Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Кофені көп ішсе, не болады?

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

Түркістан облысында тікелей эфирде балағат сөз айтқан стриммер жауапқа тартылды

Даладағы тау тірлік

Даладағы тау тірлік

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Еліміздің қиыр батысындағы Жәнібек ауданында Тау деген шағын ауыл бар. Байтақ даласымен әйгілі Батыс Қазақстанда тау жоқ екені белгілі, шамасы ауыл азаматтарының түр-тұлғасына, іс-әрекетіне қарай осылай аталса керек.

Тау ауылдық округінің бір шеті Ресей Федерациясымен шектеседі. Кеңес ке­зін­де «Қайрат» кеңшары аталған ауыл аудан орталығынан – 35 шақырым, об­лыс орта­лығы Орал қаласынан 500 шақы­рым қашықта жатыр. Шалғай ауылдың шаруасы да шаш-етектен екені белгілі. Жыл сайын тұрғын саны кеміп, тұр­мысы түзеле алмай тұрған елді мекен­нің бірі еді. Кейінгі есептер округте мың қаралы адам ғана тұратынын көрсеткен.

Дегенмен Батыс Қазақстан облысында ауыл-аймақтың ажарын келтіретін арнайы бағдарламалар аз емес. Өңір табиғи газ құбырымен, сапалы ауызсумен түгелге жуық қамтылған. Ақжайықтың ең осал жері жол болатын. Оның өзі жыл өткен сайын жақсарып келеді. Біз айтқан ең шалғай Бөкей ордасы, Жәнібек аудандарына сапалы жол жеткелі бірнеше жыл болды.

Тау ауылына келейік. Биыл көктемде ауылда әкім сайлауы болды. Халық өзіне қажет басшыны тікелей таңдады. Наурыз айының 2-сі күні өткен сайлауда үш адам бақ сынаған екен. Тізімдегі 627 сайлаушының көпшілігі дауыс беруге келіп, 36 жастағы жалындап тұрған Нұртілек Мизамбаев деген азаматты сайлап алған еді. Сайлау комис­сиясының хабарлауына қарағанда, басым көпшілік, яғни 65,8% сайлаушы Нұртілек Ниетбайұлын таңдаған.

Нұртілектің мамандығы – мұғалім. Оралдағы әйгілі Махамбет универ­ситетінің түлегі, информатика пәнінің мұғалімі. Еңбек жолын Бөкей ордасы ауданы Жиекқұм ауылындағы Темір Масин атындағы орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары көршілес Бөкей ордасы мен Жәнібек ауданы мектептерінде математика, физика, информатика пәндерінен сабақ беріп, майталман маман болып қалыптасқан. Кейінгі жылдары Жәнібек ауылындағы мектептен тыс жұмыстар орталығына басшылық етіпті.

«Сайлау науқаны кезінде әкім лауазымынан үміткерлер ауылға келіп, халықпен кездесті, өз бағдарламасын таныстырды. Нұртілек Ниетбайұлы өз сөзінде жастармен жүйелі жұмысты жолға қоятынын, ауылдық округке инвес­тор тартуға басымдық беретінін айтқан еді. Дәл осы ұсыныстар өзімнің көңіліме қонды», дейді ауылдағы қоғамдық кеңестің төрағасы Таңат Сариев.

Міне, Нұртілек Мизамбаевтың Тау ауыл­дық округінің әкімі деген лауазымға кел­геніне 8 айдан енді ғана асыпты. Алай­да осы аз уақыт ішінде атқарылған жұмыс­тарды ауыз толтырып айтуға болады.

Қараңыз: ауылдағы орталық саябақ жөнделіп, ажары кіріп қалды. Бақтың кіреберіс қақпасына атауы жазылып, субұрқақ орнатылған. Жазғы (жағажай) волейбол алаңы салынып, жаңадан work-out алаңы орнатылған. Бақ төріндегі сахна да жөнделіп, көше тренажерлері қойылыпты. Саябақтың электр сымдары, жарық шамдары толық ауыстырылған. Ең соңында осынша игіліктің сақталуы үшін бақылау камерасы орнатылған.

Шағын ауылдың мәдениет мүйісі осылайша жаңғырып, жаңа сипатқа енген кезде тұрғындардың санасына да қуаныш орнайтыны сөзсіз ғой. Жаңа әкім ауылдағы бірнеше көшенің жарығын жаңартып, түрлі-түсті сәулеге шомылдырып қойыпты.

– Жастарға қолдау білдіру, олармен бірлесе қызмет атқару – Нұртілек Ниетбайұлының басты ерекшелігінің бірі. Ауылдағы мәдениет үйі ғимаратының бір бөлмесін шағын фитнес залына айналдырды. Ауыл азаматтарын, шаруа қожалық жетекшілерін ұйымдастырып, заманауи үлгідегі қажетті құралдарды сатып алды. Нәтижесінде, ауыл жастарын саламатты өмір салтын ұстануға баулитын, бос уақытын тиімді өткізетін керемет орталық пайда болды, – дейді қоғамдық кеңес төрағасы Таңат Сариев.

Жаңалыққа жаны құмар жас әкімді ауыл жастары да қолдайды. Биыл ауыл мектебін бітіргеніне 10 жыл, 20 жыл, 30 жыл толған түлектер өзара қауымдасып, туған жерге сыйлық жасауға кірісіпті. 10 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер ауылдың жаңарған саябағына әңгіме-дүкен құрып отыратын алаңқай жасап берсе, 2005 жылғы түлектер ауылдың кіреберісіне «Тау» деген әдемі жазу орнатты. Онымен тоқталмай, мектепке заманауи үлгідегі Led экран сыйға тартып, спорттық жарыстар ұйымдастырған. Осыдан 30 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер ерекше идея көтеріп, «Рәміздер аллеясы» атты алаң жасаған. Еліміздің мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны және картасы бейнеленген алаң жас ұрпақтың, мектеп оқушылары­ның патриоттық іс-шараларды өткізе­тін мүйісіне айналғандай. Еліміздің мемлекеттік шекарасы бойында тұрған елді мекенге өте лайық бастама болды бұл. Осы аталған жұмыстың басы-қасында ұйымдастырушы, бағыт беруші болып ауыл әкімі жүргені түсінікті.

– Нұртілек Ниетбайұлы жас та болса алғыр, еңбекқор, халыққа қызмет етуге елпілдеп тұратын елгезек азамат екен. Аз уақыт ішінде ауылымыз абаттанып, бірқатар әлеуметтік мәселе шешілді. Ең бастысы, әкім халықтың ұсыныс-тілегіне дер кезінде назар аударады. Осының бәрі Нұртілектің елдің алғысына лайық екенін көрсетеді, – дейді ауыл тұрғыны Бағдагүл Қарабасова.

Өткенде, 10-11 қазан күндері Тау ауы­лында шаруа қожалықтары мен ауыл аза­мат­тарының ұйымдастыруымен «Дәуір­лерге даңқ қалдырған ауылым!» атты мәдени-спорттық іс-шара өтті. Ауылды дүр сілкіндірген мереке екі күнге созылды.

«Көп түкірсе көл», «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген сөздер рас. Ұйымдастыратын адам болса, ауыл азамат­тарының қолынан да көп нәрсе ке­леді. Тұрғындар бір кісідей жұмылып, қаржы жинап, ауыл маңын­дағы тоғандарға каналдан су айдайтын мотор сатып алды. Мұның бәрі – ортақ игілік үшін, ауылдың малы мен жаны үшін қажет шаруа.

«Ауылымыздың абыройын асырып, елдің бірлігі мен тыныштығын басты орынға қоятын Нұртілек Ниетбай­ұлының еңбегіне ризамын. Ауылдың үлкені ретінде әрдайым батамды беріп жүремін», дейді Таңат ақсақал.

Батыс Қазақстан облысы 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 08:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see139

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see138

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see132

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see132

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see130

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see128

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see125

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see121

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see120

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see120

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see108

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see108

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see105

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see104

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

12 Қазан 2026 20:58see97

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

13 Қазан 2026 05:06see96

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

13 Қазан 2026 01:36see92

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

13 Қазан 2026 01:18see89

Түркістан облысында тікелей эфирде балағат сөз айтқан стриммер жауапқа тартылды

12 Қазан 2026 20:58see89
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары