Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Дағдарысқа қарсы пакет: экономикадағы сын қатер қалай еңсеріледі

Дағдарысқа қарсы пакет: экономикадағы сын қатер қалай еңсеріледі

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Фермерлерге жағдай жасау

2025 жылдың қаңтарынан Қазақстанда жанар-жағармай бағасын мемлекеттік реттеу жойылып, ақпан айынан бензин, дизель отыны және автогаз нарықтық бағамен сатыла бастады. Нарықты ырықтандыру бағаның өсуіне әкелді.

Жанармай бағасы бір жылда 12 пайыз шамасында, ал қыркүйекте 3,4 пайызға қымбаттады. Ұлттық банктің мәліметінше, бұл жағдай азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша инфляцияны жеделдетіп, 10,8 пайызға жеткізді.

Енді Үкімет инфляция төменгеденше АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын көтеруге мораторий енгізіп жатыр. Премьер-Министр Энергетика министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен, өңір әкімдіктерімен бірлесіп, бағаны бақылау және ішкі нарыққа жанар-жағармайды үзбей жеткізу бойынша тапсырма берді.

— Жанармай бағасы мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтер тарифтерін көтеруге мораторий — бұл қысқа мерзімді тиімді шара, өйткені оның тікелей әкімшілік әсері бар. Ол алты айға енгізілді, бірақ ұзақ мерзімге басқа шаралар қажет. Осы уақыт ішінде нарыққа негізделген жаңа тетіктерді дайындай аламыз деп үміттенемін. Сондай-ақ бағаның одан әрі көтерілуі жағдайында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін шығынның орнын толтыру тетіктерін мұқият пысықтау маңызды, — дейді экономист Олжас Құдайбергенов.

Жанармай құны — азық-түлік бағасына әсер ететін негізгі факторлардың бірі, өйткені бензин мен дизель отынына кеткен шығын логистика мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнына тікелей әсер етеді. Ендігі басты мәселе — жанар-жағармай бағасын көтеруге енгізілген мораторий азық-түліктің одан әрі қымбаттауын тоқтата ала ма?

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, заманауи технологиялар бойынша кеңесші Андрей Агеенко атап өткендей, ауыл шаруашығы өнімдерінің өзіндік құнында жанармайдың үлесі қазір айтарлықтай жоғары — орта есеппен шамамен 20 пайызды құрайды. Ал бұл жанама шығындарды есептемегенде, тікелей шығындарға жатады.

— Кейбір жағдайларда жанармайдың үлесі 30% немесе одан да көп болуы мүмкін, бірақ орташа есеппен 20% шамасында. Тиісінше, жанармай құнының кез келген өзгерісі өнімнің соңғы бағасына тікелей әсер етеді. Осы тауарды кейіннен әрбір адам жоғары бағаға сатып алуға мәжбүр. Егер жанар-жағармай бағасы өседі деп айтылса, тауарлардың, азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы автоматты түрде көтерілетіні анық, — деді сарапшы.

Оның айтуынша, бағаны көтеруге мораторий енгізу шаруаларға өз шығындарын нақты жоспарлауға мүмкіндік береді. Жанар-жағармай бағасының бекітілетініне сенім бар болса, бұл келесі ауыл шаруашылығы маусымына дайындық кезеңінде отынға қатысты тұрақты шығындарды өнімнің өзіндік құнына қосуға мүмкіндік береді.

Басқаша айтқанда, жанармайға кететін шығындарды тұрақтандыру аграрлық сектордағы баға саясатында анық көрсеткіштерді сақтауға көмектеседі.

— Ауыл шаруашылығы өнімінің өзіндік құнына тек жанар-жағармай ғана емес, сонымен қатар тыңайтқыштар, пестицидтер, қосалқы бөлшектер, тұқымдар, жұмыс күші және басқа да компоненттер кіретінін түсіну маңызды, — дейді маман.

Ол Үкімет қабылданған шешімдер қысқа мерзімді перспективада оңтайлы болатынын атап өтті.

— Бұл өз кезегінде дұрыс әрі дер кезінде жасалған қадам, фермерлер үшін тиімді. Өндіріс процесінен басқа қосымша кезеңдері бар, яғни астықты кептіру керек. Жауын-шашын астында қалған астықты кептіру қажет, мұның өзі қосымша шығындарға әкеледі. Мұндай жағдайда жанармай бағасының тұрақтылығы ерекше маңызды, — деді сарапшы.

«Атамекен» ҰКП-ның Басқарушы директоры — Агроөнеркәсіп кешені және тағам өнеркәсібі департаментінің директоры Еркен Наурызбековтің сөзіне қарағанда, дизель отынының бағасын көтеруге мораторий енгізу агроөнеркәсіптік кешенге айтарлықтай әсер етеді.

Қазіргі уақытта егіншілерге литріне 250 теңгеден жеңілдетілген жанар-жағармай бағасы белгіленген, бұл өз кезегінде өнімнің өзіндік құнын азайтуға ықпал етеді. Бұл механизм астық кептіруді және белгілі бір дәрежеде жем-шөп өндіруді де қамтиды, бірақ мал шаруашылығына таралмайды. Соған қарамастан, мораторий фермерлер үшін жақсы белгі болды.

— Бұл механизм мал шаруашылығына қолданылмайды. Мал шаруашылығымен айналысатын фермерлер де шөпті тасымалдау мен жинауға, сондай-ақ шаруашылық ішіндегі жұмыстарға да ауыл шаруашылығы техникасын пайдаланады. Сондықтан мораторий мал шаруашылығымен айналысатындар үшін жақсы ықпал етпек, — деді Еркен Наурызбеков.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық банктің мәліметінше, инфляцияның өсуіне азық-түлік секторы негізгі ықпал етуші сала саналады. Азық-түлік тауарларының бағасы орта есеппен 12,7%-ға өсті.

Жаңа шешімдерді пысықтауға 6 ай бар

Еліміздің дағдарысқа қарсы іс-шаралары аясында тұтынушылардың барлық санаттары үшін коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру тоқтатылды. Шектеулер 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін күшінде болады.

Қазақстандық энергиямен жабдықтаушы ұйымдар қауымдастығының төрағасы Сергей Агафонов бұл өзгерістерді қазіргі кезде қажет шара деп түсіндірді. Ол осының әсері қысқа мерзімді болатынын, бірақ бұл кезеңді көптен күткен тарифтік жүйе реформасын бастау мүмкіндігі ретінде пайдалануға болатынын мәлімдеді.

— Бұл іс-шара үй шаруашылықтарына коммуналдық шығындарын азайтуға, ал кәсіпорындарға электр энергиясы есебінен өнімнің өзіндік құнын сақтауға мүмкіндік береді, — деді сарапшы.

ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, биылғы 16 қазаннан бастап барлық тұтынушы тобы үшін коммуналдық қызметтер тарифтерін көтеру 2026 жылдың І тоқсанының соңына дейін тоқтатылады. Тарифтердің өсуін тежеу табиғи монополиялар субъектілерінің операциялық шығыстарын оңтайландыру есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте ТКШ жүйесі нысандарында жоспарланған барлық жөндеу жұмысы белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс. Айта кету керек, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін тұрғын үй көмегін көрсету тетігі қолданылады.

Сондай-ақ Сергей Агафонов тағы бір маңызды мәселе бүгінде шешімін таппай отырғанын атап өтті, яғни монополистердің қызметтері мемлекеттік реттеуден шығарылған.

— Бұл өз кезегінде жылу жүйесіндегі қысымды тексеру, есептегіштерді тексеру мен ауыстыру және басқа да осыған ұқсас жұмыстарға қатысты. Осы қызметтер ресми реттеуден босатылған, бірақ бұл секторда нақты бәсекелестік пайда болған жоқ. Монополистер үстем жағдайды ұстанып отыр, соның салдарынан халық бағаның айтарлықтай өсуіне үнемі шағымданады. Бұл қызметтер тарифтің құрамына кірмегенімен, алайда инфляцияға ықпал етеді. Сондықтан монополистердің осы нарықтан шығуына жағдай жасап, салада бәсекелестікті дамыту керек немесе бұл қызметтерді мемлекеттік реттеуге қайтару қажет, — деді ол.

Сарапшының пайымынша, нарық бәсекелестік жағдайда дамуы керек. Жылдар бойы тарифтерді қстап тұру коммуналдық сектордағы дағдарысқа әкелген еді. Бұл тұрғыда осы шешімді тарифтер жүйесін реформалаудан іздеу керек.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:176
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қазан 2025 19:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see135

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see130

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see128

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see122

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see122

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see121

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see120

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see120

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары