Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Пәкістан мен Ауғанстан текетіресі Орта Азияда жаңа сын қатер туындатады сарапшы

Пәкістан мен Ауғанстан текетіресі Орта Азияда жаңа сын қатер туындатады сарапшы

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Тәжік саясаттанушысы, халықаралық қатынастар және Орта Азиядағы қауіпсіздік мәселелері бойынша сарапшы Шерали Ризоённың айтуынша, бүгінде Орта Азия өңірдің оңтүстік шекараларындағы жағдайға байланысты күрделі сын-қатерлерге тап болып отыр. 2021-2025 жылдар аралығында Орта Азия елдері Ауғанстанның қазіргі билігімен сындарлы қарым-қатынас орната білді. Соның арқасында көлік-транзиттік жобаларды жүзеге асыруда және өзара сауда көлемін арттыруда ауған билігінің қолдауына қол жеткізді. Талибан қозғалысының Орта Азиямен тіл табысуы да, аймақ елдерінің Ауғанстанмен байланыс орнатудағы жетістігі де — екі тараптың теңгерімді әрі мұқият жүргізілген дипломатиясының нәтижесі.

— Ауғанстандағы алдыңғы онжылдықтармен салыстырғанда анағұрлым тұрақты жағдайдың арқасында Орта Азия үшін айтарлықтай мүмкіндіктер ашылды. Бұл Ауғанстанның тұрақтылығы өңірдегі барлық ел үшін тиімді екенін көрсетті. Өйткені ол стратегиялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, — дейді сарапшы.

Ал Пәкістанның Ауғанстанға қарсы қазіргі әскери операциясына келсек, ресми түрде ол «Техрик-е Талибан Пәкістан» (ТТП) тобының базалары мен басшылығын жоюға бағытталған. Алайда саясаттанушының айтуынша, бұл операция тек осы ұйыммен күрес шеңберінен шығып кеткен. Елдің негізгі қалаларына да әуе соққылары жасалып жатыр.

Сарапшының сөзінше, соңғы жылдары Пәкістан мен Талибан қозғалысы арасында астыртын да, ашық та дұшпандық байқалды. Қос тараптың лауазымды тұлғалары бір-біріне қатысты ауыр мәлімдемелер жасады. Шекарадағы әскери бөлімдер де жиі-жиі қақтығысып қалатын. Екі жақ жаулық саясат жүргізгені үшін бірін-бірі ұдайы айыптаумен болды.

Сондай-ақ Шерали Ризоённың пікіріне жүгінсек, Ауғанстандағы саяси үдерістерді талдау нәтижесі соңғы жарты ғасырда елдегі көптеген маңызды өзгеріске Пәкістанның ықпалы зор екенін көрсетеді. Тіпті Талибан қозғалысының өзі Пәкістан саясатының жемісі екені жасырын емес. Ұйым Пәкістанда құрылды және Исламабадтан қолдау көріп отырды. Осылайша, Пәкістанның Ауғанстандағы стратегиялық мақсаттарына жетуі үшін құралына айналды.

— Кабулдегі немесе Кандагардағы билік элитасын өзгертуге ықпал ете алатын бірден-бір өңірлік держава Пәкістан екені сөзсіз. Бұл мәселеде ол екіжақты ойын жүргізіп отыр. Талибанмен де және оның соңғы уақытта белсенділігі артып келе жатқан саяси-әскери оппозициясымен де өзара байланыста әрекет етіп жатыр, — дейді Шерали Ризоён.

Оның көзқарасынша, бұрын, әсіресе 2021-2022 жылдарда Пәкістан Талибанның оң имиджін қалыптастыруға дипломатиялық тұрғыда күш салды. Қозғалыстың көрші ел астаналары мен халықаралық аренада мойындалуына атсалысты. Дегенмен, қазір керісінше үрдіс байқалады.

— Бұл жағдай Ауғанстандағы оқиғалардың даму барысына қатысты болжамдар әлсіз екенін тағы да дәлелдейді. Елдегі жағдай кез-келген сценариймен өрбуі мүмкін. Тіпті, ешкімнің ойына келмеген жайттар болуы ықтимал, — дейді сарапшы.

Ол Орта Азия үшін бірқатар сын-қатерді атап өтті.

Біріншіден, соңғы төрт жылда аймақ елдерінде Ауғанстандағы жағдайға қатысты өзіндік көзқарас қалыптасты. Олар Талибанға әлеуетті конструктивті серіктес ретінде қарайтын болды. Мұны оң өзгеріс деп бағалауға болады. Себебі бұрын бірқатар мемлекет ауған мәселесін негізінен сыртқы ойыншылардың мүдделері тұрғысынан қарастыратын. Дегенмен, бұл өзгерістің кері әсері де бар. Кей елдердің сарапшылары шынайы өмірдегі жайттарды елемейтін болды. Мәселенің жақсы жағын ғана көріп, ал сын-қатерлерге мән бермеу үрдісі белең алды. Салдарынан, Пәкістан мен Ауғанстан арасында қарулы қақтығыс басталғанда, сарапшылардың пікірі екіге бөлінді. Біреулер пессимизмге бой алдырып, «көпвекторлы саясат аяқталды» десе, өзгелер оптимизді сақтап, жағымсыз жағдайларды ескермейді. Осындай тым біржақты пікірлердің өзі Орта Азияға сын-қатер болып отыр.

Екіншіден, АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы Пәкістан мен Ауғанстан текетіресін екінші кезекке ысырып қойды. Мұндай жағдайда Исламабад әлем назары басқа жаққа ауғанын пайдаланып, Ауғанстандағы стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруға тырысады. Кабул билігіне қысым көрсету және келіссөздердегі позициясын күшейту үшін Пәкістан тарапы Талибан билігін ауыстыру мүмкін екенін қатаң ескертті. Егер қақтығыс қарқыны осылай жалғаса берсе, қозғалыстың соңғы төрт жылдағы әлеуметтік-экономикалық жетістіктері көкке ұшуы мүмкін. Елде гуманитарлық дағдарыс және азық-түлік пен ең қажетті тауарлардың тапшылығы туындау қаупі бар. Ал ұрыс іс-қимылдары бәсең қарқынмен жүрсе, онда Пәкістан Талибанның әлеуетін, қару-жарақ қоры мен жалпы ресурстарын біртіндеп сарқу стратегиясын таңдағанын көрсетеді.

Басқаша айтқанда, Пәкістан қозғалысты өз талаптарын қабылдауға мәжбүр етуге тырысып жатыр. Талибан да барынша «тал қармап» бағуда. Пәкістанды Ауғанстанның тәуелсіздігіне қол сұқты деп көрсетуге тырысып келеді. Бірақ халық мұны әлі толыққанды қолдап отырған жоқ.

Қозғалыстың билігі түбегейлі ауыстырылуы екіталай. Әйтсе де, бұл сценарийді жоққа шығаруға да болмайды. Шамасы, ұрыс қимылдары қазіргідей жалғаса беретін шығар. Талибанның партизандық соғыс жүргізуде тәжірибесі мол. Жағдайдың күрт шиеленісуіне сыртқы ойыншылар мүдделі емес. Түркия немесе Парсы шығанағындағы араб елдері 2025 жылдың қазан айындағыдай арағайындық етуі де әбден мүмкін.

Үшіншіден, Орта Азия елдері 30 жылдан астам уақыттан бері Ауғанстан жақтан төнетін қатерлерге иммунитет қалыптастырып, Ауғанстанның тұрақсыздығы жағдайында да өмір сүруге дағдыланды. Сондықтан аймақтағы елдер Талибан үшін де, олардың орнына басқа билік орнаған жағдайда да жақсы серіктес болып қала береді. Ары қарай жағдай қалай өрбісе де, Орта Азияның стратегиялық жобалары маңызын сақтайды. Себебі ауған билігі үшін олар сыртқы легитимділіктің маңызды факторы. 2021 жылы тамызда Талибанның билікке келгеннен кейін Орта Азия елдерімен жақсы қарым-қатынас орнатуы осы логиканың дұрыстығын дәлелдейді.

Қорыта айтқанда, тәжік саясаттанушысының пікірінше, алдағы уақытта Ауғанстанда не болса да, Орта Азияға қарым-қатынасы қазіргідей қала береді.

Айта кетейік бұған дейін Ауғанстан мен Пәкістан Рамазан айының аяқталуына байланысты уақытша бітім жариялағанын жазғанбыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Наурыз 2026 20:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see116

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see116

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see115

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see114

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see112

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see112

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see112

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see111

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see111

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see111

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see109

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see109

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see108

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see108

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see108

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары