Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Озық технология оқушы игілігі

Озық технология оқушы игілігі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Мектеп жасында болса да әлі оқу ошағының табалдырығын аттамаған Айтұмар Сәрсенбек біз кірген сыныптың алдыңғы партасында отыр екен. Ол – газетіміздің 2025 жылғы 14 мамырдағы санына шыққан «Кедергісіз келешек кезек күттірмейді» атты мақаламыздағы кейіпкеріміз. Көзімізге оттай басылды. Бірақ ерекше бала бізге бас көтеріп қарай қоймады. Бар ынтасымен цифрлы партадан сырғыған саусағын алар емес. Сыныптың артқы жағында қызына мейірлене қарап тұрған анасы Гүлбану Әниятқызы айтқандай, әшейінде зейінін бір нәрсеге шоғырландырып, біраз уақыт партада өзін ұстап отыруға қиналатын Айтұмардың өзі тапжылмайды. Соған қарағанда, бұл сыныптың оқушыларға, соның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға да қолайлы екені рас сияқты.

– Қызымның диагнозына байланысты зейіні тұрақсыз. Бір жерде ұзақ отыру оған өте қиын. Бүгін біз бұл сыныпқа сағат он жарымда келдік, содан бері бір сағаттан астам уақыт өтті. Соған қарамастан, ол мұғалімнің айтқанын шамасы келгенше түсініп, басқа балалармен бірдей орындап отыр. Оған өте қызық болды. Тіпті әдейі сынап көру үшін «Кетеміз бе?» деп сұрағанымда кетпейтінін айтты. Маған ұнаған тағы бір нәрсе – ерекше балаларға арналған үш арнайы бағдарлама бар екен. Оның бірі есту қабілеті төмен балаларға, екіншісі көру қабілеті нашар балаларға арналған. Ал үшіншісі интеллект деңгейінің жеңіл бұзылыстары бар балаларға бейімделген. Менің қызымның диагнозына дәл осы үшінші бағдарлама сәйкес келеді. Яғни мұнда жеңілдетілген арнайы бағдарлама қарастырылған. Бұл – меніңше, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытуға тиімді, – деді Г.Әниятқызы.

Иә, Айтұмар әуелде цифрлық партаға бой үйретіп алды. Педа­гогика саласының ғалымдары, мұға­лімдер, ата-аналар мен журналис-тер жиналған соң, №99 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жанат Найманғазинова сабақты бастады. Кейіпкерімізден басқа тағы 2 оқушы қонақ болды, қалғаны – сол мектептің 3-сынып оқушылары. Олар демалыста жүрсе де, өздерінің цифрлық сыныбын көрсетуге белсене қатысты. Математика сабағында өткен тақырыптарды қайталады. Алдымен есеп бойынша өрнек құрастыруды мұқият еске түсіріп алған соң, мұғалім оқушыларға цифрлық тақтадан тапсырма берді. Балалар шама-шарқынша есеп шығарып, өрнек құрастырып, шешімін жарыса айтып жатты.

Оқушылардың партасы ғана емес, мұғалімнің үстелі де – цифр­лық технология. Балалардың тапсыр­маны қай деңгейде орындап отырғанын, кімге қандай көмек кере­гін көре алады. Цифрлық тақта­да тапсырмадан қиналған балаға жасанды интеллектіге негізделген «qamqor» деп аталатын көмекші жәрдем бере алады. Соны білетін балалардың біреуі «Qamqor-дан көмек сұрасаңшы» деп қалды. Бір уақытта мұғалім: «Смарт үстелім маған белгі беріп жатыр, кішкене шаршаған сияқтысыңдар, сергіту сәтін жасап алайық», деді. Сол сәтте оқушылардың бәрі орнынан тұрды. Оларға еріп қонақ балалар да түрегелді. Смарт тақтада жасанды интеллект жасаған оқушылар қатарлы анимациялық кейіпкерлер балаларға дене шынықтыру жатты­ғуларын жасатты. Айтұмар да, басқа қонақ балалар да оқушылар­дан қалыспай қайталап бақты. 5 минуттық сергіту сәтінен соң, балаларға шығармашылық тапсырма берді. Бірі смарт партада пианино тартуды таңдаса, екіншісі барабан соғуға кірісті, үшіншісі суреттерді бояй бастады. Осы кезде смарт тақта сабаққа қатысқан оқушылардың ұпайын кестеге тізіп шығарды. Мұғалім бұған көз ­майын тауысып, тексеріп отырмайды. Бағаларын білген балалар өздерінің қай қырын жетілдіруге болатынын түйіп алады.

Сабақтан соң мұғалімді сөзге тарттық. Бұл сыныпта жұмыс істе­ген 2 айдай уақыт ішінде оқушы­лардың білім сапасы шамамен 30 пайызға артқанын айтты. Оның ойынша, балалардың мектепке деген қызығушылығы мен сабаққа белсенділігі де едәуір өскен.

– Менің сыныбымда ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушы оқиды. Бұрын ол сабаққа бір күн келіп, бір күн келмейтін. Осы сыныпты жасақтағалы мектепке келуге ынталы. Тіпті сабақ басталмай тұрып, таңғы сағат жетіде мектепте отыратын жағдайға жетті. Келген бойда смарт партаның түрлі функцияларын пайдалануға кірісіп кетеді. Әсіресе 3D сурет салу мен музыкалық аспаптар бөлімі оған қатты ұнады. Бұрын сурет салғанда көбіне қара түстерді пайдаланатын, кейінгі кезде ашық, түрлі-түсті бояуларды қолдана бастады. Бұл оның эмоциялық күйіне де оң әсер етіп жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар өз деңгейіне сәйкес тапсырмаларды орындауға ынтасы артты. Ерекше баланың ғана емес, басқа балалардың да оқу үлгерімі жақсарды. Дегенмен біз дәстүрлі оқытудан бас тартқан жоқпыз. Сабақ барысында кәдімгі тақтаны пайдаланып, жазу, сызу жұмысын жүргіземіз. Ал смарт партаны шамамен 15 минут көлемінде қолданамыз. Бұл балаларға сабақты қызықты әрі тартымды форматта өткізуге мүмкіндік береді, – деді педагог Ж.Найманғазинова.

Иә, тақта, мұғалім үстелі, қалам, парта бәрі бірігіп, тұтас смарт сынып кешенін құрайды. Смарт жүйенің тағы бір ерекше­лігі – мұнда баланың психология­лық, физиологиялық жай-күйін бақылауға болады. Бақылау де­мекші, оқушы сабаққа қатысы жоқ сайттарға немесе басқа платформаларға кірмек болса, мұғалім бұғаттау функциясын қосып, оны шектей алады. Кей ата-аналар «Экран баланың көзіне зиян келтірмей ме?» деп алаңдауы мүмкін. Алайда жүйедегі арнайы функциялар баланың көзі талса, белгі береді. Айтпақшы, мұғалім ғана емес, ата-аналар да үйде отырып-ақ баласының тапсырма­ны қалай орындағанын, қанша ­пайыз нәтиже көрсеткенін, қанша рет түзегенін көре алады.

– Бұл технологияны пайдалану үшін арнайы оқытудан өттім. Бізге «Алматыкітап» баспасының мамандары мен «TopIQ» компаниясының қызметкерлері жүйемен жұмыс істеуді үйретті. Мұндай кешенді жүйе педагог уақытын үнемдейді. Бұрын үйге барып көптеген жұмысты қолмен тексеруге тура келетін. Қазір бағалау автоматты түрде жүзеге асады. Сонымен қатар сабақ соңында сауалнама мен тест өткізу арқылы оқушының материалды қаншалықты меңгергенін бірден анықтай аламын. Соның нәтижесінде кей жағдайда үй тап­сыр­масын берудің қажеті болмай­ды. Баламен негізгі жұмысты мектепте орындап үлгереміз. Осы тұрғы­дан алғанда смарт сынып оқушы­ға да, мұғалімге де, ата-анаға да тиімді шешім болып тұр, – деді мұғалім.

Мұндай сыныпты қаладағы, қатардағы мемлекеттік мектепке сыйға тартқан – «TopIQ» IT компаниясы мен «Алматыкітап» бас-пасы. Сыныптың құны – 40 млн теңге. «Алматыкітап» баспасының президенті Гауһар Саймасаева жобаны әзірлеуге екі жыл уақыт жұмсалғанын жеткізді.

– Біз жеті жылдан бері TopIQ.kz платформасын дамытып келеміз. Бағдарламалық платформаны өзіміз жасадық, ал техникалық жабдықтарды әзірлеуде Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы ірі технологиялық компаниялармен бірлесіп жұмыс істедік. Сондықтан бұл жобаны Қазақстандағы ғана емес, ТМД кеңістігіндегі алғашқы осындай смарт сыныптардың бірі деп толық айтуға болады. «TopIQ» IT компаниясымен бірлесіп жасаған смарт сыныптың басты мақсаты – оқушылар мен педагогтердің жаңа технологияларды тиімді пайдалануына мүмкіндік жасау арқылы олардың қызығушылығын арттыру. Қазір жоба әзірге осы мектептің бір сыныбында сынақтан өтіп жатыр. Болашақта бұл тәжірибе қалалық, ауылдық мектептерге де таралатынына сенеміз, – дейді Г.Саймасаева.

Енді смарт сыныпты жабдықтал­ғаннан бері сынап келе жатқан оқушылардың ойын білгіміз келіп балаларға көз тастасақ, кейіпкері­міз Айтұмар цифрлық партадағы электронды музыкалық аспаптарды айналшықтап шыққысы келмей жүр екен. Осыдан-ақ білімге құштарлық қарапайым мектеп пен партаға қызыға қараудан басталатынын бағамдағандаймыз. Орта білімге жасанды интеллектіні, жаңа технология мен игі инновация­ны енгізудің мәні осында жатқа­нын ұққандай болдық. Десек те әр жобаның жетілдіретін тұсы болуы әбден мүмкін. Бұл ретте әлбетте «Балалы үйде ұрлық жатпас» деген аталы сөзге тоқтап, осы смарт сыныптың оқушысы Дінмұхам­мед Қайраштың пікіріне құлақ түрдік.

– Кәдімгі сыныпта оқығанда тапсырманы әуелі дәптерге жазып, содан соң жұмысымызды апайға көрсетіп отыруымыз керек болады. Ал мынау смарт партада сабақтағы тапсырманы да, үй жұмысын да мұғалім бірден көре алады әрі мұғалімнің жауабы тез келеді, нәтижесін бірден көруге болады. Бірақ бәрібір мұғалімнің көмегі  керек. Егер тапсырмаларды тек электронды түрде орындасақ, ол жерде ешкім түсіндірмейді, тек тапсырманы орындау қажет. Ал мұғалім бүкіл сабақты түсіндіріп, бізге оқып-үйренуге, тапсырманы түсініп, дұрыс орндауға көмектеседі. Смарт партаның ішінде математика сияқты әртүрлі пәндерге арналған бағдарламалар бар. Сондай-ақ 3D сурет сала аласың. Ол кәдімгі қағаздың орнына жүреді. Мысалы, қағазға сурет салғанда өшіру кейде ыңғайсыз болса, мұнда суретті тез салып, тез өшіруге болады, – дейді оқушы.

Д.Қайраш ерекше білім беруді қажет ететін сыныптасын смарт сынып ашылғалы жиірек көретін болыпты. Өйткені бұрын ол негі­зінен үйден оқитын, ал қазір цифрлық сыныпқа қызығып, мектепке де, сабаққа да құлшынысы артқан көрінеді. Ең маңыздысы – мұғалімінің айтуынша, ерекше баланың да оқу үлгерімі жақсарған. Мұндай мүмкіндікте Айтұмардың да мектепке тезірек барып, оқуды жеңіл алып кетері, сол сияқты смарт сынып тағы қан­ша­ма ерекше баланың шырағын жағары сөзсіз. Десек те, жоба – бір мектеп­ке жомарттықпен тегін орнатқа­нымен, барлық мектепте жүзеге асырылуы үшін қомақты қаржы­ны қажет ететін қос жеке ұйым­ның коммерциялық өнімі. Жақын арада 4 млн-нан аса балаға смарт парта жасап беруге мемлекеттің қаржысы жете қоюы және белгісіз. Сондықтан бұған қоғам, қашанда елдің дамуына бейжай қарамай­тын меценаттар белсенділік таныт­қаны аса қажет-ақ. Әйтеуір әзір­ге оң нәтижеге жұмыс істеп тұр­ған бас­тама бар... Көңілге медеу сол ғана.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Маусым 2026 08:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see161

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see150

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see150

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see150

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see148

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see146

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see142

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see141

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see138

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see136

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see132

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see132

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see127

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see123

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see123

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see122

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see121

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары