Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Өткен тірлік әрі шындық, әрі аңыз

Өткен тірлік әрі шындық, әрі аңыз

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұмекен Нәжімеденов – қазақ поэзия­сында өзіндік өрнегін қалыптастырған ақын. Оның «Өмір» деген өлеңі бар. «Өмір, өмір, өмір деген – бір ғажайып бәйтерек, Бәйтерекке түн де керек, күн де керек, ай керек. Сол теректі паналаған балапансың сары ауыз, Сол теректе өткен тірлік – әрі шындық, әрі аңыз» деп басталатын бұл өлеңді 1961 жылы жазыпты.

Құрманғазы ауданындағы Ашақ деп аталған төбеде кіндігі кесіліп, Алашқа танылған ақынның басты ұстанымы – шығармашылық болды. Қолынан қаламын тастамаған қаламгер өлең де жазды. Бірнеше романды да жазды. Поэзия мен прозасын мол мұра ретінде қалдырды. Көзі тірісінде бірнеше кітабы жарық көрді. Алайда мерейтойын атап өтер жасқа жете алмады.  

Алдағы 28 қарашада ақынның туғаны­на 90 жыл толады. Осыған орай кіндік кес­кен өңірі – Атырауда айтулы тұлғаның мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Мерейтойлық іс-шараға қатысушылар мұнайлы шаһардағы ақын ескерткішіне гүл шоғын қойды. Бұдан соң «Ұрпағым, саған айтам» атты республикалық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауымен жалғасты.

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Жоламановтың пікірінше, көркемсөзді нақышына келтіре оқу – тіл мәдениетін дамытудың басты кепілі. Сондай-ақ жас буынның ой-өрісін жетілдіруіне ықпал етеді. Сол себептен көркемсөз шеберлерінің додасына 18–35 жас ара­лығындағы жастарды қатыстыру ұйға­рылыпты. Байқауда Шымкент қала­сы­нан, Қызылорда, Қарағанды, Ақтөбе, Түр­кістан, Маңғыстау, Жамбыл облыс­тары мен Атырау өңірінен 11 үміткер бақ сынады.

Әдетте мұндай байқаудың талабы жеңіл емес. Кестелі сөз өнерін құрмет­тейтін талаптыларға бірінші кезеңде поэзиялық шығармаларды мәнерлеп оқу ұсынылды. Олар доданың екінші бөлігінде прозалық туындыларды шебер жеткізуге талпынды. Әр үміткерке ақынның 10 өлеңін жатқа білу шарты қойылды. Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов жетекшілік еткен қазылар алқасы бір-бірінен асып түспекке ұмтылып, көрерменнің ыстық ықыла­сына бөленген үміткерлердің өнерін әділ бағалады. Олар бас жүлдеге Маң­ғыс­тау облысынан келген Көркем Дүйсенбаеваны лайық деп тапты.

Бірінші орынға жергілікті үміткер Елдос Құлшарап ие болды. Екінші орынды екі жүлдегер олжалады. Оның бірі –  Шымкент қаласынан келген Ләззат Мүсілім, екіншісі атыраулық Айжан Бөлекбаева. Бір қызығы, үшінші жүлдені иеленген жүлдегерлердің қатарында өзге этностың өкілі бар. Тілі өзге болға­нымен, қазақшаны жетік меңгерген Владислав Горизанов Қарағанды облысынан келіпті. Сондай-ақ түркістандық Ақберен Жолдасбек пен жамбылдық Айнұр Нұрбектің өнеріне аталған жүлде берілді.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Жұмекен жырлары – ғасыр үні» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның маңызы айрықша екенін айтқан жөн. Өйткені еліміздің танымал ақын-жазушылары, ғалым­дар, жұмекентанушылар мен қоғам қайрат­­керлері бас қосқан конференцияда ақынның адами болмысы мен туындыларының ұлт руханиятындағы маңызы сан қырынан талданды. Конфе­ренцияда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың мәлімдеуінше, алдағы уақытта ақын мұрасын зерттеу мен насихаттау жұмыстары қолға алынғалы отыр. Сондай игі істің бірі – мұнайлы өңірде «Жұмекен орталығын» құру. Жұмекентану бағытын дамыту үшін жыл сайын республикалық әдеби байқаулар мен «Жұмекен оқула­ры» ұйымдастырылады. Ақынның шығар­маларын бірнеше тілге аудару, әлемдік деңгейде таныту жоспарланыпты.

«Жұмекен Нәжімеденов – қазақ поэ­зиясын биікке көтерген, ұлт рухын сөзбен өрнектеген ақын. Оның 21 жасында жазған «Менің Қазақста­ным» өлеңі рухты Әнұранға айналды. Ақын шығармалары елдік сананы, пат­риот­тық сезімді сер­пілтіп, жас­тарды ұлтжандылыққа, Отанға деген сүйіс­пеншілікке тәрбиелейді. Қазақ елі барда оның жыры, сөзі, рухы мәңгі жасайды. Жұмекен мұрасы халқымыз­дың жүре­гінде, ұлт руханияты­ның төрін­де мәңгілік сақталады», деді Д.Шамұратов.

Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкеновтің айтуына қарағанда, Жұмекеннің шы­ғар­ма­лары жұмбақ деген пікір қалыптас­қан. Шын мәнінде қаламгердің шығарма­лары – жұмбақ емес, керісінше терең, философиялық, ой жүгіртіп оқуды талап етеді.  

«Жұмекен – қайталанбайтын қалам­гер. Біз осындай қаламгерлердің шы­ғар­­машы­лығын насихаттау, ұлық­тау мақ­­­­­сатында туындыларын шетел тіл­­де­ріне аударып, әлемге танытуымыз қажет. Мәселен, Х.Досмұхамедов атын­­­да­ғы Атырау университетінің жанынан Жұмекентану институтын ашу қажет. Өйт­кені ақын­ның шығармашылық мұра­сын толық зерттейтін кез жетті», деді М.Құлкенов. 

Конференцияда ақын, зерттеуші Алмас Ахметбекұлы Жұмекен шығарма­шылығындағы философиялық ой мен тарихи тағылымына екпін түсірді. Мем­лекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Свет­қали Нұржан қаламгер поэзиясының көр­кемдік қуаты жөнінде ой қозғады. Жұ­мекентанушы ғалым, профессор Қа­дір Жүсіп оның шығармаларының көр­кем­­дік ерекшеліктеріне назар аудар­ды.

Қоғам қайраткері, Атырау облысының құрметті азаматы Сәрсенбай Еңсегенов қаламгер шығармашылығын ұлт тарихы мен тәуелсіздік құндылықтары аясында саралады. Оның айтуынша, Жұмекен жырлары күрделі, оны дайындығы бар ой-өрісі кең оқырман болмаса, бірден түсіну қиын. Түсінбек түгілі әп дегенде оқып шығудың өзі жеңіл емес.

«Жұмекеннің әдебиеттегі құбылыс екенін аға буын өкілдері де, замандас­тары да түсінді. Парасат пайымы биік, пендешіліктен сәл болса да жоғары тұрғандары бағалады, оны мойындады. Таланты мен дарыны талас пен дау тудырмайтын Жұмекен Сабырұлының әдебиет әлеміне енуінің бастауында Әбу Сәрсенбаев тұр. Ол 21 жастағы Жұмекеннің алғашқы өлеңдер топтамасын жоғары бағалады. Жас қалам­­гер­ге батасын берген Әбу ақынның көрегендігін өмір дәлелдеді. Майдангер ақын «Жас дарынның суреткерлігіне біз алғашқы өлеңдерін оқығанда-ақ сүй­сінгенбіз. Көпшіліктің ұйғаруы бойынша мен жас өренге ақ жол тілеп, бір топ өлеңін «Қазақ әдебиетінде» бастырдым. Жұмекен тез өсті. Менің шәкіртім болып келіп, кейін маған ұстаздық биігіне көтерілді», деп еске алды Ә.Сәрсенбаев. Жұмекен жырларының өзгелерге ұқса­майтын өзіндік ерекшілігін, биіктігі мен тереңдігіне алғашқы болып баға берген де Әбу ақын еді. Ол оқырманға «Ақынның өлеңдерін қызықтап оқымай, әлденеше рет қайталап оқу шарт. Әбден түсіну үшін Жұмекен биігіне көтеріліп, Жұмекен сұңғылығына тереңдеу керек. Замана құбылысын Жұмекен көзімен көру керек деген кеңесін берді», деді С.Еңсегенов.

Әдебиет сыншысы, жұмекентанушы Амангелді Кеңшілік «Жұмекен – қазақ поэзиясына Абайдан кейін үлкен терең­дік әкелген ақын» деген пікірін ұстанады. Он бес жыл бұрын оның бұл пікірімен келіспегендер болған.

«Дегенмен, өз сөзімнен бас тартпаймын. Бұл – шындық. Абай мыңдаған адамның білімсіздігімен күресті. Ал Жұмекеннің алдында қоғамдық жүйе­нің білімсіздігімен күресу тағдыры тұрды. Ол ұлттың ұлы тұлғалары атылып, «халық жауы» ретінде қуғындалған дәуірдің тірі куәгері болды», деді сыншы.

Ақынның қызы Қарлығаш Нә­жі­ме­денованың дерегіне сүйенсек, Жұмекен қазақ және әлем әдебиетін терең білген. Ал өзіне әкесінің «Кішкентай», «Даңқ пен дақпырт», «Ақшағыл» романдары ерекше ұнайды екен.

«Бұл шығармаларды оқығанда әкем­нің бейнесі көз алдыма келеді. Әкем соғыс жылдарындағы ауыр кезеңді сурет­теді. Егер осы романдар желісімен се­­риал түсірілсе, тамаша туынды болар еді», деді Қ.Нәжімеденова.

«Менің Қазақстаным» республикалық ақындар айтысы бес сағатқа созылды. Айтыста әр өңірден келген 12 ақын елдік мәселелерді көтеріп, өнерсүйер қауымды желпіндірді. Ақын Жүрсін Ерман төрелік еткен қазылар шешімімен бас жүлдені Жансая Мусина (Батыс Қазақстан) иеленді. Бірінші орынға Аруна Керімбек (Ақтөбе) пен Батыржан Кәдірбай (Атырау) ие болды. Екінші жүлденің иесі – Мұхтар Ниязов (Қызылорда). Ал Нұрмұхамед Байсүгіров пен Иранғайып Күзембаевқа үшінші орын берілді.

Сондай-ақ екі ақынға арнайы жүлде табысталды. Қа­дыр Мырза Әлі атын­дағы жүлде Аян Ния­зовқа, Тұманбай Мол­дағалиев атындағы жүлде Серікбол Панабердиевке бұйырды.

Мерейтой аясында Құрманғазы ауда­нында «Ұлт өлеңінің үштағаны» атты жыр кеші, мұнайлы шаһарда «Жыр-Жұмекен» поэзия фестивалі ұйым­дастырылды. Сондай-ақ елдік құн­ды­­­лық­тарды дәріптеуге бағыттал­ған «Менің Қазақстаным!» мерекелік концерті өтті. Концертте еліміздің Әнұраны шырқалып, сахна төрінде Мемлекеттік Ту мен Жұмекен Нәжіме­деновтің бейнесі кестеленген көркем мозайка ұсынылды. Бұл ерекше көріністі бейнелеуге екі мыңнан астам студент қатысты.

Атырау облысы 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қазан 2025 10:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see137

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see135

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see134

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see131

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see125

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see123

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see123

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see115

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see114

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see112

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see109

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see109

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see107

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see107

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see107

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see103

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see103

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see103

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары