Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Климаттық сын қатер экономиканың жаңа драйверіне айналады сарапшы

Климаттық сын қатер экономиканың жаңа драйверіне айналады сарапшы

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бұл туралы Корея Республикасы Сыртқы істер министрлігінің саясат жөніндегі кеңесшісі, 2007 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Рэ Квон Чуң JJ Studio алаңына берген сұхбатында тарқатып айтты.

— Өңірлік экологиялық саммиттен қандай үміт күтесіз? Оның маңызы неде деп ойлайсыз?

— Бұл саммиттен үлкен үміт күтемін. Себебі Орталық Азия тарихында алғаш рет мемлекет басшылары саммит деңгейінде бас қосып, экология мен климат мәселелері бойынша бірлескен іс-қимылға бағытталған өңірлік ынтымақтастыққа келіспек.

Бұл — Орталық Азия елдерінің болашағы үшін аса маңызды, өйткені климаттың әсері барған сайын күшейіп келеді. Сондықтан бұл — тарихи маңызы зор сәт. Мен Қазақстан Үкіметінің көшбасшылық рөлін жоғары бағалаймын.

— Сіз «жасыл өсім» концепциясының авторысыз. Орталық Азия елдері бұл идеяны қалай пайдалана алады? Өздеріңіз білесіздер, бұл аймақ елдері көбіне мұнайға тәуелді, су ресурстары да шектеулі. Осындай жағдайда бұл тұжырымдаманы қалай қолдануға болады деп ойлайсыз?

— Мен «жасыл экономикалық өсім» идеясын 2005 жылдан бастап, Бангкоктағы БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхиты өңіріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы аясында ұсындым. Негізгі ұстанымым — климаттық дағдарысты қауіп емес, мүмкіндік ретінде қарастыру. Себебі дұрыс саясат жүргізілсе, кез келген дағдарысты экономикалық өсім мен жаңа жұмыс орындарын ашудың көзіне айналдыруға болады. Көпшілік экологияны экономикаға салмақ деп қабылдайды. Алайда шын мәнінде бұл — инвестиция, жаңа нарық пен өндіріс үшін үлкен мүмкіндік. Қазір дәстүрлі салаларда өсім шектеулі, ал экология мен климат — жаңа бағыт, жаңа даму нүктесі. Сондықтан «жасыл өсім» — экономиканың жаңа драйверіне айнала алады. Бірақ оны жүзеге асыру үшін жаңа тәсіл мен жаңа ойлау жүйесі қажет.

— Демек «жасыл өсім» қағидатын ұстансақ, экономикалық әлеуеттен айырылып қаламыз деген қорқыныш негізсіз ғой?

— «Жасыл өсім» моделін жүзеге асыру үшін ең алдымен мемлекеттік деңгейдегі көшбасшылық қажет. Өйткені қысқа мерзімде бұл сала үлкен пайда әкелмейді, сондықтан инвестиция тартуда үкіметтің рөлі шешуші. Ал ұзақ мерзімде экология мен климат саласы экономикалық өсімнің жаңа драйверіне айнала алады. Мұның айқын мысалы — Қытай: мемлекет қолдауының арқасында ол климаттық технологиялар бойынша әлемдік көшбасшыға айналды. Ал Орталық Азия елдері үшін бірлескен әрекет аса маңызды. Жеке-жеке қимылдау жеткіліксіз, өңірлік ынтымақтастық қажет. Сонымен қатар мемлекеттік саясаттың өзі жеткіліксіз. Жасыл экономиканы дамыту үшін бизнес пен қоғам белсенді қатысуы керек. Негізгі рөл — тұтынушыларда: егер олар экологиялық таза өнімдерді таңдаса, нарық та соған бейімделеді. Осыған байланысты «бәрі өзіңнен басталады» қағидасы маңызды. Әр адам сырттай бақылаушы болмай, жауапкершілікті бөлісуі тиіс. Экологиялық таза өнім қымбатырақ болса да, саналы түрде соны таңдауға дайын болу қажет. Қорытындылай айтқанда, үкімет, бизнес және қоғам бірлесіп әрекет еткенде ғана жасыл экономика тиімді дамиды.

— Ал қарашада өтетін БҰҰ-ның климат жөніндегі конференциясының маңызы неде?

— Мен бұл конференцияларға 1995 жылдан бері қатысып келемін. Бірақ бүгінгі тәсілдің шектеулі екенін көріп отырмыз: негізгі назар үкіметтер белгілейтін мақсаттарға ғана аударылады, ал бизнес пен қоғам бұл үдерістен көбіне тыс қалып қояды. Соның салдарынан нақты нәтиже әлсіз — көмірқышқыл газы азаймай отыр, ал мақсат пен іс-қимыл сәйкес келмейді. Сондықтан тек жоғарыдан басқарылатын тәсіл жеткіліксіз. Бізге бизнес пен азаматтар белсенді араласатын жаңа модель қажет. Сонымен қатар баға саясатын өзгерту маңызды: қазір көмір сияқты қазба отындары арзан болғандықтан, тұтыну жалғаса береді. Егер өзгеріс керек болса, бағаға әсер етіп, көміртек салығын кезең-кезеңімен енгізу қажет. Тағы бір маңызды үрдіс — көміртексіз өнімдерге жоғары баға төлеуге дайын тұтынушылар саны артып келеді. Бұл бизнес үшін үлкен мүмкіндік. Сондықтан жасыл энергия мен қазба отындарының бағасын нақты ажырату қажет.

— Бұл идеяны Қазақстанда тиімді жүзеге асыру мүмкін бе?

— Иә, мәселе — баға айырмашылығында. Жасыл энергия қымбатырақ болуы мүмкін, бірақ 5-10% тұтынушы оны таңдауға дайын. Бұл — бизнес үшін де үлкен мүмкіндік. Сонымен қатар көпшілік ойлағандай, жаңа технология міндетті емес. Қажетті шешімдер қазірдің өзінде бар. Мәселе — олардың нарықта қабылдануында.

— Көмір мен мұнайға тәуелді Қазақстан үшін бұл қаншалықты жарамды?

— Мен Қазақстан университеттерінде жиі дәріс оқимын. Студенттердің көбі экологиялық таза өнімдерді, тіпті қымбатырақ болса да, таңдауға дайын екенін айтады. Мысалы, Coca-Cola өнімін көміртексіз етіп, сәл қымбаттатса, оны сатып алуға дайын екенін білдіргендер көп. Бұл — «бәрі өзіңнен басталады» қағидасының көрінісі. Жас буын дайын, енді соны қолдау қажет. Сондықтан энергия бағасын саралап белгілеу керек: жасыл энергия қымбатырақ, қазба отыны арзанырақ болуы мүмкін. Таңдау тұтынушыда қалады. Бірақ экологиялық таза энергияны таңдауға дайын адамдар саны артып келеді — бұл үлкен мүмкіндік.

Айта кетейік, Әзербайжан Премьер-министрі Әли Асадов Қазақстанның бастамасымен БҰҰ құрамында Халықаралық су ұйымын құру ұсынысын қолдайтынын мәлімдеді. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Сәуір 2026 19:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары