Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Қаржы нарығы: сын қатер мен мүмкіндік

Қаржы нарығы: сын қатер мен мүмкіндік

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қаржыгерлер конгресі макроэкономикалық саясат пен қаржы саласындағы ең өзекті мәселелерді талқылайтын басты диалог алаңына айналды. Осымен он үшінші рет өтіп жатқан конгрес қатысушылары қаржы секторын ырықтандыру мен оның экономикалық өсімге тигізетін әсері жөнінде пікір алмасты.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жаһандық экономикалық жүйенің бір бөлігі ретінде жаңа өзге­рістерге бейімделуіміз қажет екеніне тоқталып, қаржы нарығындағы жағдайды шолып өтті. Биылғы басты тақырып инфляция екенін айтқан баян­дамашы оның өте жоғары деңгейде екенін жасырмады.

– Бұл шынымен де басты мәселе. Бір жағынан, инфляцияны тудыратын көптеген сыртқы факторлар біз­дің бақылауымыздан тыс. Екінші жағы­нан, кейбір факторлар өзіміздің қабыл­даған шешімдерге байланысты. Осы шешімдерді дәл қазір қабылдау қажет болды, – дейді Т.Сүлейменов.

Бас банк төрағасының айтуынша, жоғары инфляцияға сыртқы және ішкі факторлар ықпал етіп отыр. Кейінгі жылдары Ұлттық қордан көп ақша алынғаны да оның назарынан тыс қалған жоқ. Т.Сүлейменов осы ретте салық-бюд­жет саясаты инфляцияның төмендеуі­не ықпал етеді деп үміттенетінін жеткізді.

– Еліміздің бюджет тапшылығы 2,5-2,7%-дан 0,9%-ға дейін қысқарып, ал Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт 5,5 трлн теңгеден 2,8 трлн теңгеге азаюға тиіс. Бұл – фискалдық тұрақтылықты арттыруға бағытталған негізгі өзгерістер, – деп атап өтті ол.

Содан кейінгі біз жауабын күткен екінші мәселе – несие пайызы еді. Апта басында ғана Мәжілісте тұтыну кредиттері бойынша шекті жылдық тиімді мөлшерлемені 46%-дан 40%-ға дейін төмендету қажеттігін қарастыратынын мәлімдеген Ұлттық банк басшысы қаржыгерлердің конгресінде тұтыну кредиттері бойынша мөлшерлемелерді төмендету туралы соңғы шешім әлі қабылданбағанын айтты.

Т.Сүлейменовтің айтуынша, орта және ұзақмерзімді кезеңде ақша-кредит саясаты бейтарап сипатқа ие болуға тиіс. Яғни ол экономикалық өсімге де, оны тежеуге де тікелей бағытталмайды, басты мақсат – макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау. Бұл тұрғыда инфляцияны төмендету негізгі басымдық болып қала бермек.

ХIII конгресте сарапшылар қаржы дипломатия­сының заңдылығын барынша сақтауға тырысса да бір-бірімен қайшыласқан пікірлер сырт көзге анық байқалып тұрды. Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов мұнай-химия, газ-химия, полиэтилен сияқты жүйелі салаларда мемлекеттік кредит беру қажет екенін, онда отандық өнімнің көршілес мемлекеттермен табыс­ты бәсекелестігі үшін миллиардтаған доллар қажет екенін атап өтті. Бұл ретте Ұлттық банк басшысы мемлекеттің араласуын шектеу және жеке инвесторлар бюджеттік қолдаусыз жұмыс істей алатын нарықты алмастырмау қажеттігін атап өтті. Ол жобаларды іріктеудің ашық критерий­лерін, сондай-ақ жеке капиталдың қатысуымен синдикатталған несиелеуді жақтады.

«Халық банкінің» басшысы Үміт Шаяхметова іс-шарада мемлекеттік несиелендірудің өсу қарқыны жеке секторды банктік несиелендірудің өсуінен екі есе асып түсетінін атап өтті. Оның айтуынша, квазимемлекеттік компаниялар коммерциялық несиелендіруге шығып, мемлекеттік қаражаттың арқасында төмен мөлшерлемелер ұсыну мүмкіндігі есебінен бәсекелес емес жағдайлар жасайды. Ү.Шаяхметованың есептеуінше, нәтижесінде квазимемлекеттік компа­ниялардың сыртқы және ішкі қарызы 25 млрд долларға жеткен.

Ресей Орталық банкінің төрағасы Эльвира Набиуллина форумның пленарлы сессиясында орталық банктердің инфляциямен күрестегі қателіктері туралы баяндады. Оның айтуынша, өткен жылы өз елі де біраз кемшілік жіберіп алған.

– Егер сұраныс пен ұсыныс тепе-теңсіздікте тұрған сәтке жол берсе, инфляция жылдамдатылуы мүмкін. Сондықтан Орталық банк осындай жағдайда әрекет етуге міндетті, – деді ол.

Сонымен қатар Э.Набиуллина кейінгі жылдардағы инвестициялық құрылымның өзгеруі, атап айтқанда, автоматтандыру, өнімділіктің өсуі әлеуетті өсу қарқынын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.«Біз бұрын ұзақмерзімді өсімді 1,5-2% деп бағалаған едік, бірақ қазір оны арттыруы мүмкін инвестициялардың қуатты көлемін көріп отырмыз. Біздің міндетіміз – үкіметпен бірге өсімнің теңгерімді қарқынын, макроорнықтылықты және төмен инфляцияны қамтамасыз ету», дейді ол.

Алматы 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қараша 2025 11:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see135

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see135

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see127

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see122

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see122

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see122

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see121

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see120

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see120

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары