Өзі құрастырған ұшақ алғашқы ұшуда апатқа ұшырады
Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қайғылы оқиға Қазан қаласының маңында, Арск ауданындағы Қазанбаш ауылының жанында болған. Татарстан бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармасының мәліметінше, қолдан жасалған жеңіл моторлы ұшақ құлаған. Ұшақты басқарған пилот оқиға орнында қаза тапқан.
Ведомствоның дерегіне сәйкес, марқұм 57 жаста болған. Ол авиация әуесқойы ретінде ұшақты өз бетінше жобалап, құрастырған.
Қазір апаттың нақты себептері анықталып жатыр. Оқиғаға байланысты Татарстан көлік прокуратурасы тексеру жұмыстарын бастаған.
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төленді
РЕН ТВ мәліметінше, апатқа ұшыраған әуе кемесі ресми тіркеуден өтпеген. Жеңіл моторлы ұшақ Қазанбаш ауылындағы шағын жеке аэродромда құрастырылған.
Ұшақты тіркеу үшін жақын күндері арнайы комиссия келуі тиіс болған. Алайда оның келуін күтпеген әуе кемесінің авторы рұқсатсыз ұшуға шыққан. Соның салдары қайғылы оқиға соқтырып отыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:33
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Маусым 2026 12:13 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















