқылы өтінім беріп, қажетті құжаттарын рәсімдеді. Бүгінде олар жалдау шарттарына қол қойып, жаңа пәтерлерінің кілттерін алды.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында тұрғын үй кезегінде шамамен 60 мың адам тұр. Бүгінде 2016–2017 жылдары кезекке тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл мәселе кезең-кезеңімен шешімін табатын болады.

2026 жылы еліміз бойынша жалға берілетін және несиелік тұрғын үйлер саны рекордтық деңгейге жетті. Қазіргі уақытқа дейін шамамен 12 мың пәтер пайдалануға беріліп, оларды бөлу және тапсыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Жыл соңына дейін тағы 8 мыңға жуық пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Жалпы алғанда, биылғы көрсеткіш кейінгі жылдардағы ең жоғары нәтижелердің бірі болып отыр, – деді Ләззат Ибрагимова.

Жамбыл облысы 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Маусым 2026 10:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары