Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ақтөбелік жігіт сайлау учаскесінің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 100 ге жуық ана дауыс берді

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

Алматыда сайлау учаскелері маңында азық түлік пен мектеп құралдары сатылады

Президент кімдерді біздің заманымыздың нағыз кейіпкерлері санайтынын айтты

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды: 24 тамыз 15:04 жаңалықтар

Бас прокуратура: Сайлау кезінде жеті азаматқа айыппұл салынды

Жасанды интеллекті өшіріп тастайтын kill switch қажет

Президент халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы сертификатын табыстады

Смартфон TikTok қа телміретін құрал емес : Президент цифрландырудың пайдасы туралы айтты

Қаржы нарығы: доллар бағамы қандай болмақ?

Қаржы нарығы: доллар бағамы қандай болмақ?

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Ресми күнтізбеміз жаңарған тұста, өткенді таразылап, алдағы жылға жос­пар құру бұрыннан әдетіміз. Биыл қаржы нарығында қандай өзгеріс болатыны сала мамандарына ғана емес, қарапайым халыққа да маңызды. Әсіресе валюта бағамына елеңдейтіндер аз емес. Сарапшылар пікіріне жүгінсек, жылқы жылында төл теңгемізге қатысты нақты бір болжам жасау қиын. Өйткені доллардың бағамы бір ғана факторға емес, бірнеше ішкі-сыртқы жағдайларға тәуелді болмақ.

Зерттеулер не дейді?

Еура­зиялық даму банкі 2026 жылы дол­лардың орташа бағамы шамамен 535 теңге болады деп болжап отыр. Жыл бойы осы деңгейдің айналасында сақталуы да мүмкін. Мамандардың айтуынша, теңгенің тағдыры ел ішіндегі шешімдерден гөрі сырттағы жағдайға көбірек байланысты. Банк есебіне сүйенсек, 2026 жылы ел экономикасы 5,5%-ға өседі. Бұл өсімнің негізгі тірегі мұнай болып қала береді. Мұнай өндіру көлемі 3% артады.

«Экономикада өсім болғанымен, баға мәселесі бірден шешілейді. Дегенмен инфляция біртіндеп бәсеңдейді деген үміт бар. 2026 жылдың соңына қарай инфляция 9,7% деңгейіне дейін төмендеуі мүмкін. Бірақ бұл үдеріс баяу жүреді, бір айда немесе бір тоқсанда бәрі өзгеріп кетпейді. Мұның басты себебі – Ұлттық банктің қатаң ұстанымы. Қазір базалық мөлшерлемені жоғары деңгейде ұстап отыр әрі бұл саясат биыл екінші тоқсанның басына дейін өзгермеуі мүмкін. Егер инфляция шынымен тұрақты түрде төмендей бастаса ғана, мөлшерлемені азайтуға жол ашылады. Биылғы жылдың соңына қарай базалық мөлшерлеме шамамен 14% деңгейіне түсуі мүмкін. Бірақ бұл – нақты кепіл емес, жағдайға қарай қабылданатын шешім», делінген зерттеуде.

Қатаң ақша несие саясаты теңгеге де әсер етіп отыр. Дәл осы жоғары пайыздық мөлшерлемелер теңгенің күрт әлсіреп кетуіне жол бермей тұр. Яғни теңге әлсіз де емес, бірақ толық қауіпсіз де емес. Тәуекелдер бар. Сарапшылар теңгеге қысым жасайтын негізгі екі факторды атап өтеді. Бірі – мұнай бағасының төмендеуі. Екіншісі – Ұлттық қордан бөлінетін трансферттердің қысқаруы. Егер осы екі бағытта қолайсыз жағдай болса, валюталық нарықта қысым күшеюі мүмкін. Сонымен қатар теңгені ұстап тұратын жағымды факторлар да жеткілікті. Мұнай экспорты көлемінің артуы және жоғары деңгейде тұрған пайыздық мөлшерлемелер ұлттық валютаға белгілі бір деңгейде қолдау көрсетіп отыр.

Ал шетелдік сарапшылардың пікірі сәл өзгеше. «Bank of America» мамандары инфляция 2026 жылғы қаңтарда ең жоғары шегіне жетуі мүмкін деп есептейді. Олардың болжамынша, сол кезде инфляция шамамен 15% болады.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы жасаған талдау басқаша сөйлейді. Олар биыл доллар бағамы 553,6 теңгеге дейін жетеді дейді. Бұл қазіргі деңгейден шамамен 5,9%-ға жоғары. Қаржыгерлер мұның басты себебі ретінде инфляцияны атап отыр. Баға өсімі бір жылда басылып қалмайды, инфляция 2 жыл қатарынан жоғары деңгейде қалады. Ал инфляция жоғары болса, теңге әлсірей бастайды. Бұл – қарапайым заңдылық.

Бірақ былтыр теңгені қатты құлатып алмауға мүмкіндік болған. Бұған дейін ұлттық валюта 15,5% әлсірегенімен, жағ­дай толық ушығып кеткен жоқ. Себебі база­лық мөлшерлеме жоғары деңгейде тұрды, Ұлттық банк валюталық сатылымдар жасады, ал экспорттан елге ва­люта түсіп отырды. Осы факторлар тең­гені уақытша ұстап тұрды. Алайда Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы бұл қолдау ұзаққа созылмайтынын ескер­теді. Ал 2026 жылы теңгеге түсетін қысым күшейеді. Бұған Ұлттық қордан бөлі­не­тін трансферттердің қысқаруы, ірі инвес­тициялық жобаларға байланысты импорттың өсуі және экспорттан түсетін валю­талық табыстың азаюы әсер етеді. Мұндай жағдайда валюталық нарықтағы тепе-теңдік әлсірейді.

«Доллар сатып алмас едім»

«Ақшаны долларға айырбастаймыз ба, әлде теңгемен депозитке саламыз ба?» деген сұрақ көпшілікті мазалайтыны анық. «Freedom Holding Corp» негізін қалаушы Тимур Турловтың айтуынша, доллар сатып алуға асықпаған дұрыс.

«Менің ойымша, 2026 жылы теңге, керісінше, мықты болады. Тіпті жылдың бір кезеңінде 500-ден де төмен болуы мүмкін. Бірақ тым мықты теңге де экономика үшін жақсы емес. Ұлттық банктің алтын валюта резервтерін арттыруға мүмкіндігі бар. Ол резервтер алтын есебінен ғана емес, валюта есебінен де өсіп отыр. Теңгенің нығаюы инфляция­ны төмендетуге де көмектеседі. Себебі доллар сатқан кезде нарықтан теңге алынады, ал бұл ұлттық валютадағы ақша массасын азайтады. Бұл – дұрыс бағыт. Сондықтан қазір доллар сатып алмас едім. Керісінше теңгемен жоғары табыс­ты депозиттерді ашар едім. Мемлекеттік бағалы қағаздарды, корпоративтік облигацияларды алар едім. Бұл доллар алудан гөрі көбірек табыс әкеледі», дейді ол.

Қаржыгер әрі практик инвестор Тұрар Әбдінің айтуынша, «долларды қазір аламын ба?» деген ойдың өзі дұрыс емес. Себебі валюта бағамы бірде жоғарылайды, бірде төмендейді. Ал дәл түбін немесе шыңын табамын деу көбіне жүйкені жұқартып, ақшадан айырады.

«Қазір доллар шамамен 520 теңге маңында тұр. Көктем мен жазда 550 теңгеге жақындады, кейін қайтадан 518–520 аралығына түсті. Осындай кезде бәрі «Қазір алайын ба, әлде тағы төмендей ме, күтейін бе?» деген ойда жүреді. Ал кейбірі 2026 жылы доллар қатты өседі дейді. Мұның бәрі құр алаң мен болжау ойыны ғана. Ондай ойынға сенудің қажеті жоқ. Теңге қысқа қашықтыққа жүгіретін спринтер секілді. Яғни уақытша күшеюі мүмкін, бірақ ұзақ марафонда доллардан оза алмайды. Мұның себебі ел экономикасының құрылымында жатыр. Еліміз импортқа қатты тәуелді», дейді ол.

Егер 90-жылдардың соңынан бастап курс кестесіне көз жүгіртсеңіз, бір заңды­лық­ты аңғарасыз: ұзақ мерзімде доллар теңгеге қатысты үнемі өсіп отырған. Бұл қастандық та емес, біреудің теріс пи­ғы­лы да емес, бұл ел экономикасының ло­гикасы. Доллар қымбаттаған сайын мемлекет сол экспорттан түскен валютаны сатқанда көбірек теңге алады. Ал теңгемен жалақы, әлеуметтік төлем, инфра­құрылым қаржыландырылады. Сон­дықтан ұзақ жылдар бойы теңге күшейіп кетеді деп күту шындыққа жанас­пайды. Қысқа мерзімде күшеюі мүмкін, бірақ негізгі бағыт өзгермейді.

Өз тәжірибесіне келсек, қаржыгер курс­ты емес, уақытты басшылыққа алатынын айтады. Яғни ақшаны мақсат пен мерзімге қарай бөледі.

«Бір жылға дейін керек ақша тек теңгеде жатуы керек. Онымен валюталық ойын ойнауға болмайды. Қазір банктерде жоғары пайыз бар. Қарапайым депозиттерде шамамен 16,8% жылдық, жинақ депозиттерінде 20% дейін береді. Оған қосымша бонус, кешбэк бар. Мысалы, депозитте 1 млн теңгеден асса, карта деңгейі өседі, 7% дейін кешбэк алуға болады. Егер ақша 1 жылдан артық уақытқа қажет болмаса, онда мақсат табыс табу емес, құнсызданудан қорғау болуы керек. Мұндай жағдайда ақшаның бір бөлігін доллар депозитте, бір бөлігін долларлық облигацияларда ұстаған абзал. Бұл тез байып кету үшін емес, тек теңгенің құнын жоғалтпау үшін», дейді Т.Әбді.

Бағалы валютаның әлсіреуі

Байқағанымыздай, доллардың бағыты туралы болжам көп, бірақ теңгенің болашағына қатысты алаң да аз емес. Қаржыгер Расул Рысмамбетовтің айтуынша, мәселе тек валюта бағамында емес. Әңгіме – экономиканың ішкі құрылымында.

Оның сөзінше, ұлттық валюта әлсірей береді. Ел нақты әртараптандыруға көшпейінше, теңгені ұзақ мерзімге нығайту мүмкін емес.

«Қазір доллардың курсы әлсіздеу болып тұр. Себебі Д.Трамп Федералды резерв жүйесінің мөлшерлемесін төмендеткісі келеді. Бұл доллардың әлем бойынша әлсіреуіне әкеледі. Яғни адамдар доллардағы активтер мен бағалы қағаздарға көбірек ақша сала бастайды. Бірақ соған қарамастан теңге долларға қатысты әлсірей береді. Өйткені еліміз шикізат экономикасы болып қалып отыр», деді экономист.

Айтуынша, нақты курсқа қатысты дәл болжам айту мүмкін емес. Себебі бәрі мұнай бағасына тікелей байланысты. Егер мұнай бағасы барреліне 100 долларға дейін көтерілсе, теңге күшеюі мүмкін. Ал мұнай арзандаса, теңге әлсірейді. Қаржыгер қазіргі экономикалық модель теңгені тұрақты түрде нығайтуға мүмкіндік бермейтінін айтып отыр.

«Біз мұнайды емес, пластмасса немесе дайын мұнай өнімдерін сатсақ, табыс әлдеқайда көп болар еді. Қазір біз тек шикізатты экспорттаймыз да, қосылған құннан айырылып отырмыз. Елге ресурс­тарды өңдеудің адал әрі ашық жүйесі қажет. Сонымен қатар делдалдардың қызметін толық аудиттен өткізу керек. Ресурстарды қайта өңдеу саласында ашықтық болуға тиіс. Делдалдар айырмадан пайда тауып отыр. Бұл экономикаға күш қоспайды. Теңге курсы ел экономикасының доллар, рубль және юаньға қатысты күшін көрсетеді. Сондықтан экономиканың өзін күшейту керек. Ол үшін қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп дамуы қажет. Мұнсыз Ұлттық банктің ешқандай интервенциясы көмектеспейді», деді Р.Рысмамбетов.

Соңғы жаңалықтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:30

Стоматология жұмысын жүйелеген

Жоба • Бүгін, 08:25

Жұртшылықпен орайлы кездесу бастады

Саясат • Бүгін, 08:22

Есеп. Естелік. Ереже

Ғылым • Бүгін, 08:20

Тың бағдарлама іске қосылды

Digital • Бүгін, 08:18

Ғалымын қолдаған ел озады

Ғылым • Бүгін, 08:15

Жеңімпаз стартап жобалар

Digital • Бүгін, 08:12

Тектінің тұяғы

Руханият • Бүгін, 08:10

Бакуден басталған үн

Тарих • Бүгін, 08:07

Тұрақты өркендеудің үлгісіне айналған өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Математиктің рухани беделі

Қоғам • Бүгін, 08:03

Театрдағы тапқырлық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жансебіл жазушы

Руханият • Бүгін, 07:55

Картинадағы тағдыр

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Ең қымбат жарнама

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қаңтар 2026 08:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ақтөбелік жігіт сайлау учаскесінің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады

23 Тамыз 2026 19:54see129

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

23 Тамыз 2026 15:55see121

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

23 Тамыз 2026 15:35see117

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

23 Тамыз 2026 09:43see116

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

24 Тамыз 2026 09:52see115

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

23 Тамыз 2026 08:31see115

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

23 Тамыз 2026 13:26see115

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

23 Тамыз 2026 19:07see113

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

23 Тамыз 2026 13:47see113

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

23 Тамыз 2026 15:35see113

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

23 Тамыз 2026 13:13see112

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 100 ге жуық ана дауыс берді

23 Тамыз 2026 09:44see112

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

23 Тамыз 2026 13:26see112

Алматыда сайлау учаскелері маңында азық түлік пен мектеп құралдары сатылады

23 Тамыз 2026 07:16see111

Президент кімдерді біздің заманымыздың нағыз кейіпкерлері санайтынын айтты

24 Тамыз 2026 14:41see111

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды: 24 тамыз 15:04 жаңалықтар

24 Тамыз 2026 15:09see111

Бас прокуратура: Сайлау кезінде жеті азаматқа айыппұл салынды

23 Тамыз 2026 22:10see110

Жасанды интеллекті өшіріп тастайтын kill switch қажет

24 Тамыз 2026 10:24see109

Президент халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы сертификатын табыстады

24 Тамыз 2026 14:53see109

Смартфон TikTok қа телміретін құрал емес : Президент цифрландырудың пайдасы туралы айтты

23 Тамыз 2026 14:56see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары