Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Өзгерістер қажет : Ақ жол партиясы саяси бағдарламасын талқылады

Өзгерістер қажет : Ақ жол партиясы саяси бағдарламасын талқылады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Еліміздің жаңа Конституция халқымыздың тарихи сабақтастық, мемлекеттілік, егемендік, әділеттілік және прогресс секілді негізгі құндылықтарына сүйене отырып, Қазақстан дамуының жаңа дәуіріне жол ашады. Сондықтан Қазақстан бұл кезеңге мемлекеттік басқарудың түбегейлі жаңа үлгісімен және мүлде жаңа саяси институттармен қадам басып отыр. Бұл реформаларды қолдай отырып, біз «Ақ жол» партиясы олардың жүзеге асырылуы мақсат етті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

 Ұлы даланың мыңжылдық тарихымен, Алтын Орда дәстүрлерімен және «Мәңгілік ел»  тұжырымдамасымен еліміздің тарихи сабақтастығына сүйене отырып, «Ақ жол» демократиялық партиясы қазақ мемлекеттілігінің бастауын ежелден терең тарихи тамырларымыздан тарату керек деп санайды.

 «Ақ жол» демократиялық партиясы мемлекеттің зайырлы сипатын қолдайды әрі ел руханиятын экстремистік ағымдардан қорғауға ұмтылады. «Ақ жол» партиясы ұлттық мүддені қорғауды ұлттың өрлеуі мен өркендеуінің идеясы ретінде қарастырып, оны мемлекеттік құрылыс, экономика және қоғамдық өмірде ілгерілетуді жалғастыруды мақсат етті.

«Ақ жол» демократиялық партиясы сайлауалды үгіт-насихат науқанын ең әуелі еліміздің барлық 20 өңірлік филиалымен тікелей байланысқа шыққан телекөпірмен бастады. «Ақ жол» демократиялық партиясы өзінің сайлауалды үгіт-насихат науқанын ресми түрде бастады. Салтанатты іс-шара Алматы облысындағы «Tau-Asu» демалыс базасында өтіп, оған «Ақ жол» партиясының төрағасы Дания Еспаева, депутаттыққа кандидаттар, жастар қанатының өкілдері, белсенділер мен жақтастар қатысты.

Еліміздің барлық 20 өңірлік филиалымен тікелей байланысқа шыққан телекөпірде «Ақ жол»  партиясының төрағасы Дания Еспаева арнайы батырманы басып,  үгіт-насихат науқанының символикалық басталуына белгі берді.

Игі бастамада «Ақ жол» партиясының төрағасы Дания Мәдиқызы науқанның дәл осы Жастар форумы аясында басталуы «Ақ жолдың» ел болашағына баса мән беретіннің айқын дәлелі екенін атап өтті.

«Ақ жол»  партиясының төрағасының айтуынша, бұл сайлау — халықтық референдумда қабылданған жаңа Конституцияның нәтижесінде жүзеге асып отырған аса маңызды саяси оқиға.

– 25 жылдық тарихы бар «Ақ жол» партиясы Құрылтай сайлауына нақты өзгерістерді жүзеге асыру үшін қатысады. Біз егемендік пен ұлттық мүддені қорғауды, жемқорлықпен күресіп, заңсыз шығарылған қаржыны елге қайтаруды, шағын және орта бизнесті дамытуды және табиғи байлықтың игілігін халыққа бағыттауды көздейміз. «Ақ жол»  партиясының  бағдарламамызда жастар мен жас отбасыларды қолдауға ерекше орын берілген. Біз қолжетімді әлеуметтік баспана құрылысын көбейтуді және азаматтарды жалғыз баспанасынан айыруға заң жүзінде толық тыйым салуды талап етеміз! «Ақ жол» партиясының мақсаты — әділ сайлау және әрбір қазақстандық оң өзгерістерді сезінетіндей кәсіби жұмыс жасау», — деді «Ақ жол»  партиясының төрағасы Дания Еспаева.

Іс-шара аясында «Ақ жол»  партияның жастар қанатының жетекшілері мен Құрылтай депутаттығына кандидаттар да сөз сөйлеп, өз сайлауалды бағыттарымен бөлісті.

Ресми бөлім аяқталғаннан кейін «Ақ жол»  партиясының кандидаттары мен белсенділері Алматы қаласына барып, шаһар орталығында (Бөгенбай батыр мен Панфилов көшелерінің қиылысында) алғашқы үгіт-насихат акциясын өткізді. Онда тұрғындармен жүздесіп, үгіт насихат материалдарын таратты.

«Ақ жол» партиясының мүшелері бірлескен күш-жігермен ғана қуатты әрі әділетті Қазақстанды құруға болатынына сенімде. Соның бастамасы «Ақ жол» демократиялық партиясы бизнесті қолдауды мақсат етті. «Ақ жол»  партиясы Дания Еспаеваның сөзінше, партия осыдан 25 жыл бұрын бизнесті қолдау мақсатында құрылған және 2012 жылдан бері Парламент қабырғасында кәсіпкерлер мен халықтың мүддесін қорғап келеді.

Жиында «Ақ жол»  партиясының спикерлері елдегі өзгерістердің сөзсіздігіне тоқталып, мемлекет дамуының негізі – ұлттық мүддені қорғау екенін баса айтты.

– Жемқорлық, бюрократия және монополияны жоюдың басты құралы ретінде шынайы демократия, биліктің есептілігі мен құқықтық мәдениет аталды. Әлеуметтік бағытта «Ақ жол» сапалы білім, медицина, қолжетімді баспана және жұмыс орындарын ашу арқылы кедейлікті толық жоюды көздейді. Экономикалық блок шағын және орта бизнесті қолдауға негізделсе, сыртқы саясат ел мүддесін прагматикалық тұрғыда қорғауға бағытталуы тиіс, – деді «Ақ жол»  партиясының төрағасы Дания Еспаева.

 «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмысы бойынша бірқатар тақырыптар талқыға салды. «Ақ жол» партиясының мүшелері өз тарапынан кездесулерде экономикалық саясат, кәсіпкерлікті қолдау және өзге де өзекті мәселелер қозғалды.

«Ақ жол» демократиялық партиясының ұстанған ұстамы – Шынайы тәуелсіздік ұрандардан емес, әр адамның өмірінен бастау алады.

«Тәуелсіздік – тек ту мен әнұран емес. Бұл – өз болашағыңды айқындау құқығы мен ұлттық мүддені биік қоюы. Сондықтан «Ақ жол» партиясының табиғи байлықтың халық игілігіне жұмсалуы мен ұрланған қаражаттың елге қайтарылуы тиіс», – дейді «Ақ жол» партиясының төрағасы.

«Ақ жол» партиясы әр азаматтың өз қаражатының қалай жұмсалып жатқанын біліп, қаржы саясатының ашықтығы мен биліктің қоғамға нақты жауап беруі тиіс деп есептейді.

Оған қоса, «Ақ жол» партиясы кәсіпкерліктің еркін дамып, оған мемлекеттің қолдау көрсетуі тиіс. Отандық өндіріс күшейіп, халықтың әл-ауқатының артуы қажет. Осыған сай «Ақ жол» партиясы жас отбасылардың баспаналы болып, зейнеткерлердің ертеңге сеніммен қарап, әр азаматтың әділ әлеуметтік қолдауға қол жеткізуі тиіс санайды.

 «Ақ жол» партиясы «Жанұя» орталығының еңбек ұжымымен пікір алмасып, әлеуметтік  мәселелер бойынша түсіндіру жұмысы үзілмеді. «Ақ жол» партиясының өкілдері сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында Талдықорған қаласындағы «Жанұя» отбасын қолдау орталығының еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесуде Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидат, «Ақ жол» ҚДП Жетісу облыстық филиалының төрағасы Ермек Егінбаев «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.

Кездесу барысында еңбек ұжымы «Ақ жол» партиясының өкілдеріне өздерін толғандырған сауалдарын қойып, пікірлерімен бөлісті. Атап айтқанда, қатысушылар зейнеткерлік жасқа қатысты мәселелерді көтеріп, 50 жастан асқан азаматтарды жұмысқа орналастырудың қиындығына назар аударды.

Сонымен қатар «Ақ жол» партиясының өкілдері әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысының төмендігі, әлеуметтік ұйымдардағы жалақы мөлшерін арттыру қажеттігі жөнінде сұрақтар қойылды.

«Ақ жол» партиясының көтерген тағы бір мәселесі – тоқсаныншы жылдары бизнеспен айналысқан кәсіпкерлердің зейнетақысы дұрыс есептелуі.  Яғни, «Ақ жол» демпартиясы өңірлерде шағын және орта бизнес субъектілерімен өткізген кездесулер барысында: Уәкілетті мемлекеттік органдар назарға алатын бірқатар жүйелі мәселелерді анықтады.

«Ақ жол»  партиясының төрағасы Дания Еспаеваның айтуынша, оның ішіндегі өзектілерінің бірі: 1998-2011 жылдарғы жеке кәсіпкерлердің еңбек өтілін есепке алу тәртібі. Бұл жылдар Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қалыптасу кезеңімен тұспа-тұс келетіні.

– Осы жылдары арнаулы салық режимін қолданған жеке кәсіпкерлер, қолданыстағы салық және зейнетақы заңнамасының талаптарына сай, міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын емес әр тоқсан сайын төлеп отырды. Ал, бүгінгі күні зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтілі ай сайынғы қағидат бойынша ғана есепке алынып, салдарынан, кезінде тоқсан сайын төленген жарналар ай сайынғы еңбек өтілі ретінде танылмай, азаматтардың зейнетақы құқықтары негізсіз шектеліп отыр.

Мәселен, кездесу барысында келтірілген нақты мысалдардың бірінде: Азамат 30 жыл еңбек етіп, заңнамада көзделген барлық міндетті төлемдерді уақытылы аударған. Алайда, бүгінгі есептеу тәртібі бойынша оның еңбек өтілінің тек 14 жылы ғана есепке алынып, зейнетақысының мөлшері едәуір төмендеген, – деді «Ақ жол»  партиясының төрағасы Дания Еспаева.

«Ақ жол»  партиясының төрағасының айтуынша, қарастырылып отырған мәселе жекелеген азаматтарға ғана емес, жүйелі сипатқа ие. Сонымен қатар «Ақ жол»  партиясы нарықтық экономикаға көшу кезеңінде елдің салық және зейнетақы жүйесін қалыптастырып, экономиканы нығайтуға айтарлықтай үлес қосқан мыңдаған жеке кәсіпкерлерді қамтиды.

– Бүгінгі зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегін арттыру мәселесі талқыланып жатқан жағдайда, еңбек өтілі мен зейнетақы жарналарын есепке алудағы мұндай олқылықтар мыңдаған кәсіпкердің болашақ зейнетақысының нақтылығына алаңдаушылығын күшейтіп отыр. Мәселенің түп-төркіні азаматтардың заң талаптарын бұзуында емес, бұрынғы және қазіргі есепке алу тәсілдерінің айырмашылығында. Сондықтан мемлекет әкімшілендіру тәртібіндегі өзгерістердің теріс салдарын азаматтарға жүктемеуі тиіс деп есептейміз, – деді «Ақ жол»  партиясының төрағасы Дания Еспаева.

Осыған байланысты «Ақ жол»  партиясының ұстанымы белгіленді:

– заң талаптарына сәйкес төленген зейнетақы жарналары: Азаматтардың зейнетақы құқықтарын қалыптастыру кезінде толық көлемде ескерілуі тиіс;

– аталған құқықтық және реттеушілік алшақтықтар азаматтардың пайдасына шешілуі қажет;

– адал орындалған міндеттемелердің салдары әділ бағалануға тиіс.

«Ақжол» партиясы кіші және орта бизнестің мүдделерін қорғайтын партия ретінде келесіні ұсынады:

–  1998-2011 жылдары міндетті зейнетақы жарналарын заңға сәйкес тоқсан сайын төлеген азаматтарымыздың нақты саның анықтауды. Жеке кәсіпкерлердің еңбек өтілін есептеу кезінде тоқсан сайын төлеген міндетті зейнетақы жарналарын ай сайынғы есепке алу форматына баламалы түрде қайта есептеу мүмкіндігін қарауды сұраймыз. «Ақ жол» партиясы зейнетақы жүйесін әкімшілендірудегі құқықтық және әдіснамалық қайшылықтарды жоюға, сондай-ақ аталған санаттағы азаматтардың зейнетақы құқықтарын толық қалпына келтіруге бағытталған жүйелі шаралар әзірлеуді талап етуде, – деді «Ақжол» партиясының төрағасы.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының Жарлығымен 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияландғаны белгілі. Осыған байланысты «Ақ жол» партиясының Ұлттық тауарлар каталогын одан әрі дамыту барысында жасанды интеллект технологияларын пайдалану орынды.

«Ақжол» партиясының төрағасының айтуынша, мұндай құралдар тауар карточкаларының қайталануын автоматты түрде анықтауға, ұқсас тауарларды салыстыруға, сипаттамалар мен техникалық мәліметтердегі қателерді табуға және каталогтағы деректердің сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

– Бұл Ұлттық тауарлар каталогының тиімділігін арттырып қана қоймай, процестердің едәуір бөлігін автоматтандыру арқылы кәсіпкерлерге түсетін әкімшілік жүктемені едәуір азайтар еді,  – дейді «Ақжол» партиясының төрағасы Дания Еспаева.

«Ақ жол» партиясы биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап Ұлттық тауарлар каталогын шағын және орта бизнес субъектілері үшін міндетті түрде енгізгенге дейін Ұлттық тауарлар каталогының IT-жүйесіндегі анықталған кемшіліктерді жоюды; оны Электрондық шот-фактуралар және Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар жүйелерімен толық интеграциялауды; тауар карточкаларының қайталануын болдырмауды және барлық байланысты мемлекеттік ақпараттық жүйелердің дұрыс әрі тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуді; сондай-ақ адал бизнестің қызметіне кедергі келтіруге жол бермеуді сұрауда.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:55
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Тамыз 2026 23:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see136

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see135

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see134

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see133

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see133

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see132

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see124

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see124

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see122

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see120

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see119

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see119

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see118

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see118

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see117

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see116

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see112

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see111

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары